Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 17 тамыздағы № 228 және "Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы № 228 "Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 183 шешімдерінің күштері жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 351 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 қаңтарда № 37808 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 17 тамыздағы №228 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4956 болып тіркелген) шешімі;

      2) Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы № 228 "Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №183 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29890 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы З. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады