"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы | Ә. Қошалақов |
| Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 284 шешіміне қосымша |
Қармақшы аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 ақпандағы № 149 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4624 болып тіркелген);
2. ""Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 ақпандағы № 149 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 180 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4739 болып тіркелген);
3. ""Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 ақпандағы № 149 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №128 шешімі.
