"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқайың ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында Жарқайың ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жарқайың ауданының Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Жарқайың ауданының "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне және барлық санаттағы жүргізушілеріне лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы | А.Альжанов |