БҰЙЫРАМЫН:
1. "Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынған ақпараттардың нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпараттардың нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидалары мен мерзімін бекіту туралы";
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат нысаны жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат нысаны жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты ұсыну қағидалары мен мерзімдері жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Интернет-ресурста орналастырылған: kgd.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Оңалту рәсімін жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысанның атауын қысқаша әріптік-цифрлық білдіру): ОРТБАА-1
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20 __ жылғы _____ тоқсан.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: уақытша әкімші; оңалтуды басқарушы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей.
ЖСН/БСН
![]()
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды).
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде



3



жалғасы


жалғасы

жалғасы

жалғасы



| "Оңалту рәсімінің жүзеге | |
| асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат" әкімшілік деректер нысанын, сондай-ақ оның қосымшаларын (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9) толтыруға арналған түсіндірме (Индекс: ОРТБАА-1, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат (бұдан әрі – ағымдағы ақпарат) ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған нысанның өзінен және оның қосымшаларынан (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9) тұрады.
2. Осы түсіндірме ағымдағы ақпарат нысанын, сондай-ақ оның қосымшаларын (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.
3. Ағымдағы ақпарат кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы және борышкердің кіріс және шығыс бөліктері туралы, сондай-ақ оның мүліктік массасы туралы кредиторлардың қанағаттандырылған талаптары туралы мәліметтерді қамтиды.
2-тарау. Ағымдағы ақпаратты толтыру бойынша түсіндірме
4. Ағымдағы ақпарат келесідей толтырылады:
1-жолда борышкердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
2-жолда ағымдағы ақпарат ұсынылатын кезең (есепті кезең) көрсетіледі;
3-жолда борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы көрсетіледі;
4-жолда ағымдағы ақпараттың түрі (бастапқы, кезекті, қосымша, тарату) көрсетіледі;
5-жолда әкімшінің санаты (уақытша, оңалту) көрсетіледі;
6-жолда оңалтуды басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі;
7-жолда оңалту басқарушысының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
8-жолда соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін туындаған борышкердің міндеттемелерінің жалпы сомасы көрсетіледі;
9-жолда ағымдағы ақпаратқа қоса берілген қосымшалар көрсетіледі;
1-бөлімде оңалту жоспары көздеген түсімдер бөлігіндегі борышкердің кіріс бөлігі туралы мәліметтер көрсетіледі;
2-бөлімде кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кестесінде көзделген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру туралы мәліметтер көрсетіледі;
3-бөлімде оңалту жоспарында көзделген, сондай-ақ нақты есептелген және төленген борышкердің шығыстары туралы ақпарат көрсетіледі;
4-бөлімде ұсынылған мәліметтердің анықтығы мен толықтығы үшін оңалтуды басқарушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі көрсетіледі.
5. Ағымдағы ақпарат нысанына 1-қосымшада мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1-жолда борышкердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2-жолда ағымдағы ақпарат ұсынылатын кезең (есепті кезең);
01.001-жолда уақытша әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
01.002-жолда уақытша әкімшінің сәйкестендіру нөмірі;
01.003-жолда оңалту ісін қозғау туралы ұйғарымның шығарылған күні;
01.004-жолда оңалту ісін қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландырудың уәкілетті органға жіберілген күні;
01.005-жолда оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімінің күні;
01.006-жолда оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күні;
01.007-жолда оңалту жоспарына сәйкес оңалту рәсімінің (жылдармен) мерзімі;
01.008-жолда уақытша әкімшінің кредиторлар талаптары тізілімін және танылмаған талаптар тізбесін уәкілетті органға жіберген күні;
01.009-жолда кредиторлардың бірінші жиналысын өткізу күні;
01.010-жолда кредиторлар жиналысының оңалту жоспарын бекіткен күні;
01.011-жолда кредиторларды оңалту жоспары бекітілген күн;
01.012-жолда оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымының заңды күшіне енген күні;
01.013-жолда оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар кредиторлар жиналысында келісілген күн;
01.014-жолда оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш сотқа жіберілген күн;
01.015-жолда оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы сот ұйғарымының күні;
01.016-жолда оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы сот ұйғарымының заңды күшіне енген күні;
01.017-жолда оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінген күн;
01.018-жолда оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымының күні;
01.019-жолда оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымының заңды күшіне енген күні;
01.020-жолда "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оңалту рәсімін тоқтату негіздері;
01.021-жолда борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытынды жасалған күн;
01.022-жолда оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық туралы іс жүргізудің басталуымен тарату туралы сот шешімі шығарылған күн.
6. Ағымдағы ақпарат нысанына 2-қосымшада борышкердің кредиторлық берешегі туралы мәліметтер, оның ішінде: ЖСН/БСН, кредитордың (бейрезидент) Т.А.Ә./атауы, тізілімге енгізілген кредиторлар талаптарының мөлшері, кредиторлардың қанағаттандырылған талаптары туралы мәліметтер, сондай-ақ оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін туындайтын борышкердің міндеттемелері туралы ақпараттар көрсетіледі.
7. Ағымдағы ақпарат нысанына 3-қосымшада кредиторлар комитетінің (кредиторлар жиналысы) отырысы туралы ақпарат: жиналыс өткізілген күні, қабылданған шешім және дауыс саны көрсетіледі.
8. Ағымдағы ақпарат нысанына 4-қосымша оңалту жоспарының орындалуы туралы мәліметтер:
1-бөлімде оңалту рәсімі барысында, сондай-ақ есепті күн үшін түскен ақшаның жалпы сомасы көрсетіледі;
2-бөлімде оңалту жоспарының кіріс бөлігі, кіріс түрлері мен нақты кірістер;
3-бөлімде кредиторлардың талаптарын кезек бойынша қанағаттандыру кестесінің орындалуы көрсетіледі.
9. Ағымдағы ақпарат нысанына 5-қосымшада борышкердің шығындары туралы ақпарат:
1-бөлімде оңалту жоспарымен бекітілген борышкердің әкімшілік шығындары, есептелген және өтелген шығыстар көрсетіледі;
2-бөлімде ақы төлеу күні мен негізін көрсете отырып, оңалту басқарушысының қосымша сыйақының есептелген және төленген сомасы көрсетіледі.
10. Ағымдағы ақпарат нысанына 6-қосымшада оңалту рәсімін қолдану күніне олардың атауы мен құнын көрсете отырып, борышкердің активтері көрсетіледі. Мүліктің бағалау құны, ол болмаған жағдайда – баланстық құны көрсетілуге тиіс. Шетел валютасындағы ақшалай қаражат түріндегі активтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша көрсетіледі.
11. Ағымдағы ақпарат нысанына 7-қосымшада борышкердің мүлкін сату туралы ақпарат: есептік (баланстық) құны, лоттың минималды бағасы, бастапқы бағасы, сату бағасы, сондай-ақ аукцион өткізілетін күн, өткізу әдісі, сатылған мүліктің атауы және техникалық жағдайы, сатып алушы туралы мәліметтер көрсетіледі.
12. Ағымдағы ақпарат нысанына 8-қосымшада борышкердің мүлкін қайтару туралы ақпарат: қайтарылған мүліктің жалпы құны, қайтарылған мүліктің атауы, қысқаша сипаттамасы және күні көрсетілген.
13. Ағымдағы ақпарат нысанына 9-қосымшада:
1-бөлімде оңалту жоспарында қарастырылған және оңалту рәсімі кезінде туындаған дебиторлық берешектің жалпы сомасы;
2-бөлімде оңалту жоспарымен қарастырылған және оңалту рәсімі кезінде туындаған борышкердің жиналған қарыздарының жалпы сомасы;
3-бөлімде борышкердің оңалту жоспарымен қарастырылған және оңалту рәсімі кезінде туындаған жалпы сомасы;
4-бөлімде оңалту жоспарында қарастырылған және оңалту рәсімі кезінде туындаған алынбаған дебиторлық берешек балансының жалпы сомасы көрсетілген борышкердің дебиторлық берешегін өндіріп алу және есептен шығару шаралары көрсетіледі.
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрi;
КЖ – кредиторлар жиналысы;
КК – кредиторлар комитеті;
млн. – миллион;
млрд. – миллиард;
мың. – мың;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Интернет-ресурста орналастырылған: kgd.gov.kz
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның атауы: Банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысанның атауын қысқаша әріптік-цифрлық білдіру): БРТБАА-2.
Мерзімділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20 __ жылғы _____ тоқсан.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: банкроттық саласындағы уақытша және банкроттықты басқарушы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей.
ЖСН/БСН
![]()
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды).
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде

жалғасы


жалғасы






жалғасы

жалғасы

жалғасы

жалғасы




| "Банкроттық рәсімінің жүзеге | |
| асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат" нысанын, сондай-ақ оның қосымшаларын (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8) толтыруға арналған түсіндірме (Индекс: БРТБАА-2; кезеңділігі: тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат (бұдан әрі – ағымдағы ақпарат) ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған нысанның өзінен және оның қосымшаларынан (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8) тұрады.
2. Осы түсіндірме ағымдағы ақпарат нысанын, сондай-ақ оның (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8) қосымшаларын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.
3. Ағымдағы ақпарат кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген және қанағаттандырылған талаптар сомалары, борышкердің кіріс және шығыс бөліктері, сондай-ақ оның мүліктік массасы туралы мәліметтерді қамтиды.
2-тарау. Ағымдағы ақпаратты толтыру бойынша түсіндірме
4. Ағымдағы ақпарат келесідей толтырылады:
1-жолда банкроттың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
2-жолда ағымдағы ақпарат ұсынылатын кезең (есепті кезең) көрсетіледі;
3-жолда банкроттың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы көрсетіледі;
4-жолда ағымдағы ақпараттың түрі (бастапқы, кезекті, қосымша, тарату) көрсетіледі;
5-жолда әкімшінің санаты (уақытша, банкроттықты басқарушы) көрсетіледі;
6-жолда уақытша басқарушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі;
7-жолда уақытша басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
8-жолда уақытша басқарушы өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалған күні/салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға таңдаған уақытша басқарушы ретінде тағайындау туралы бұйрықтың күні көрсетіледі;
9-жолда банкроттықты басқарушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
10-жолда банкроттықты басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі;
11-жолда ағымдағы ақпаратқа ұсынылған қосымшалар көрсетіледі;
12-жолда егер банкрот астық қабылдау кәсіпорны болып табылған жағдайда белгі көрсетіледі;
1-бөлімде банкроттың мүлік массасы туралы мәліметтер, сондай-ақ есепті кезеңдегі банкроттың мүлік массасының қалдығы көрсетіледі. Мүліктің бағалау құны, ол болмаған жағдайда – баланстық құны көрсетілуге жатады. Шетел валютасындағы ақша қаражаты түріндегі активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша көрсетіледі.
2-бөлімде банкроттық рәсімі барысында түскен жалпы сома көрсетіледі, оның ішінде мүлікті өткізу нәтижесінде алынған қаражат: дебиторлық берешекті және қайтарылған мүлікті есепке алмағанда алынған түсім, дебиторлық берешекті өндіріп алу және өткізу нәтижесінде түскен түсім, қайтарылған мүлікті өткізу нәтижесінде алынған қаражат, мүлікті заттай түрінде беру арқылы түскен түсім, өндірістік қызметтен және жалға беруден түскен қаражат, өзге де ақша түсімдері, субсидиарлық жауапкершілікке тартылған тұлғалардан өндірілген сомалар көрсетіледі.
3-бөлімде кредиторлар комитеті бекіткен банкроттың шығыстары көрсетіледі;
4-бөлімде кредиторлық берешек туралы мәліметтер, яғни есепті күнге тізілімге енгізілген және есепті кезеңде кезектер бөлінісінде қанағаттандырылған кредиторлар талаптарының сомасы көрсетіледі;
5-бөлімде басқарушының ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілігі көрсетіледі.
5. Ағымдағы ақпарат нысанына 1-қосымшада мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1-бөлімде банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы жалпы ақпарат көрсетіледі, атап айтқанда:
01.001-жолда банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күн;
01.002- жолда банкроттық рәсімінің бастаушы;
01.003-жолда банкроттық туралы іс жүргізуді бастау туралы хабарландыруды ұсынған күн және кредиторлардың талап қою тәртібі;
01.004-жолда қаржылық тұрақтылық туралы қорытынды ұсынылған күні;
01.005-жолда банкрот туралы сот шешімінің күні;
01.006-жолда банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күні;
01.007-жолда кредиторлар талаптарының тізіліміне уәкілетті органға жолданған күн;
01.008-жолда кредиторлардың бірінші жиналысын өткізу күні;
01.009-жолда мүліктік массаны түгендеу бойынша есепті ұсыну күні;
01.010-жолда түгендеу, жаңадан анықталған не банкротқа қайтарылған мүлік бойынша есепті ұсыну күні;
01.011-жолда уақытша басқарушы құрылтайшылық, қаржылық, құқық белгілеу және басқа құжаттарды және шеттетілген лауазымды адамдардан борышкердің мөрін қабылдаған күн;
01.012-жолда жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға/банкроттық басқарушыға құрылтай құжаттары берілген күн;
01.013-жолда сотқа өтініш жіберілген күн (банкроттық құжаттарды ұсынбаған жағдайда);
01.014-жолда кредиторлар санын көрсете отырып, кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күн;
01.015-жолда кредиторлар комитетімен шарт жасалған күн;
01.016-жолда банкроттық туралы іс жүргізудің жарамдылық мерзімі;
01.017-жолда кредиторлар жиналысының банкроттық рәсімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күні;
01.018-жолда банкроттық рәсімді аяқтау туралы сот ұйғарымы;
01.019-жолда соттың банкроттық рәсімді аяқтау туралы шешімнің заңды күшіне енген күні;
01.020-жолда банкроттық басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытынды жасаған күні;
01.021-жол соттың банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім қабылдаған күні;
2-бөлімде банкроттық рәсіміне бастамашылық жасаған тұлғалар туралы мәліметтер, атап айтқанда:
талаптары банкроттың қойылған мүлкімен қамтамасыз етілген борышкер, кредиторлар, мемлекеттік органдар (оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары) немесе прокурор және басқа кредиторлар.
6. Ағымдағы ақпарат нысанына 2-қосымшада жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес-сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/кредитордың (бейрезидент) атауын, тізілімге енгізілген кредиторлар талаптарының сомасын, кредиторлардың қанағаттандырылған талаптары туралы мәліметтерді көрсететін банкроттың кредиторлық берешегі туралы мәліметтер, сондай-ақ кредиторлар комитетінің құрамы туралы мәліметтер.
7. Ағымдағы ақпарат нысанына 3-қосымшада кредиторлар комитетінің (кредиторлар жиналысының) өткізілген отырыстары туралы ақпарат: өткізілген күні, күн тәртібі, қабылданған шешім және дауыс саны көрсетіледі.
8. Ағымдағы ақпарат нысанына 4-қосымшада банкроттың мүліктік массасы туралы мәліметтер көрсетіледі:
1-бөлімде мүліктік массаның жалпы құны туралы мәліметтер (бағалау есебі бойынша, ал ол болмаған жағдайда – баланстық құны бойынша), кепіл мүлкінің және қайтарылған мүліктің құны, сондай-ақ банкроттық рәсімі барысында мүліктік массаны өткізу нәтижесінде алынған сома және дебиторлық берешек (номиналды мөлшері) туралы ақпарат;
2-бөлімде іске асырылған мүлік туралы мәліметтер, сондай-ақ бағалау есебі бойынша, ал ол болмаған жағдайда – баланстық құны көрсетіле отырып, мүліктің не ақша қаражатының меншік иесіне, қатысушыларға (құрылтайшыларға) берілгені туралы ақпарат;
3-бөлімде есептен шығарылған дебиторлық берешек туралы ақпарат.
9. Ағымдағы ақпарат нысанына 5-қосымшада әкімшілік шығыстар көрсетілген:
1-бөлімде банкроттың есептелген және өтелген әкімшілік шығындары туралы, тартылған қызметкерлердің саны көрсетіле отырып, сондай-ақ бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы мәліметтер көрсетіледі.
2-бөлімде тартылған қызметкерлердің жалақысы туралы мәліметтер, оның ішінде мамандығы, сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ есептелген және өтелген жалақы сомалары көрсетіледі.
3-бөлімде банкроттық рәсімі шеңберінде тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер жеткізушілері туралы мәліметтер, оның ішінде жеткізушілер туралы деректер, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлері, сондай-ақ алынған тауарлар мен қызметтер үшін аударылған ақша сомасы көрсетіледі;
4-бөлімде есептелген және өтелген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы мәліметтер;
5-бөлімде төлем күні және негізі көрсетіле отырып, банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысының есептелген және төленген сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі;
10. Ағымдағы ақпарат нысанына 6-қосымшада банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін 3 (үш) жыл ішінде жасалған мәмілелер туралы ақпарат, иеліктен шығарылған активтер, оларды сатып алушылар туралы, заң бұзушылық белгілері болған жағдайда және мүліктің қайтарылуы туралы мәліметтер көрсетілген.
11. Ағымдағы ақпарат нысанына 7-қосымшада әдейі банкроттық белгілерін анықтау бойынша, сондай-ақ оларды анықтау үшін қабылданған шаралар ақпарат көрсетіледі.
12. Ағымдағы ақпарат нысанына 8-қосымшада субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы ақпарат, атап айтқанда сот шешімдері, сот шешімі бойынша өндіріп алынған сомалар және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған сомалар көрсетіледі.
Ескертпе:
аббревиатураларды ашып жазу:
АП – атқару парағы;
БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi
ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрi
ЖК – жеке кәсіпкер;
КЖ – кредиторлар жиналысы;
КК – кредиторлар комитеті;
млн. – миллион;
млрд. – миллиард;
мың – мың;
ТС – тікелей сату;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе).
ЭСС – электрондық сауда-саттық.
Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпараттарды ұсыну қағидалары мен мерзімі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпараттарды ұсыну қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оңалтуды, уақытша және банкроттық басқарушылардың (бұдан әрі – әкімші) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпараттарды (бұдан әрі – ағымдағы ақпарат) ұсыну тәртібін және мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидалар шеңберінде пайдаланылатын ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпараттарды ұсыну тәртібі және мерзімдері
3. Борышкерді банкрот деп тану және (немесе) оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін әкімші осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Әкімші ағымдағы ақпаратта көрсетілген мәліметтерді есепті кезеңге өспелі қорытындымен растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы ақпаратты ұсынады.
Бұрын мемлекеттік кірістер органына жолданғанын растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Ағымдағы ақпаратқа жаңадан енгізілген мәліметтер бойынша растайтын құжаттар ұсынылады.
4. Ағымдағы ақпарат нысанның өзінен және ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан тұрады.
5. Ағымдағы ақпарат мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы – ағымдағы ақпаратты ұсыну жөніндегі міндет туындайтын кезең үшін ұсынылатын нысан;
2) кезекті – бастапқы нысан ұсынылғаннан кейін кейінгі кезеңдер үшін ұсынылатын нысан;
3) қосымша – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын кезең үшін бұрын ұсынылған нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ұсынылатын нысан;
4) тарату – борышкердің қызметі тоқтатылған, таратылған кезде ұсынылатын нысан.
6. Ағымдағы ақпаратқа қоса берілетін қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер болмаған жағдайда, олар ұсынылмайды.
7. Ағымдағы ақпаратқа қоса берілетін қосымша бетінде көзделген жолдар саны көрсеткіштердің нақты санынан аз болған кезде, ағымдағы ақпараттың қосымшасының осыған ұқсас қосымша беті қосымша толтырылады.
8. Әкімші ұсынатын ағымдағы ақпаратқа қағаз жеткізгіште әкімші қол қояды және борышкердің мөрімен (ол болған жағдайда) және (немесе) электрондық нысанда – борышкердің немесе әкімшінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) уәкілетті органның knp.kgd.gov.kz интернет-ресурсының веб-қосымшасы арқылы (бұдан әрі – веб-қосымша) куәландырылады.
9. Ағымдағы ақпаратты қағаз жеткізгіште толтыру кезінде түзетулерге, өшірулерге және шимайларға жол берілмейді.
10. Әкімші ұсынатын ағымдағы ақпаратты беру тәсіліне байланысты:
1) мемлекеттік кірістер органының ағымдағы ақпаратты келу тәртібінде қабылдаған;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта немесе өзге байланыс ұйымының ағымдағы ақпаратты қабылдауы туралы белгі қойылған;
3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық нысанда берілген жағдайда, веб-қосымшада ағымдағы ақпараттың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алынған күні оның ұсынылған күні болып табылады.
11. Әкімші сомалар өзгерген не өзге де деректер өзгерген кезде осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар жататын кезең үшін қосымша нысанды ұсыну жолымен бұрын ұсынылған ағымдағы ақпаратқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді.
Қосымша нысанда тиісті жолдар бойынша:
сомалар өзгерген жағдайда – бұрын ұсынылған ағымдағы ақпаратта көрсетілген сомалар мен кезеңнің нақты деректері арасындағы айырма;
қалған деректер өзгерген жағдайда – деректің жаңа мәні көрсетіледі.
12. Қорытынды есеп бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімші оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру барысы туралы тарату ағымдағы ақпаратты мемлекеттік кірістер органына, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген әдіспен ұсынады.
3-тарау. Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпараттарды кері қайтарып алу тәртібі
13. Әкімші қайтарып алынатын ағымдағы ақпараттың себебін белгілей отырып, ағымдағы ақпаратты кері қайтарып алу туралы өтініш беру арқылы жою немесе өзгерту әдісімен бұрын ұсынылған ағымдағы ақпаратты кері қайтарып алады.
Ағымдағы ақпаратты кері қайтарып алу ол белгіленген нысанға сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ өтініште көрсетілуге жататын өзге де мән-жайлар болған жағдайда жүргізіледі.
14. Ағымдағы ақпаратты қайтарып алу туралы өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады және мемлекеттік кірістер органына беріледі.
15. Ағымдағы ақпаратты кері қайтарып алу туралы өтінішті әкімші Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілмен ұсынады. Кері қайтарып алу туралы өтініш берілген күн осы Қағидалардың 10-тармағында айқындалады.
4-тарау. Әкімшінің сұрау салынатын ақпараттарды ұсыну тәртібі және мерзімдері
16. Мемлекеттік кірістер органының осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұрау салуы негізінде, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі осы сұрау салудың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әкімші сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік кірістер органына әкімшінің оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұрау салуды орындауы туралы түсіндірмені (бұдан әрі – түсіндірме) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
17. Әкімшінің оны ұсыну тәсіліне қарай:
1) мемлекеттік кірістердің органның түсіндірмені өзі келу тәртібімен қабылдаған;
2) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының түсіндірмені хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қабылдағаны туралы белгі қойған;
3) түсіндірме ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынылған жағдайда, оның веб-қосымшада түсіндірменің жеткізілгені туралы хабарламаны алу күні оны ұсыну күні болып табылады.
18. Түсіндірмеге әкімші қағаз жеткізгіште және (немесе) ЭЦҚ қолдана отырып электрондық нысанда қол қояды.
| Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау | |
| салынатын ақпараттарды | |
| ұсыну қағидалары мен мерзіміне | |
| 1-қосымша | |
| Нысан |

| Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау | |
| салынатын ақпараттарды ұсыну | |
| қағидалары мен мерзіміне | |
| 2-қосымша | |
| Нысан |
Әкімшінің оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпараттарды ұсыну туралы сұрау салуды орындауы туралы түсіндірме
1. Мемлекеттік кірістердің органы сұрау салуының нөмірі және күні:
________________________________________________________________
2. Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе): ________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Әкімшінің жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________________
__________________________________________________________________
4. Борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе) не толық атауы: __________________________
__________________________________________________________________
5. Борышкердің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі:
___________________________________________________________________
6. Сұрау салуды жолдаған мемлекеттік кірістер органының атауы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Уәкілетті органның оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге
асырылу барысы туралы сұрау салынған ақпараттары бойынша түсіндірме:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
8. Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Әкімшінің қолы:__________________________
Түсіндірме берілген күні: 20 ___ жылғы " ___" ______________