Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № А-05/89 және Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 35/3 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 мамырда № 8938-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:

      жасына байланысты зейнеткерлерге;

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға;

      2, 3 топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

      мүгедектігі бар балаларға;

      мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне (заңды өкіліне);

      өз құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға (заңды өкілдерінің біріне);

      көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға.

      2. Қаржыландыру көзі болып Аршалы ауданының бюджеті анықталсын.

      3. Осы бірлескен Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысы және Аршалы аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі Д.Есжанов
      Аудандық мәслихаттың төрағасы А.Балташев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады