Қобда ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 318 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 15 мамырда № 8718-04 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда ауданы бойынша 2025 жылға туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады