"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №138 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4470 болып тіркелген);
2) "Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №138 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №706 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25896 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қаласының әкімі | Ж. Қайнарбаев |