Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабына, "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 37 баптарына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6 баптарына, "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы азаматтарының мынадай жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығы берілсін:
1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.
2. Талдықорған қаласы азаматтарының мынадай жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының елу пайызы көлемінде жеңілдетілген жол жүру құқығы берілсін:
1) екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
3. Қаржыландыру көзі Талдықорған қаласының бюджеті болып айқындалсын.
4. Осы бірлескен шешім және қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қаласының әкімі | Е. Бәзіл |
Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы | Т. Ахажан |