2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 27/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 мамырда № 6777-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) 2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2) 2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "___"____________2025 жыл

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2025 жылғы 16
мамырдағы
№ 27/01
қаулысына 1-қосымша

2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі

Басым дақылдар атауы

1

Күнбағыс

2

Зығыр

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2025 жылғы 16
мамырдағы
№ 27/01
қаулысына 2-қосымша

2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары

Басым дақылдар атауы

Өлшем бірлігі тонна, гектар

Субсидия нормасы, теңге

1

Күнбағыс

тонна

25 000

2

Зығыр

тонна

5 800


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады