Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай - ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 100 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 20 мамырда № 4791-12 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 8 мамырдағы
  № 100 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, (мың теңге)

1

Балық азықтарын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар

1.1

бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары

кило
грамм

27 369

7 800,0

1.2

жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары

23 333

4 900,0

1.3

тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (отандық өндірістің азықтары үшін)

20 000

2 100,0

тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндірістің азықтары үшін)

10 000

1.4

цихлид және олардың будандары

10 000

2 100,0

Барлығы:

16 900,0

2

Балық өсіру материалын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар

2.1

бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары, шабақ (10 граммға дейін)

дана

20 000

5 000,0

2.2

жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары, шабақ (0,5-5 грамм)

60 000

300,0

2.3

тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары, шабақ (30 граммға дейін)

100 000

1 500,0

2.4

цихлид және олардың будандары, шабақ (0,5 – 5 грамм)

30 000

450,0

Барлығы:

7 250,0

3

Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар

дана

2

1 000,0

Барлығы:

1 000,0

4

Дәрілік препараттарды сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар

тонна

10

50,0

Барлығы:

50,0

5

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірі және оларды күтіп-ұстауды сатып алу үшiн шығыстарын өтеуге субсидиялар

5.1

бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары

дарақ

33

1 000,0

5.2

жайын тұқымдас балықтар

100

1 000,0

5.3

цихлид

50

500,0

5.4

тұқы тұқымдас балықтар

100

1 000,0

Барлығы:

3 500,0

Жиынтығы:

28 700,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады