Қарқаралы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № VI-57/487 "Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 қазандағы № VIII-41/320 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 21 қазанда № 37177 болып тіркелді

      Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы VI-57/487 "Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5910 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      7 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.".

      2. "Қарқаралы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарқаралы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады