"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 92 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37564 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27113 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 92

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заң) 11-бабының 3-2-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес әзірленді және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.

      2. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңда көрсетілген мәндерде пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті зерделенуге жататын операция (мәміле);

      2) бенефициарлық меншік иесі – бұл:

      клиенттің - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;

      клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;

      оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;

      3) бөлінген байланыс арнасы – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның платформасында тіркелу арқылы ұйымның электрондық өзара іс-қимыл тәсілі;

      4) біржолғы операция (мәміле) – ұйымның клиенттің қолма-қол шетел валютасын сатып алуы, сатуы немесе айырбастауы, айырбастау пункті арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алуы және (немесе) сатуы түріндегі қызметтерді ұсынуы жөніндегі қарым-қатынастар;

      5) жария лауазымды адам:

      жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам;

      лауазымды адам;

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам;

      мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам;

      шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам;

      шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын адам;

      халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде мемлекеттер құрған ұйымдарда басшы лауазымын атқаратын адам;

      6) жеке кабинет – пайдаланушының (қаржы мониторингі субъектісінің) уәкілетті органның Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде бөлінген байланыс арналарындағы, оның пайдаланушыларының (қаржы мониторингі субъектілерінің) уәкілетті органмен электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін профилі;

      7) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдері – ұйымды қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату), терроризмдi қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) процестеріне немесе өзге қылмыстық қызметке қасақана тарту немесе қасақана тартпау тәуекелдері;

      8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару – ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шараларының жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты);

      9) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі – қаржы мониторингі субъектісінде күдікті операцияларды жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге де мүлік қылмыстық әрекеттен, терроризмді қаржыландырудан және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудан түскен кіріс болып табылады деген күдік туындайтын, клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын екі және одан көп күдікті операцияларының жиынтығы;

      10) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;

      11) скорингтік модуль – клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру тәуекелі үшін әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты қамтитын, қаржы мониторингі субъектілері ерікті негізде пайдаланатын автоматтандырылған жүйе;

      12) шекті операция – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингі жүргізілуге жататын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңда белгіленген шекті сомаға тең не одан асатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция;

      13) іскерлік қатынастар – қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.

      3. Ұйым қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ) мақсатында ішкі бақылауды:

      1) ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды, оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. Ұйымда КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның басқару органының немесе атқарушы органының ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылау тиімділігін бағалау жүргізуге уәкілетті өзге органының тәуелсіз аудит жүргізуге шешімі болған жағдайда, ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы тәуелсіз аудит жүргізуге қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және қабылдайды.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламаларды қамтиды, оларды ұйым Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және олар ұйымның ішкі құжаты не осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ ішкі жүйесін ұйымдастыру және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұйымда ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты лауазымды адам (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қызметкерлер не құзыретіне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мәселелері кіретін ұйымның бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      6. Жауапты қызметкерге қойылатын талаптар:

      1) жоғары білімінің болуы;

      2) қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс стажы болуы (техникалық немесе көмекші қызметкер лауазымдарында жұмыс тәжірибесін қоспағанда);

      3) мінсіз іскерлік беделінің болуы;

      4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңнаманы сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітілетін қаржы мониторингі субъектілеріне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес тестілеуден өткені туралы растайтын құжаттың болуы.

      7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасында мыналар:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімшенің функцияларын, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен және қызметкерлерімен, филиалдарымен өзара әрекет ету тәртібін, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларын, өкілеттіктерін, жауапты қызметкердің ұйымның уәкілетті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара әрекет ету тәртібін сипаттау;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру және бөлінген байланыс арналары бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламаларды беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер, оның ішінде оларды әзірлеушілер туралы мәліметтер;

      3) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ өз құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қол жетімді болуы үшін оларды сотта дәлел ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      4) ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің ұйымның уәкілетті органдарын және лауазымды адамдарын өздеріне белгілі болған ұйым қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      5) ұйымды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша талаптарды сипаттау (бар болса);

      6) ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудитті жүргізуге уәкілетті өзге органның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқару есептілігін дайындау және ұйымның уәкілетті органдарына және лауазымды адамдарына ұсыну тәртібі;

      7) ұйымның жауапты қызметкерінің және (немесе) лауазымды адамдарының, уәкілетті органдарының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңда көзделген жағдайларда және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы, ақшамен және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияларды жүргізуді тоқтата тұру не бас тарту туралы шешімдер қабылдау тәртібі;

      8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және бағалау нәтижелерін жаңарту тәртібі;

      9) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жеке кабинетте тіркелу және жұмыс істеу, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымдарды қолдану тәртібі қамтылады, бірақ олармен шектелмейді.

      8. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі жауапты қызметкердің және бөлімше қызметкерлерінің функцияларына мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңнамаға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуын бақылау;

      3) клиенттерге және өзге тұлғаларға хабарламай, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңға сәйкес клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруді қамтамасыз ету;

      4) клиенттердің операцияларын және (немесе) олардың қызметін күдікті деп тану және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттің операциялары мен қызметі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер мен ақпаратты беру туралы шешімдер қабылдау;

      5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңда көзделген жағдайларда және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің ақшамен және (немесе) құймалардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген алтынмен операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен немесе ұйымның лауазымды адамымен келісу;

      6) ұйымның құқыққа қарсы қызметке, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ байланысты қызметке тартылмауын қамтамасыз ету;

      7) ұйымның атқарушы органына КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңда және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберу;

      8) ұйымның уәкілетті органдарын немесе лауазымды адамдарын ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзу туралы хабардар ету;

      9) ұйымның уәкілетті органдарына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және ұйымның атқарушы органымен келісу;

      10) ұйымда әзірленген және атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ ұйымда олардың сақталуына мониторингтің болуын қамтамасыз ету кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      9. Жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функцияларды орындау үшін мынадай:

      1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттары мен файлдарына қолжетімділікті алу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың жасырындылығын қамтамасыз ету;

      3) ұйымның бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі, бірақ олармен шектелмейді.

      10. Ұйымның филиалдарында Талаптардың 8 және 9-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер болған кезде осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      11. Жауапты қызметкердің, сондай-ақ Талаптардың 8-тармағында көзделген функциялар жүктелген ұйым қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен, сондай-ақ ұйымның операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.

3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын әзірлейді.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасында мыналар:

      1) ұйымның құрылымдық бөлімшелері бөлігінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) клиенттің тәуекел деңгейіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиент түрі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша), сондай-ақ ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) алдын алу іс-шараларының тізбесі, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдері, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылау көзделетін клиенттердің тәуекелдерін және ұйым өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін тұрақты мониторингтеу, талдау және бақылау тәртібі;

      4) клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін беру тәртібі, қайта қарау мерзімдері мен негіздері қамтылады, бірақ олармен шектелмейді.

      13. Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау есебін ескере отырып, жыл сайынғы негізде ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін және, кем дегенде, тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет (өнім) және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелін бағалауды (бұдан әрі – Жыл сайынғы бағалау) жүзеге асырады.

      Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және оларға мониторинг жүргізу рәсімдерін өзгертуді, операциялар жүргізуге лимиттер белгілеуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну талаптарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      Ұйым іскерлік қатынастарды клиент құқыққа қарсы қызметі шеңберінде, сондай-ақ мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелі бар не өзге де қылмыстық қызметпен байланысты клиенттерге қатысты пайдаланады деген күдік болған жағдайда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін бағалауды жүзеге асырады.

      Жыл сайынғы бағалаудың қорытындылары (нәтижелері) ұйымның ішкі құжаттары мен рәсімдеріне сәйкес құжатталады және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне олардың жазбаша сұратуы бойынша жіберіледі.

      14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейіне ұшырағыш клиенттердің типтеріне мыналар:

      1) шетелдіктер;

      2) жария лауазымды адамдар, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары, сондай-ақ олардың өкілдері;

      3) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін төмендететін контрагенттердің типтеріне мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      2) Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банктер кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      16. Ұйым осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттердің клиенттеріне қызметтерді (өнімдерді) көрсетуге және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Операциялар жасасу КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер мыналар:

      1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын мынадай шет мемлекеттер және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктері:

      Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);

      Андорра Князьдігі;

      Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      Багам аралдары Достастығы;

      Барбадос мемлекеті;

      Бахрейн Корольдігі;

      Белиз мемлекеті;

      Бруней Даруссалам мемлекеті;

      Біріккен Танзания Республикасы;

      Вануату Республикасы;

      Гватемала Республикасы;

      Гренада мемлекеті;

      Джибути Республикасы;

      Доминика Достастығы;

      Доминикан Республикасы;

      Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Испания (Канар аралдары аумағы бөлігінде ғана);

      Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      Гайана Кооперативтік Республикасы;

      Коста-Рика Республикасы;

      Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік ауданының аумақтары бөлігінде ғана);

      Колумбия Республикасы;

      Либерия Республикасы;

      Ливан Республикасы;

      Маврикий Республикасы;

      Мавритания Ислам Республикасы;

      Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);

      Мальдив Республикасы;

      Мальта Республикасы;

      Мариан аралдары;

      Маршалл аралдары Республикасы;

      Монако Князьдігі;

      Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);

      Мьянма Одағы;

      Науру Республикасы;

      Нигерия Федеративтік Республикасы;

      Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);

      Палау Республикасы;

      Панама Республикасы;

      Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

      Сан-Марино Республикасы;

      Сейшел аралдары Республикасы;

      Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      Сент-Люсия мемлекеті;

      Суринам Республикасы;

      Тонга Корольдігі;

      Тринидад және Тобаго Республикасы;

      Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (Ангилья аралы, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары), Оңтүстік Георгия аралы, Оңтүстік Сэндвич аралдары, Теркс және Кайкос аралдары, Чагос аралы, Мэн аралы аумақтары бөлігінде ғана);

      Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;

      Филиппин Республикасы;

      Француз Республикасы (Кергелен аралдары, Француз Гвианасы мен Француз Полинезиясы аумақтары бөлігінде ғана);

      Черногория Республикасы;

      Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      Ямайка;

      4) ұйым басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзиті деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалары) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде айқындаған шет мемлекеттер (аумақтар).

      17. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне ұшыраған ұйымның қызметтері (өнімдері), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері айырбастау пункттері арқылы 2 000 000 теңгеден асатын сомаға не 2 000 000 теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату, айырбастау бойынша операцияларды қамтиды (шектелмей).

      18. Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 14, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттары мен факторларына сәйкес бағалау кезінде ұйым тәуекелдің жиынтық дәрежесіне ықпал ететін:

      1) ұйымның қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарларының санын;

      2) ұйымның қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің қолма-қол ақшамен шекті операциялары туралы жіберген хабарларының санын қамтитін, бірақ олармен шектелмейтін қосымша мәліметтерді ескереді.

      19. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерін бағалау) бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйым Талаптардың 14, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ ұйым белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу шараларын қолданады.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу рәсімдері шеңберінде алынған клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша белгілейді және тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейден тұратын шкаласы бойынша бағалайды.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтерді жаңартуға қарай жүзеге асырады.

      20. Ұйымдар мыналарға:

      1) жаңа өнімдерді әзірлеуге және ақпаратты берудің жаңа тетіктерін қамтитын жаңа іскерлік практикаға;

      2) жаңа сияқты қолданыстағы өнімдер үшін де жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қолдануға;

      3) клиенттердің күдікті қызметіне, клиенттердің тәуекелі және қызметтерді (өнімдерді) пайдалану тәуекелдері деңгейіне байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде ұйым тұрақты негізде клиенттің және оның бизнес-бейінінің тәуекел деңгейіне талдау жүргізеді, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдері есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      21. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған, оның ішінде скорингтік модульде тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      Ұйымның клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қарым-қатынастардың немесе бір жолғы операцияның (мәміленің) болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ Талаптарда көзделген клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы өзге де мәліметтерді алу және тіркеу бойынша іс-шараларды жүргізуі клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру болып табылады.

      Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жүргізу тәртібіне сәйкес заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде көрсетілген мәліметтермен салыстырылып тексеріледі.

      Клиенттің тәуекел деңгейіне қарай ұйым жүргізетін іс-шаралар дәрежесі Талаптарға қосымшаға сәйкес жүргізілетін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі жеңілдетілген не күшейтілген шараларда көрініс табады.

      22. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескере отырып, ұйым клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіреді, сондай-ақ мына:

      1) клиентпен іскерлік қарым-қатынастар орнатқан;

      2) клиент 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын сомаға не 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға, оның ішінде күнтізбелік бір күнде айырбастау пункті арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау және (немесе) құймалардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген алтынды сатып алу, сату түрінде бірнеше операциялар (мәмілелер) жасау жолымен бір жолғы операция (мәміле) жасаған;

      3) клиент шекті операцияны (мәмілені) жасаған;

      4) клиенттің күдікті операциясы (мәмілесі) анықталған;

      5) жеке және заңды тұлғалар туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмән туғызатын негіздер болған жағдайларда, іскерлік қарым-қатынастардың немесе бір жолғы операцияның (мәміленің) болжанатын мақсатын анықтайды.

      Егер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай іскерлік қарым-қатынастар орнатылған, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған мәліметтерді жаңарту не қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі кезінде жүргізілсе, клиент орнатылған іскерлік қарым-қатынастар шеңберінде операциялар жүргізген кезде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      23. Ұйым Талаптардың 21-тармағына сәйкес алынған мәліметтерді клиенттің досьесіне енгізеді, ол клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және олар аяқталғаннан не бір жолғы операция (мәміле) жасалған күннен бастап кем дегенде бес жыл ұйымда сақталады.

      Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес ұйым жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ клиенттердің өзге топтары бойынша досье жүргізеді.

      Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар, күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ күрделі, әдеттегіден тыс ірі және басқа да әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелерін ұйымдар операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақтауға тиіс.

      24. Ұйым жеңілдетілген сәйкестендіруді:

      1) клиент-жеке тұлға айырбастау пункті арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуды, сатуды немесе айырбастауды және құймалардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген алтынды сатып алуды, сатуды жүргізген кезде, егер мұндай операция сомасы 500 000 (бес жүз мың) теңгеден не 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасындағы шетел валютасындағы сомадан асатын болса;

      2) клиентке КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің төмендетілген деңгейін беру кезінде жүргізеді.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне күдік болған кезде ұйым жеңілдетілген сәйкестендіруді қолданбайды.

      25. Ұйым мынадай:

      1) клиентке жоғары тәуекел деңгейі тағайындалған;

      2) күшейтілген сәйкестендіру қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға осындай операция туралы хабарламаның жіберілуі туралы оның абайсызда хабардар болуына апаратын жағдайларды қоспағанда, мониторинг жүргізу және клиенттің операцияларын зерделеу барысында күдікті операцияны (мәмілені) не оны жасау мүмкіндігін анықтаған;

      3) клиент ұсынған мәліметтердің дәйектілігінде күмән болған;

      4) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген жағдайларда, оның ішінде жауапты қызметкердің шешімі бойынша;

      5) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалармен, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингпен не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалармен іскерлік қатынастар орнату кезінде күшейтілген сәйкестендіруді жүргізеді.

      26. Ұйым клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) процесінде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 12-бабына сәйкес алынатын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ТҚ тізбесі), КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес алынатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) болуына тексеру жүргізеді.

      Шетелдіктерге, ұйымда шет мемлекетінің азаматтығы болуы туралы мәліметтер бар болған өзге де адамдарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ұйым клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) процесінде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің), оның зайыбының (жұбайының) және жақын туыстарының жария лауазымды адамға жатуын тексереді.

      27. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында шынайы болуына тексеріледі.

      28. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасында мыналар:

      1) іскерлік қарым-қатынастар орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қарым-қатынастарды тоқтату тәртібі мен негізін қоса, қызмет көрсетуге клиенттер қабылдау тәртібі;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 6-бабына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиентті тиісінше тексеру бойынша жеңілдетілген және күшейтілген шаралардың ерекшеліктері;

      3) қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалардың арасында жария лауазымды адамдарды, олардың жұбайы-зайыптарын және жақын туыстарын анықтауға және осындай клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдауға бағытталған шаралардың сипаттамасы (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымның лауазымды адамдарының жазбаша рұқсатымен);

      4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      5) ұйымды (бар болса) бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша талаптарды орындау аясында клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу ерекшеліктері;

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат көздерінің сипаттамасы;

      7) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

      8) клиенттің досьесін жүргізудің, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсете отырып, досьедегі мәліметтерді жаңартудың нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар;

      9) ұйым қызметкерлерінің сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған ақпаратқа рұқсат беруді қамтамасыз ету тәртібі;

      10) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері;

      11) мыналармен:

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ;

      есірткіні заңсыз өндіруге, оның айналымына және (немесе) транзитіне;

      қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға;

      алаяқтыққа;

      сыбайлас жемқорлыққа;

      қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекеттердің (аумақтардың) операцияларына;

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес оларға қатысты халықаралық санкциялар қолданылатын адамдардың, резиденттердің немесе мемлекеттердегі адамдардың операцияларына;

      шетелге, оның ішінде оффшорлық аймақтарға қаражатты заңсыз әкетуге;

      мынадай:

      500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын сомаға не 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау және құймалардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген алтынды сатып алу, сату жөніндегі операцияларды жасау;

      жүйелі операцияларды, оның ішінде күнтізбелік бір күнде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау және құймалардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген алтынды сатып алу, сату түрінде бірнеше операциялар (мәмілелер) жасау жолымен жүзеге асыру;

      клиенттердің көрсетілген санатына (тобына) тән емес күдікті операцияларды жүзеге асыру шарттарының біреуі не жиынтығы болған кезде он төрт жастан бастап жиырма бес жасқа дейінгі адамдар санатымен;

      өзге қылмыстық әрекетке байланысты ұйымның ішкі рәсімдеріне сәйкес, оның ішінде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамаларды ескере отырып, шараларды анықтауды және қабылдауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерде мәліметтер мен ақпараттың болуына клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру рәсімі қамтылады, бірақ олармен шектелмейді.

5-тарау. Клиенттердің күрделі, әдеттегіден тыс ірі және басқа да әдеттегіден тыс операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      29. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру, сондай-ақ шекті және күдікті операцияларды анықтау және олар туралы хабарларды қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      30. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасы шеңберінде ұйым клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу бойынша, сондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Клиент операцияларын зерделеудің жиілігі, тереңдігі және қарқындылығы клиент тәуекелінің деңгейін ескере отырып, клиент қызметінің мөлшері, маңыздылығы, сипаты, ауқымы мен күрделілігі туралы мәліметтерді, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді және (немесе) клиент пайдаланатын қызметтердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, клиенттің қаржы мониторингіне жататын операцияларды (операцияны) жасасуын (жасауға әрекет жасауы) талдау, сондай-ақ ұйымда бар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) ерекше және күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып айқындалады.

      Ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу нәтижелерін ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 22-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) ұйымда клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар аяқталған не бір жолғы операция (мәміле) жасалған күннен бастап кемінде бес жыл бойы сақталады.

      31. Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйым қызметінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін белгілейді.

      Талаптардың 24-тармағында көзделген жағдайларда, ұйым клиентке күшейтілген сәйкестендіру жүргізеді.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне қосу) клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесі мен ЖҚҚТҚ тізбесіне (ТҚ тізбесін және ЖҚҚТҚ тізбесін жаңарту) өзгерістер енгізілуіне қарай жүзеге асырылады.

      32. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасында мыналар:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген белгілердің негізінде жасалатын әдеттегіден тыс және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлу;

      3) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлу;

      4) бөлімшелердің шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтаған кезде өзара әрекет ету тетіктерін сипаттау;

      5) жауапты қызметкердің клиент операциясының түрі туралы шешімді қабылдау тәртібі, негіздемесі және мерзімі;

      6) бөлімшелердің (қызметкерлердің) клиент операциясын жүргізуден бас тарту жөніндегі (клиент, бенефициарлық меншік иесі ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде тұруына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтату жөніндегі шешімді қабылдау бойынша өзара әрекет ету тәртібі;

      7) ТҚ тізбесіндегі және ЖҚҚТҚ тізбесіндегі клиенттерді және бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ операциялар жүргізуден, осындай клиенттерге қызмет көрсетуден бас тарту не олармен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтату бойынша өзара әрекет ету тәртібі;

      8) әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы мәліметтерді (оның ішінде операция сомасын, операция валютасын) тіркеу (оның ішінде тіркеу әдістері) және сақтау тәртібі;

      9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарларды ұсыну тәртібі;

      10) ұйымның уәкілетті органдарына және лауазымды адамдарына шекті және күдікті операциялар анықталғаны туралы хабарлау (қажеттілігіне қарай) тәртібі;

      11) клиент әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, клиент пен оның операцияларына қатысты қабылданатын шараларды қабылдау тәртібі және сипаттау қамтылады, бірақ олармен шектелмейді.

      33. Шекті, әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған кезде, көрсетілген операцияны анықтаған ұйым қызметкері осындай операция туралы хабарды ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімшеге) жібереді.

      Бір хабарда бірнеше операция туралы ақпараттың болуына рұқсат етіледі.

      Ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарды, сондай-ақ оларды зерттеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатқан не бір жолғы операцияны (мәмілені) жасаған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      34. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қызметкерлерді даярлау және оқыту жөніндегі талаптарға сәйкес әзірленеді.

  Қызметін Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларына
арналған лицензиясы
негізінде тек қана айырбастау
пункттері арқылы жүзеге
асыратын заңды тұлғаларға
қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға), терроризмді
қаржыландыруға және жаппай
қырып-жою қаруын таратуды
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында
ішкі бақылау қағидаларына
қойылатын талаптарға
қосымша

Клиент-жеке тұлғаның досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мәліметтер

Клиентті тиісінше тексеру шаралары

Жеңілдетілген

Күшейтілген

1. Жеке тұлға туралы жалпы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

Азаматтығы (болған жағдайда)

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда)

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол болған жағдайда)

Жеке басты куәландыратын құжатты берген органның атауы, берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі және бар болса пәтерінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі


✓✓

Жұмыс орны, лауазымы


Электрондық пошта мекенжайы (ол болған жағдайда)


2. Жеке тұлға шетелдік туралы қосымша мәліметтер

Визаның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (шетелдік төлқұжат) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіпте кіретін мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда)

✓✓

✓✓

Көші-қон карточкасының нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басты куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіпте кіретін мемлекеттердің азаматтары үшін)

✓✓

✓✓

Адамның жария лауазымды адамдарға немесе олармен байланысқан адамдарға тиесілігі (олардың жұбайы-зайыбы, жақын туыстары, сондай-ақ өкілдері)

3. Жеке тұлғаның өкілі туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

Азаматтығы (болған жағдайда)

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда)

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол болған жағдайда)

Жеке басты куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі


✓✓

Жеке тұлғаның атынан заңдық мәні бар іс-әрекеттер (оның ішінде шот ашу, шотты басқару) жасауға берілген құжаттың (сенімхаттың, шарттың, қорғаншының (қамқоршының) жеке куәлігінің, өзге де құжаттың) нөмірі, берілген (қол қойылған) күні, қолданылу мерзімі (болған жағдайда) не заң бойынша өкілдікті жүзеге асыру туралы белгі


✓✓

Клиент өкіліне берілген сенімхатқа клиенттің қолын куәландыратын нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), нотариат қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі және берілген күні не құжатты берген органның атауы


Визаның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басты куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіпте кіретін мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда)

✓✓

✓✓

Көші-қон карточкасының нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басты куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатты ұсынған жағдайда)

✓✓

✓✓

4. Бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер

Мүддесі үшін іскерлік қарым-қатынастар орнатылатын (операциялар жасалатын) жеке тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)


✓✓

Бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы (болған жағдайда)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)


✓✓

Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол болған жағдайда)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі


Бенефициарлық меншік иесінің байланыс телефонының нөмірі (болған жағдайда)


Шетелдік-бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамдарға немесе олармен байланысқан адамдарға тиесілігі (олардың жұбай-зайыбы, жақын туыстары, сондай-ақ өкілдері)


5. Жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтер

Жеке тұлға кірісінің, жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері (жалақы, дивидендтер, кәсіпкерлік қызметінен түскен кіріс, өзгелері)


✓✓

Басқа да банктердегі/қаржы ұйымдарындағы шоттар (болған жағдайда) (шоты бар банктің /қаржы ұйымының атауы)


Қаржылық жай-күйінің сипаттамасы (жылжымайтын мүлік, құндылықтар, заңды тұлғаның капиталындағы үлесі/ акциялар пайызы)


6. Операциялар мониторингінің нәтижелері және қызметтік ақпарат

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесінде болуы туралы белгі

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болуы туралы белгі

Операциялардың, оның ішінде жасалатын операциялардың қаржыландыру көзінің дәйектілігін тексеру шараларының соңғы мониторингінің нәтижелері


Тәуекел деңгейі

Клиент туралы мәліметтерді алу (жаңарту) күні

      Ескертпе:

      ✓ – тиісті мәліметтерді белгілеу қажеттілігі;

      ✓✓– тиісті мәліметтерді белгілеу және олардың дәйектілігін тексеру қажеттілігі.

      Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар:

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға негіз болатын жеке басты куәландыратын құжаттардың тізбесі "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады.

      2. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттар түпнұсқаларының және нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, рұқсат етілген дереккөздерден (дерекқордан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мекенжайы бойынша шығуды қосқанда, басқа да тәсілдермен мәліметтерді тексеру арқылы жүзеге асырылады. Жеке басты сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің дәйектілігін тексеру шеңберінде жеке басты куәландыратын құжатта орналасқан суретті клиентпен (клиенттің өкілімен) көзбен салыстыру жүргізіледі.

      3. Көші-қон карточкалары туралы мәліметтер Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты талап етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады