Мұғалжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 386 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 3 маусымда № 8725-04 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Мұғалжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық
мәслихатының төрағасы
К. Ермагамбетов

  Мұғалжар аудандық
мәслихатының 2025 жылғы
29 мамырдағы № 386 шешіміне
қосымша

Мұғалжар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 17 "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8113 болып тіркелген) шешімі;

      2) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 176 "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 17 "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы ( 2022 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      3) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 18 "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 17 "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (2023 жылы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      4) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 58 "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 17 "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (2023 жылы 2 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      5) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 68 "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 17 "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (2023 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады