Қаскелең қаласының 19 квартал атауы жоқ көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 42-3 бірлескен шешімі және Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 443 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, 2025 жылғы 05 маусымдағы Қаскелең қаласының тұрғындары мен, жергілікті қоғамдық қауымдастық мүшелерімен өткен жиынының № 1 хаттамасымен қабылданған қаулыға сәйкес, Қаскелең қаласында орналасқан жаңа атауы жоқ көшеге тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып: Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қарасай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының 19 квартал атауы жоқ көшесіне Алтынбек Бөлебаев деп атау берілсін.

      2. Осы бірлескен мәслихаттың шешімі мен әкімдіктің қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдіктің қаулысы олардың ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық мәслихаттың төрағасы____________ Б. Айнабеков
      Қарасай ауданының әкімі________________ Ж. Естенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады