"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 264 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6782-09 болып тіркелген).
2. "Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | А. Букенов |
