ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі. және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Осакаров ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/65 "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6449-09 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | К. Саккулаков |
