Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 94 - н/қ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу тәртібі
2. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны мынадай тікелей пайдаланылатын шығыстарды қамтиды:
1) қызмет беруге тікелей қатысатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;
3) қосылған құн салығы;
4) зерттеуді жүзеге асыратын ұйымдар персоналының іссапар шығыстары (ел ішіндегі қызметтік сапарлар);
5) сыртқы сарапшыларды тарту;
6) материалдарды сатып алу (шығыс материалдары, кеңсе тауарлары);
7) байланыс қызметтері;
8) көлік қызметтері;
9) полиграфиялық шығыстар (бланкілік өнімдерді: сауалнамаларды, маршруттық парақтарды, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын тираждау, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);
10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
11) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларына қол жеткізу;
12) аударма қызметтері.
3. Зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін бюджеттік сұранымды қалыптастыру кезінде шығыстардың әрбір бабы негіздеуші құжаттармен (орындаушының штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде үш баға ұсынысы) расталады.