Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 8С19-4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8732-03 тіркелген).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы | К.Шинтемиров |
