Жаңаөзен әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 454 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2025 жылғы 5 желтоқсанда № 37534 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №138 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4470 болып тіркелген);

      2) "Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №138 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №706 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25896 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.


      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі Ж. Қайнарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады