"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және атқарушы органдары "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 121 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7700 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |