Қызылорда облысы бойынша басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға 2025 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 100 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 19 мамырда № 8606-11 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға 2025 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы 15 мамырдағы
№ 100 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы бойынша басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға 2025 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары

Басым дақылдардың
тiзбесі

Өлшем бірлігі

1 тоннаға (гектар) субсидиялар нормалары, теңге

1.

Мақсары

тонна

36 847,2

2.

Дәндік жүгері

тонна

23 174,1


Жабық топырақта өсірілетін көкөніс дақылдары:
(бір дақыл айналымына):

3.

Жылытылатын өнеркәсіптік жылыжай кешендері

гектар

13 921 895,7

4.

Фермерлік жылыжайлар

гектар

2 509 765,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады