"Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 11-1-4/730 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 желтоқсанда № 37575 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16354 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді. Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің түпнұсқасы алынып қояды.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 11-1-4/149 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20627 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының шет елде жүрген азаматына паспорт дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;

      3) алимент алушы отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда, шығатын адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісім ұсынылады. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шығатын адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не шығатын адамның шығып кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісі анықталғаны туралы соттың шешімін береді;

      4) егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса – "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылғанын растайтын құжаттар;

      5) Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының он жасқа толған баланың ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге шығу туралы шешiм қабылданған кездегі пiкiрiн есепке алу туралы қорытындысы;

      6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары тұрақты тұруға баланың заңды өкілдерінің бірімен бірге шығатын кезде баланың Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екінші заңды өкілінің нотариалды түрде расталған келісімі болуы қажет. Келісім болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланың шығуына сот тәртібімен рұқсат етілуі мүмкін;

      7) консулдық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берiлмейдi.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада берілген.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ішкі істер органы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат ресімдеуден алдын ала бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ішкі істер органынан бас тарту туралы жазбаша хабарлама келіп түскен және (немесе) "Бүркіт" БАЖ-ға белгі қойылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жобасын жолдайды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан кемі 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылық береді немесе білдіреді.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешімге қарсылықтары болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылықтар түссе, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған қарсылықтармен бірге ұсынылған материалдарды (олар бар болса) (бұдан әрі – материалдар) ішкі істер органының қарауына жібереді.

      Қарсылықтар мен материалдарды алғаннан кейін ішкі істер органы оларды қарастырады және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді.

      Ішкі істер органы қарсылықтары бар материалдарды қарау қорытындылары бойынша оң шешім қабылдаса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсаттың ресімделгені туралы хабарлама береді.

      Ішкі істер органы қарсылықтары бар материалдарды қарағаннан кейін бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ішкі істер органының хабарламасы келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолдайды.";

      көрсетілген қағидаларға "Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі";

      реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді. Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынып қояды.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 11-1-4/149 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20627 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының шет елде жүрген азаматына паспорт дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;
3) алимент алушы отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда, шығатын адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісім ұсынылады. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шығатын адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не шығатын адамның шығып кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісі анықталғаны туралы соттың шешімін береді;
4) егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса – "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылғанын растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының он жасқа толған баланың ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге шығу туралы шешiм қабылданған кездегі пiкiрiн есепке алу туралы қорытындысы;
6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары тұрақты тұруға баланың заңды өкілдерінің бiрiмен бiрге шығатын кезде баланың Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi заңды өкілінің нотариалды түрде расталған келiсiмi болуы қажет. Келiсiм болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланың шығуына сот тәртiбiмен рұқсат етілуі мүмкін;
7) консулдық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздері

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
Е. Ашикбаев

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады