"Қарасай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" бірлескен Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 тамыздағы № 18-5 шешіміне және Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 652 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 36-3 бірлескен шешімі және Қарасай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 208 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 20 мамырда № 6233-05 болып тіркелді

      Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарасай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" бірлескен Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 тамыздағы № 18-5 шешіміне және Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 652 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4330 болып тіркелген) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылып келесі редакцияда жазылсын:


      "9) Райымбек ауылдық округі бойынша:

      Абай ауылының шекарасы (шегі) 58,5575 гектарға өзгертіліп, Абай ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 571,6575 гектар болып белгіленсін;

      10) Жамбыл ауылдық округі бойынша:

      Батан ауылының шекарасы (шегі) 14,0000 гектарға өзгертіліп, Батан ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 223,4912 гектар болып белгіленсін;

      11) Елтай ауылдық округі бойынша:

      Көктоған ауылының шекарасы (шегі) 58,4000 гектарға өзгертіліп, Көктоған ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 115,7900 гектар болып белгіленсін.".

      2. Осы бірлескен Қарасай аудандық мәслихатының шешімі және Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Қарасай аудандық мәслихатының шешімі және Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай ауданының әкімі Ж. Естенов
      Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады