"Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 425 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 желтоқсанда № 37621 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мент арнаулы сұйықтықтарды сақтау, кұйюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11678 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, кұйюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында (бұдан әрі – ААҰ) авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) авиаЖЖМ – авиациялық техниканы пайдалану кезінде қолданылатын барлық маркалы отын, май, жағармай және арнаулы сұйықтықтардың жалпы атауы;

      2) авиаЖЖМ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (бұдан әрі – авиаЖЖМ НҚ) – авиаЖЖМ саласындағы қызметке нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды, қағидаттарды немесе оның нәтижелеріне қатысты белгілейтін құжаттар;

      3) сапа паспорты – авиаЖЖМ сапасының көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың оң нәтижелері кезінде ЖЖМ зертханасы беретін құжат және қоймаға қабылданған өнім белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігін және азаматтық авиацияның әуе кемелеріне құюға беруге жарамды екендігін растайды.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      56, 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Мұз қатуға қарсы сұйықтықтарды қабылдау, сақтау, беру және олардың сапасын бақылау "Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32037 болып тіркелген).

      57. Мұздануға қарсы сұйықтықтардың сапа көрсеткіштерін тексеруді өлшеулердің жай-күйін бағалау туралы куәлігі бар әуежайдың ЖЖМ зертханасымен немесе өлшеулердің осы түріне аккредиттеу аттестаты бар зертханасында жүргізуге рұқсат етіледі.";

      59-тармақ алып тасталсын;

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Әуежайлар мен авиакомпанияларына ЖЖМ мен сұйықтықтарды сатып алу саны мен сақтау мерзімі бойынша нормаланған қормен жасалады. Әуежайлар мен авиакомпанияларды отынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдардың қоймаларына жеткізілетін пластикалық жағармайлар, гидрожүйелерге арналған сұйықтық, синтетикалық майлайтын майлар массасы 1 – 20 кг-ға дейін кішкентай ыдыста сақталады. Цистерналарда немесе танкерлерде келіп түсетін отындар, бензиндер, минералды майлар, СКҚ сұйықтықтары металды көлденең және тік резервуарларда сақталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 425 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиация
ұйымдарында авиациялық
жанар-жағармай материалдары
мен арнаулы сұйықтықтарды
сақтау, құюға беруге дайындау
және олардың сапасына бақылау
жүргізу қағидасына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиаЖЖМ-нің сапасын бақылау

БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ

КІРІС

ҚАБЫЛДАУ

Талдаулар

Тексерулер

Жиілігі

Қоймаға қабылдау үшін негіз

Талдаулар

Тексерулер

Жиілігі

Жанар-жағар майды құюды дайындау үшін негіз

1

2

3

4

5

6

7

8

АВИАЦИЯЛЫҚ КЕРОСИН

Салмақтық тығыздығы

Қабылдау резервуарындағы және жеткізу құралдарындағы тазалығы.
Сыртқы түрі.
Ілеспе құжатт ма. Дайындаушның (өнім берушінің) паспорты

Әр партияның келіп түсуі және оны қабылдау кезінде

Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім

Салмақтық тығыздығы Фракциялық құрамы.
Тұтқырлықтары.
Қышқылдары.
Жабық тигельдегі оталу температурасы.
Кристалдануы басталған кездегі температурасы.*
Нақты шайырдың құрамы.
ВКЩ-ның сумен өзара іс-қимылы

Резервуардағы тазалық.
Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім берушінің) паспортының және авиаЖЖМ НҚ-ның сәйкес келуі

Толтыру (қабылдау) аяқталғаннан) кейін басқа партия өнімін әр үстемелеп құюдан кейін. 12 айдан кейін.

Сапа паспортының қорытыңдысы

1

2

3

4

5

6

7

8

АВИАЦИЯЛЫҚ БЕНЗИН

Салмақтық тығыздығы

Қабылдау резервуарындағы және жеткізу құралдарындағы тазалығы.
Түстері мен ашықтығы.
Ілеспе құжаттама.
Дайыңдаушының (өнім берушінің) паспорты

Әр партияның келіп түсуі және оны қабылдау кезінде

Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім

Салмақтық тығыздығы ОЭЖ құрамы. Фракциялық құрамы.
Нақты шайырдың мөлшері.
ВКЩ-ның құрамы

Резервуардағы тазалық.
Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім берушінің) паспортының және авиаЖЖМ НҚ-ның сәйкес келуі

Резервуарды толтыру (қабылдау аяқталғаннан) аяқталғаннан кейін 12 айдан кейін.

Сапа паспортының қорытынды сы

БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ

ҚОЙМАЛЫҚ

ӘУЕАЙЛАҚТЫҚ

Талдаулар

Тексерулер

Жиілігі

Қоймаға қабылдау үшін негіз

Талдаулар

Тексерулер

Жиілігі

Жанар-жағар майды құюды дайындау үшін негіз

АВИАЦИЯЛЫҚ КЕРОСИН

Салмақтық тығыздығы
Фракциялық құрамы
Жабық тигельдегі оталу температурасы.
Суда ерігіш қышқылдардың мөлшері

Резервуардағы тазалық.
Талдау нәтижелерінің өнімге авиаЖЖМ НҚ-ға және жарамдылық талдауына сәйкес келуі

6 айдан кейін

Талдау нәтижелері журналындағы қорытынды

Салмақтық тығыздығы СКҚЖ-ның мөлшері

Шығыс резервуарындағы, тазарту және құю құралындағы тазалық.

Осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес

Бақылау талонының болуы

АВИАЦИЯЛЫҚ БЕНЗИН

Салмақтық тығыздығы. Октандық сан.**
Фракциялық құрамы.
Нақты шайырдың құрамы.
ВКЩ-ның құрамы

Қабылдау резервуарындағы және жеткізу құралындағы тазалығы.
Түстері мен ашықтығы.
Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім берушінің) паспортының авиаЖЖМ НҚ сәйкес келуі

6 айдан
кейін

Талдау нәтижелері журналындағы қорытынды

Салмақтық тығыздығы

Шығыс резервуарындағы, тазарту және құю құралындағы тазалығы.

Осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес.

Бақылау талонының болуы

АВИАЦИЯЛЫҚ МАЙЛАР

Салмақтық тығыздығы

Қабылдау резервуардағы және жеткізу құралындағы тазалы ғы.
Түстері мен ашықтығы.
Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім берушінің) паспортының және авиаЖЖМ НҚ сәйкес келуі

Әр топтаманың келіп түсуі және оны қабылдау кезінде

Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім

Салмақтық тығыздығы.
Судың мөлшері.
Мехқоспалар.
Тұтқырлығы.
Жабық тигельдегі
(немесе жабық)
оталу температурасы.
Консуемосттар.***
ВКЩ-ның құрамы

Резервуардағы тазалығы.
Талдау нәтижелерінің дайындаушының (өнім берушінің) паспортына немесе май қоспалары талаптарына сәйкес келуі

Қабылдау (резервуарды толтыру, май қоспаларын дайындау кезін де) аяқталғаннан кейін.
Басқа партия өнімін әр үстемелеп құюдан кейін. 12 айдан кейін.

Сапа паспортының қорытындысы

ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖАҒАРМАЙЛАР

Жүргізілмейді

Ілеспе құжаттама.
Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты

Әр топтаманың келіп түсуі және оны қабылдау кезінде

Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім

Сыртқы түрі.
Судың құрамы.
Мехқоспалардың құрамы.
Тамшылау *** темпе ратурасы.
Еркін сілтілер мен органикалық қышқылдардың құрамы.
Колиодті (егер ТУ-да көзделсе)
тұрақтылығы.

Ыдыстарды сақтауы.
Кепілдік мерзімі

Ыдыстардың тұмшалануы бұзылған кезде

Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.
Сапа паспорты.

СКҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ

Салмақтық
тығыздығы.
Судың құрамы.
Еритін ластаушылардың құрамы.
Еритін металдардың құрамы

Сыртқы түрі.
Ілеспе құжаттама.
Талдау нәтижелері мен дайындаушы (өнім беруші) паспортының сәйкес келуі. Дайындаушының (өнім берушінің паспорты)
Қабылдау құбыржолында СҚҚС қалдықтарының болмауы.

Әр паспорттың
келіп түсуі және оны қабылдау кезінде

Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім

Салмақтық тығыздығы.
Судың құрамы.
Еритін ластаушылардың құрамы.
Еритін ластаушылардың болуы.
Еритін металдарды қосу құрамы.
Мехқоспалар.

Талдау нәтижелері мен дайындаушы (өнім беруші) паспортының сәйкес келуі.

Резервуарды толтыру аяқталғаннан (қабылдау аяқталғаннан) кейін.
Басқа партия өнімін үстемелеп құюдан кейін.
6 айдан кейін.

Сапа паспортының қорытындысы

АВИА МАЙЛАР

Салмақтықтығыздығы.
Тұтқырлығы.
Ашық (жабық) тигельдегі оталу температурасы.
ВКЩ-ның құрамы

Резервуардағы тазалығы.
Талдау нәтижелерінің ТУ, авиаЖЖМ НҚ талаптарына немесе май қоспалары талаптарына сәйкес келуі.
Жарамдылық талдауына сәйкес келуі.

6 айдан кейін.
Қабылдау мен қоймалық бақылауды жүргізу арасындағы аралықта жұмсалуы туралы шешім қабылдау кезінде.

Жарамдылық талдауының қорытындысы

Салмақтық тығыздығы.

Шығыс резервуарындағы (май станциясы бойлеріндегі) тазалығы, МҚ.


Бақылау талонының болуы.

ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖАҒАРМАЙЛАР

Жүргізілмейді

Ыдыстарды сақтауы.
Кепілдік мерзімі.

10 күнде 1 рет.

Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім

Жүргізілмейді

Жүргізілмейді

Жүргізілмейді

Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.

СКҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ

Салмақтық тығыздылығы.
Судың құрамы

Сыртқы түрі.
Талдау нәтижелерінің өнімге авиаЖЖМ НҚ-ға және беруге жарамдылық талдауына сәйкес келуі

3 айдан кейін.
Қабылдау мен қоймалық бақылауды жүргізу арасындағы аралықта жұмсауды бастау туралы шешім қабылдау кезінде.

Жарамдылық талдауының қорытын дысы.

Жүргізілмейді

Жүргізілмейді

Жүргізілмейді

Талдау нәтижелері бойынша шешім.

ЖҰМЫС СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ

Жүргізілмейді

Ілеспе құжаттама.
Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.
Ыдыстың сақталуы.

Әр ыдысты қабылдау кезінде.

Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім.

Салмақтық тығыздығы.
Сыртқы түрі. 50оС кезіндегі тұтқырлығы.
Ашық тигельдегі оталу температурасы.
Мехқоспалар мен судың құрамы.
Қышқылдық саны.

Ыдыстарды сақтау. Кепілдік мерзімі.

Ыдыстардың тұмшалануы бұзылған кезінде.

Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.
Сапа паспортының қорытындысы.

ЖҰМЫС СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ

Жүргізіл мейді

Ыдыстың сақталуы.
Кепілдік мерзімі

10 күнде 1 рет.

Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім

Жүргізілмейді

Жүргізілмейді.

Жүргізілмейді

Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.

МҰЗ ҚАТУҒА ҚАРСЫ СҰЙЫҚТЫҚТАР

Бақылау түрлері

Мұз қатуға қарсы сұйықтықтарды қабылдау кезінде (әр партиядан алынған сынамалар)

"Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі Қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына сәйкес мұздануға қарсы сұйықтықтардың сапасын тексеру мұз қатуға қарсы өңдеу маусымы басталар алдында және оның ішінде жүргізіледі (сынамалар, сұйықтық сақталған резервуарлардан (сыйымдылықтардан), пайдаланылатын мұз қатуға қарсы машинаның саптамалары мен бактарынан, олардағы сұйықтықтың ластануына күдік болған жағдайда сыйымдылықтардан алынады.

Талдаулар

Тексерулер

Жиілігі

Қоймаға қабылдау үшін негіз

Талдау

Тексерулер

Жиілігі

Қоймаға қабылдау үшін негіз

1) сұйықтықтың сыртқы көрінісі;
2) сыну көрсеткіші;
3) рН (сутегі көрсеткіші);
4) II, III және IV түрдегі сұйықтықтардың тұтқырлығын талдау.

1) сапа паспорттарының, сұйықтықтардың сәйкестік сертификаттарының болуы және сәйкестігі;
2) жеткізілетін сұйықтықтың атауы (маркасы) әрбір сыйымдылықтың өнім жапсырмаларына сәйкес келеді;
3) жеткізілетін сұйықтықтың концентрациясы әрбір сыйымдылық үшін өнім жапсырмаларына сәйкес келеді;
4) сұйықтық өндірушіден контейнерді (әрбір контейнерге) тазалау сертификатының болуы
5) сұйықтық көрсеткіштерін зертханалық талдау нәтижелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі

Әр партияны қабылдау және қабылдау кезінде.

Зертхананың шешімі. Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім

1) сұйықтықтың сыртқы көрінісі;
2) сыну көрсеткіші;
3) рН (сутегі көрсеткіші);
4) II, III және IV түрдегі сұйықтықтардың тұтқырлығын талдау.

Белгіленген талаптарға зертханалық талдау нәтижелерін тексеру

Мұз қатуға қарсы өңдеу маусымы басталғанға дейін және маусым ішінде кемінде 1 рет, сондай-ақ сұйықтықтың ластануына күдік болған жағдайда

Зертхананың шешімі. Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім

      ЕСКЕРТПЕ:

      * тексерілген көрсеткіш МЕМСТ талаптарына сәйкес келгенде, бірақ авиакәсіпорын ЖЖМ зертханасының талдау нәтижелері мен дайындаушының (өнім берушінің) паспортының деректері арасында өрбу шегінен шығатын айырмашылық болғанда, магистральдық құбыржолдар бойынша авиаЖЖМ-нің әр түрін араластырып (біртіндеп) айдау және су тасымалдау кезінде; (авиаЖЖМ НҚ) I ауданда орналасқан авиакәсіпорындарда анықталады.

      ** талдау 1 жыл сақтау мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі

      *** поршеньді қозғалтқыштарға арналған майлар үшін анықталады

      *** қорғаныс және нығыздаған майлар үшін анықталады.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

      Осы кесте авиаЖЖМ-ді құюға беруге дайындаудың технологиялық үдерісінің құрамдас бөлігін білдіреді және лауазымдық нұсқаулықтары мен міндеттеріне сәйкес санамаланған операцияларды тікелей орындайтын инженер-техник қызметкерлерге арналған және авиакәсіпорынның ішкі құжаты болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады