Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 наурыздағы № 42-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 31 наурызда № 5267-08 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 62-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4522 болып тіркелген);

      2) "Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы "Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы" № 62-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 77-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4867 болып тіркелген).

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат төрағасы Б. Акбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады