ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 42) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 42) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және қойылатын біліктілік талаптарын қоса алғанда, уәкілетті ұйымдарды лицензиялау, уәкілетті банктің айырбастау пункттері қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлау тәртібін, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды, айырбастау пункттерінің жұмыс істеу талаптарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар жүргізу тәртібін, сондай-ақ уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындайды.";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бірыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға – ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;";
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға айырбастау операцияларын жүргізгенге, аффинирленген құйма алтынды сатып алғанға және (немесе) сатқанға дейін "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ туралы заң) 5-бабына сәйкес клиенттерді тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдайды.";
6-тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ туралы заңға сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі тұлғаларды;
4) "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27113 болып тіркелген) бекітілген Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптардың (бұдан әрі – Талаптар) 16-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттердің бірінде және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктерінде тіркелген (тұратын) тұлғаларды;
5) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлғаларды.
Осы тармақшаның мақсаты үшін Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекет (аумақ) деп қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ туралы заңның 4-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жасаған Тізбеге енгізілген мемлекет (аумақ) түсініледі;
6) құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) Талаптардың 16-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттердің бірінің аумағында және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктерінде тіркелген (тұратын) тұлғалар болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлғалар болып табылатын заңды тұлғаларды.
Осы тармақшаның мақсаты үшін Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекет (аумақ) деп қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ туралы заңның 4-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жасаған Тізбеге енгізілген мемлекет (аумақ) түсініледі;";
6-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ туралы заңға сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі;";
19-4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң) 12-бабының 4-тармағында, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 29-бабында, Қағидаларға 4-1-қосымшаның 8-тармағында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау, сондай-ақ Рұқсаттар туралы заңның 32-бабында көзделген жағдайлар;";
39-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес лицензияны алу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, қазақ және орыс тілдеріндегі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның көшірмесі;";
40-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) айырбастау пункті кассирінің осы қағидалармен танысу туралы белгісі бар, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ туралы заңның 11-бабының талаптарына сәйкес әзірленген және қабылданған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның ішкі бақылау қағидаларының көшірмесі.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Айырбастау пункттерінің операциялық кассаларының үй-жайларында бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның қызметіне жатпайтын ақша арнайы бөлінген бөлмеде немесе айырбастау пунктінің операциялық кассасының үй-жайынан тыс орналасқан шкафтарда сақталады.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Айырбастау пунктінің жұмыс күні аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізілген операциялар бойынша қорытындылар тізілімдер журналында көрсетіледі.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша клиенттің заңды мекенжайын қоспағанда, клиенттің деректерін тізілімдер журналында тіркеу "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 9) және 11) тармақшаларында көзделген клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректері негізінде жүзеге асырылады.
Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын сомада айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында:
клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі;
клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері – құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайда);
клиенттің заңды мекенжайы (мемлекет, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі (бар болса);
клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі) тіркеледі.
Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан аспайтын сомада айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі) және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ туралы заңның 13-бабында көзделген немесе Қағидалардың 51-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес клиенттің жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер ұсынылмаған жағдайларды қоспағанда, айырбастау операцияларын жүргізу кезінде айналыстағы ақша белгілерін номиналы және эмиссия жылдары бойынша қабылдауда шектеулер белгіленбейді, сондай-ақ айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажет сомада қолма-қол шетел валютасы және қолма-қол ұлттық валюта болған кезде жеке тұлғаларға айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылмайды.
Жеке тұлғаға айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату бағамдары белгіленген қолма-қол ұлттық немесе қолма-қол шетел валютасының болмауы себебінен айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылған кезде, айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талабы бойынша айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрі мен сомасын, анықтама берілген күнді және уақытын көрсете отырып, еркін нысандағы анықтаманы береді. Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркеледі.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Айырбастау пункті (автоматтандырылған айырбастау пункті) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 111-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бақылау чегін беру арқылы айырбастау операциясын жүргізуді растайды.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ туралы заңның 13-бабында көзделген немесе Қағидалардың 73-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес клиенттің жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер ұсынылмаған жағдайларды қоспағанда, түрлері бойынша аффинирленген құйма алтынды қабылдауда шектеулер белгіленбейді, сондай-ақ айырбастау пунктінде осындай операцияны жүргізу үшін қажет сомада қолма-қол ұлттық валюта және (немесе) осындай операцияны жүргізу үшін қажет көлемде аффинирленген құйма алтын болған кезде жеке тұлғаларға мұндай құймаларды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жүргізуден бас тартылмайды.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Уәкілетті ұйымның айырбастау пункті Салық кодексінің 111-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату операциясының жүргізілгенін бақылау чегін бере отырып растайды.";
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінде аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша жүргізілетін әрбір операция Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын есепке алудың электрондық журналында (бұдан әрі – аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналы) есепке алынады.
Аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналы уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің әрбір операциялық кассасында аппараттық-бағдарламалық кешенде жеке жүргізіледі. Уәкілетті ұйым аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналында көрсетілген аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша жасалған операциялар жөніндегі ақпаратты олар жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы аппараттық-бағдарламалық кешенде сақтауды қамтамасыз етеді.
Аффинирленген құйма алтынмен операциялар бойынша клиенттің заңды мекенжайын қоспағанда, клиенттің деректерін аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналында тіркеу "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 9) және 11) тармақшаларында көзделген клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер негізінде жүзеге асырылады.
Аффинирленген құйма алтынмен 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын сомадағы операциялар бойынша аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналында мыналар:
клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі;
клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері – құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайда);
клиенттің заңды мекенжайы (мемлекет, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі (бар болса);
клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі) тіркеледі.
Аффинирленген құйма алтынмен 500 000 (бес жүз мың) теңгеден аспайтын сомаға операциялар бойынша аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (аты, әкесінің аты толық көрсетіледі) және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
12-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
13-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
14-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
16-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының қырық төртінші, қырық бесінші, қырық сегізінші және қырық тоғызыншы абзацтарын және 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 3-қосымшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
Нысан
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш
Қайда_______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының атауы)
Кімнен______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері)
Мына мекенжай бойынша орналасқан айырбастау пунктін (автоматтандырылған
айырбастау пунктін) (қажеттісі көрсетілсін) ашу үшін қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны
беруді сұраймын:
_____________________________________________________________________
(пошта индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көшесінің аты, үйінің
(ғимаратының) (стационарлық үй-жайының) нөмірі, сондай-ақ қабаты, секторы,
блогы және басқалары (ол бар болса)
Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер:
1. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталында құрылтайшылардың (қатысушылардың)
қатысу үлесі:
1) жеке тұлғалар:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (тегі, аты және әкесінің аты (ол
болған жағдайда), туған күні);
жеке сәйкестендіру нөмірі (резиденттер үшін);
тұрғылықты жері;
жарғылық капиталдағы үлесі (% (сомасы);
2) заңды тұлғалар:
заңды тұлғаның атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (резиденттер үшін);
орналасқан жері;
жарғылық капиталдағы үлесі (% (сомасы).
2. Уәкілетті ұйымның құрылтайшыларының (қатысушыларының) біліктілік
талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер:
1) | Тұлғалар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл өтпеген уақытта уәкілетті ұйымның бұрын құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшылардың, қатысушылардың бірі) болды ма | Иә/Жоқ |
2) | Тұлғалардың мінсіз іскерлік беделі бар ма | Иә/Жоқ |
3) | Тұлғалар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ туралы заң) сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде бар ма | Иә/Жоқ |
4) | Тұлғалар "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27113 болып тіркелген) бекітілген Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптардың (бұдан әрі – Талаптар) 16-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттердің бірінде және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктерінде тіркелген бе (тұрады ма) | Иә/Жоқ |
5) |
Тұлғалар Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекетте (аумағында) тіркелген бе (тұрады ма). | Иә/Жоқ |
6) |
Заңды тұлғалардың құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшылардың, қатысушылардың бірі) Талаптардың 16-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шетел мемлекеттердің бірінде және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктерінде тіркелген бе (тұрады ма), заңды тұлғалардың құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшылардың, қатысушылардың бірі) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекетте (аумағында) тіркелген бе (тұрады ма). | Иә/Жоқ |
7) | Тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бастаған тексеру жарамды лицензияны және лицензияға жарамды қосымшаны (жарамды қосымшаларды) ерікті түрде қайтару себебінен аяқталмаған күннен үш жыл өтпеген уақытта уәкілетті ұйымның бұрын құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болды ма | Иә/Жоқ |
3. Заңды тұлға (оның филиалы) басшысының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер:
1) | Уәкілетті ұйымның басшысының жоғары білімі бар ма | Иә/Жоқ |
2) | Тұлға КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ туралы заңға сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде бар ма | Иә/Жоқ |
3) | Тұлғаның мінсіз іскерлік беделі бар ма | Иә/Жоқ |
4. Ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамалары*:
Моделі (Атауы) | Зауыттық нөмірі | Банкноттарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге) | Банкноттарды магниттік белгілердің болуына тексеру | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
5. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық сипаттамалары*:
Моделі (Атауы) | Зауыттық нөмірі | Айырбастау операцияларын күнделікті тіркеудің түзетілмеуі | Жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың оларды жасаған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде энергияға тәуелсіз сақталуы | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
6. Бағдарламалық қамтылымның техникалық сипаттамалары*:
Атауы | Өндіруші (Жеткізуші) | Айырбастау операцияларын күнделікті тіркеудің түзетілмеуі | Жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың оларды жасаған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде энергияға тәуелсіз сақталуы | |||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | |||
7. Бейнебақылау жүйесінің техникалық сипаттамалары*:
Бейнебақылау жүйесінің атауы | Өндіруші (Жеткізуші) | Айырбастау пункті қызметін жүзеге асыру процесінің ақпаратын бейне деректер архивінің резервтік көшірмесін және архивті жоюдан және редакциялаудан қорғауды қамтамасыз ететін техникалық құрылғыларда күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде жазу мен сақтауды қамтамасыз ету | Көру аймағында кассирдің жұмыс аймағы мен клиентті бейнебақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бейнебақылау үшін кедергілердің болмауын және ұлттық және шетел валютасын көзбен шолып сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін орындарда орнату | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Қоса берілген құжаттар:
1.
2.
Электрондық пошта ___________________________________________
Телефондар __________________________________________________
Факс _________________________________________________________
Теңгедегі банктік шот __________________________________________
(шоттың нөмірі, уәкілетті банктің атауы)
Осы арқылы мыналар:
көрсетілген барлық деректер лицензияны және лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберу үшін ресми байланыс деректері болып табылатыны;
өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сотта тыйым салынбағаны;
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылдан ерте емес шығарған "Өлшеуіш алтын құймалары. Техникалық талаптар" 2049 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес келетін сертификатталған өлшеуіш құймалардағы аффинирленген инвестициялық алтынды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылға дейін шығарған өлшеуіш құймалардағы өзге де аффинирленген инвестициялық алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша қызметті жүзеге асыру уақытының барлық кезеңі ішінде айырбастау пункті (автоматтандырылған айырбастау пункті) уәкілетті ұйымның басқа айырбастау пунктінің орналасқан орны болып табылатын үй-жайда орналаспайтыны;
барлық қоса берілген құжаттар (мәліметтер) шындыққа сәйкес келетіні расталады.
Өтініш берушінің уәкілетті адамы:
____________ ______________________________________
(лауазымы) (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
* автоматтандырылған айырбастау пункті ашылған жағдайда толтырылмайды
Нысан
____________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің аумақтық филиалының атауы)
____________________________________
(басшының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған қолданыстағы лицензияға қосымшаны алуға өтініш
Лицензиат: _____________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркеу орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Лицензиаттың филиалы*: _________________________________________
(филиалдың атауы, филиалдың орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның
нөмірі мен берілген күні:
____________________________________________________________________
мына: __________________________________________________________
мекенжайы** бойынша орналасқан айырбастау пунктіне (автоматтандырылған
айырбастау пункті) (қажеттісін көрсету) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларына жарамды лицензияға қосымша беруді сұраймын
Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер:
1. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылардың (қатысушылардың)
қатысу үлесі:
1) жеке тұлғалар:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар
болса), туған күні);
жеке сәйкестендіру нөмірі (резиденттер үшін);
тұрғылықты жері;
жарғылық капиталдағы үлесі (% (сомасы)).
2) заңды тұлғалар:
заңды тұлғаның атауы;
орналасқан жері;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (резиденттер үшін);
жарғылық капиталдағы үлесі (% (сомасы).
2. Уәкілетті ұйымның құрылтайшыларының (қатысушыларының) біліктілік
талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер*:
1) | Тұлғалар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл өтпеген уақытта уәкілетті ұйымның бұрын құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшылардың, қатысушылардың бірі) болды ма | Иә/Жоқ |
2) | Тұлғалардың мінсіз іскерлік беделі бар ма | Иә/Жоқ |
3) | Тұлғалар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ туралы заң) сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде бар ма | Иә/Жоқ |
4) | Тұлғалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27113 болып тіркелген) бекітілген Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптардың 16-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тізімге сәйкес оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын мына шет мемлекеттердің бірінде және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктерінде тіркелген бе | Иә/Жоқ |
5) |
Тұлғалар Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекетте (аумағында) тіркелген бе (тұрады ма). | Иә/Жоқ |
6) |
Заңды тұлғалардың құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшылардың, қатысушылардың бірі) Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шетел мемлекеттердің бірінде және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктерінде тіркелген бе (тұрады ма), заңды тұлғалардың құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшылардың, қатысушылардың бірі) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекетте (аумағында) тіркелген бе (тұрады ма). | Иә/Жоқ |
7) | Тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бастаған тексеру жарамды лицензияны және лицензияға жарамды қосымшаны (жарамды қосымшаларды) ерікті түрде қайтару себебінен аяқталмаған күннен үш жыл өтпеген уақытта уәкілетті ұйымның бұрын құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болды ма | Иә/Жоқ |
3. Заңды тұлға (оның филиалы) басшысының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер*:
1) | Уәкілетті ұйымның басшысының жоғары білімі бар ма | Иә/Жоқ |
2) | Уәкілетті ұйымның басшысы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ туралы заңға сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде бар ма | Иә/Жоқ |
3) | Тұлғаның мінсіз іскерлік беделі бар ма | Иә/Жоқ |
4. Ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамалары***:
Моделі (Атауы) | Зауыттық нөмірі | Банкноттарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге) | Банкноттарды магниттік белгілердің болуына тексеру | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
5. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық сипаттамалары***:
Моделі (Атауы) | Зауыттық нөмірі | Айырбастау операцияларын күнделікті тіркеудің түзетілмеуі | Жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың оларды жасаған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде энергияға тәуелсіз сақталуы | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
6. Бағдарламалық қамтылымның техникалық сипаттамалары***:
Атауы | Өндіруші (Жеткізуші) | Айырбастау операцияларын күнделікті тіркеудің түзетілмеуі | Жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың оларды жасаған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде энергияға тәуелсіз сақталуы | |||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | |||
7. Бейнебақылау жүйесінің техникалық сипаттамалары***:
Бейнебақылау жүйесінің атауы | Өндіруші (Жеткізуші) | Айырбастау пункті қызметін жүзеге асыру процесінің ақпаратын бейне деректер архивінің резервтік көшірмесін және архивті жоюдан және редакциялаудан қорғауды қамтамасыз ететін техникалық құрылғыларда күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде жазу мен сақтауды қамтамасыз ету | Көру аймағында кассирдің жұмыс аймағы мен клиентті бейнебақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бейнебақылау үшін кедергілердің болмауын және ұлттық және шетел валютасын көзбен шолып сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін орнату | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Қоса берілген құжаттар:
1.
2.
Электрондық пошта ___________________________________________
Телефондар __________________________________________________
Факс _________________________________________________________
Теңгедегі банктік шот __________________________________________
(шоттың нөмірі, уәкілетті банк атауы)
Осы арқылы мыналар:
көрсетілген барлық деректер лицензияны және лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберу үшін ресми байланыс деректері болып табылатыны;
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылдан ерте емес шығарған "Өлшеуіш алтын құймалары. Техникалық талаптар" 2049 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес келетін сертификатталған өлшеуіш құймалардағы аффинирленген инвестициялық алтынды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылға дейін шығарған өлшеуіш құймалардағы өзге де аффинирленген инвестициялық алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша қызметті жүзеге асыру уақытының барлық кезеңі ішінде айырбастау пункті (автоматтандырылған айырбастау пункті) уәкілетті ұйымның басқа айырбастау пунктінің орналасқан орны болып табылатын үй-жайда орналаспайтыны;
барлық қоса берілген құжаттар (мәліметтер) шындыққа сәйкес келетіні расталады.
Өтініш берушінің уәкілетті адамы:
____________ ______________________________________
(лауазымы) (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
*Ескертпе: лицензиат орналасқан өңірден тыс жерде қосымша айырбастау пункті ашылған кезде көрсетіледі
**Ескертпе: айырбастау пункті көпфункционалды мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда (оның ішінде іскерлік орталықтарда), теміржол вокзалдарының, казино ғимараттарында, халықаралық әуежайлардың аэровокзалдарының ішінде орналасқан жағдайда, айырбастау пунктінің орналасқан жерін нақтылайтын деректерді (мысалы, қабат, сектор, блок) көрсете отырып, айырбастау пунктінің үй-жайы орналасқан мекенжайы
***автоматтандырылған айырбастау пункті ашылған жағдайда толтырылмайды
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 12-NIV_UB
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетісіне) (қоса алғанда) дейін, ай сайын
БСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Нысан
Уәкілетті банктің атауы _________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ___________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
"Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" (индексі – 12-NIV_UB, кезеңділігі – ай сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды уәкілетті банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес толтырылатын Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің есепті айдағы деректері бойынша ай сайын жасайды.
3. Уәкілетті банк Нысанды тиісті филиалдардың есепті айдағы деректеріне сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша бөле отырып жасайды.
Уәкілетті банктің филиалында астанаға немесе республикалық маңызы бар қалаға іргелес облыс шегінде орналасқан айырбастау пункттері болған кезде есепті айдағы деректер айырбастау операцияларын жүргізу орны бойынша тиісті облыс Нысанында ескеріледі.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Есептің 1-бағанында уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған шетел валюталарының барлық түрлері бойынша деректер ұсынылады. Айырбастау операцияларының көлемі бойынша жиынтық деректер теңгемен есептеледі.
6. 1-бағанда 110, 111, 120 және 121 кодтары бар жолдар бойынша деректер бүтін мәнге дейін дөңгелектей отырып, мың теңгемен толтырылады (бес жүз теңгеден кем деректер нөлге дейін, бес жүзден бір мың теңгеге дейін – бірге дейін дөңгелектенеді).
7. 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда деректер Америка Құрама Штаттары доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB), Қытай юані (CNY), ағылшын фунт стерлингі (GBP) бойынша ұсынылады, ал одан әрі нөмірленген бағандарда уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған валюталардың қалған түрлері бойынша деректер беріледі.
8. 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 110, 111, 120 және 121-жолдар бойынша деректер тиісті валютаның бірлігінде ұсынылады.
Егер айырбастау пункттері есепті кезеңде 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда көрсетілген қандай да бір валюталармен айырбастау операцияларын жүргізбесе, онда тиісті баған толтырылмайды.
9. 210, 211, 212, 213, 220, 221, 222 және 223-жолдар есептеу бірлігінде толтырылады.
10. 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 311, 312, 321 және 322-жолдар бойынша тиісті шетел валютасының бағамы көрсетіледі. 311 (321) жол бойынша тиісті бағанда уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті айда теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең төменгісі көрсетіледі, 312 (322) жол бойынша – уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті айда теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең жоғарғысы көрсетіледі.
11. Осы есепті толтыру кезінде барлық бағандар бойынша мынадай талаптарды орындау қамтамасыз етіледі:
коды 111-жол ≤ коды 110-жол;
коды 121-жол ≤ коды 120-жол;
коды 210-жол ≥ коды 211-жол + коды 212-жол+ коды 213-жол;
коды 220-жол ≥ коды 221-жол + коды 222-жол+ коды 223-жол.
12. Нысанды жасау кезінде теңгемен берілген деректер үшін есеп айырысуларда Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің 8 және 10-бағандарына сәйкес көрсетілген теңгемен айырбастау операциясының сомасы пайдаланылады.
13. Есепті кезеңде деректер болмаған кезде Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
14. Деректерді түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсынуға белгіленген мерзім өткеннен кейін бір ай ішінде енгізіледі.
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінінің орталық аппаратына немесе аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 13-NIV_UO
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті ұйым (оның филиалы)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
БСН: _____________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Нысан
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензияның нөмірі мен күні
____________________________________________________________________
Уәкілетті ұйымның (оның филиалының) атауы
_______________________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы _____________________________ _____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________ ______________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады
| "Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
"Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" (индексі – 13-NIV_UO, кезеңділігі – ай сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.
2. Нысанды уәкілетті ұйым (оның филиалы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес толтырылатын Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің есепті айға арналған деректері бойынша ай сайын жасайды. Уәкілетті ұйымның филиалы дербес Нысанды жасайды.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. 1 және 2-бөлімдер бойынша Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Есепті қалыптастыру кезінде теңгемен берілген деректер үшін есептеулерде Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің тиісінше 8 және 10-бағандарында көрсетілген теңгемен айырбастау операциясы сомасының баламасы пайдаланылады.
5. Есептің 1-бағанында ("Х" белгісімен белгіленген жолдарды қоспағанда) уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған шетел валюталарының барлық түрлері бойынша деректер беріледі. Айырбастау операцияларының көлемдері бойынша жиынтық деректер теңгемен есептеледі.
6. 1-бағанда кодтары 110, 111, 120 және 121-жолдар бойынша деректер бүтін мәнге дейін дөңгелектеніп, мың теңгемен толтырылады (бес жүз теңгеден кем деректер нөлге дейін, бес жүзден бастап бір мыңға дейін – бірге дейін дөңгелектенеді).
7. 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда деректер Америка Құрама Штаттарының доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB), Қытай юані (CNY), ағылшын фунт стерлингі (GBP) бойынша беріледі, ал одан әрі нөмірленген бағандарда уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған валюталардың қалған түрлері бойынша деректер келтіріледі.
8. 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 110, 111, 120 және 121-жолдар бойынша деректер тиісті валютаның бірлігінде беріледі.
Егер айырбастау пунктері есепті кезеңде 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда көрсетілген қандай да бір валютамен айырбастау операцияларын жүргізбесе, онда тиісті баған толтырылмайды.
9. 210, 211, 212, 213, 220, 221, 222 және 223-жолдар шоттың бірлігімен толтырылады.
10. 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 311, 312, 321 және 322-жолдар бойынша тиісті шетел валютасының бағамы көрсетіледі. 311 (321)-жол бойынша тиісті бағанда уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті кезеңде теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең төменгісі көрсетіледі; 312 (322)-жол бойынша – уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті кезеңде теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең жоғарғысы көрсетіледі.
11. Есептің 1 және 2-бөлімдерін толтыру кезінде барлық бағандар бойынша мына талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
коды 111-жол ≤ коды 110-жол;
коды 121-жол ≤ коды 120-жол;
коды 210-жол ≥ коды 211-жол + коды 212-жол + коды 213-жол;
коды 220-жол ≥ коды 221-жол + коды 222-жол + коды 223-жол.
3-бөлім бойынша
12. Есептің 3-бөлімінде 1-баған толтырылмайды.
13. 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда жолдар бойынша деректер тиісті валютаның бірлігімен беріледі.
14. 2, 3, 4, 5 және 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 423 және 433-жолдар бойынша деректер 110 және тиісінше 120-бағандардағы деректерге тең болуға тиіс.
15. Есептің 3-бөлімін толтыру кезінде 2, 3, 4, 5 және 6-бағандар және одан әрі нөмірленген бағандар бойынша 410, 420, 430 және 440-жолдар бойынша тиісті көрсеткіштердің атауында көрсетілген талаптарды орындау қамтамасыз етіледі.
16. Нысанды жасау кезінде теңгемен берілген деректер үшін есептеулерде тиісінше Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің 8 және 10-бағандарында көрсетілген теңгемен айырбастау операциясының сомасы пайдаланылады.
17. Есептік кезеңде деректер болмаған кезде Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
18. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін бір ай ішінде енгізіледі.
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына немесе аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Баламасы 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттарының долларына тең немесе одан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 14-NIV_VAL
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым (оның филиалы)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін (қоса алғанда)
БСН: _____________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Нысан
1. Клиент туралы ақпарат | 2. Валюталық операция туралы ақпарат | |||||||
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Жеке сәйкестендіру нөмірі (өзге де деректер) | Резиденттік белгісі* | Күні | Сатып алу (сату) | Валютаның мың бірлігімен сомасы | Валюта коды | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | ӘАОЖ бойынша код |
1.1 | 1.2 | 1.3 | 2.1 | 2.2 | 2.3 | 2.4 | 2.5 | 2.6 |
* – айырбастау операциясын жүргізу кезінде клиент ұсынған құжатқа сәйкес көрсетіледі: 1 – резиденттер үшін (Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсат негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар), 2 – бейрезиденттер үшін
Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның (оның филиалының) атауы
_________________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны _____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы _________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Баламасы 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттарының долларына тең немесе одан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады
"Баламасы 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттарының долларына тең немесе одан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату туралы есеп" (индексі – 14-NIV_VAL, кезеңділігі – ай сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Баламасы 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттарының долларына тең немесе одан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым (оның филиалы) ай сайын ұсынады және баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу немесе сату операциялары туралы ақпаратты қамтиды.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысан есепті кезеңде бір жеке тұлғаға баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату операциясы болған кезде жіберіледі.
50 000 (елу мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын соманың баламасын есептеу үшін айырбастау операциясын жүргізу күніне шетел валютасының теңгеге ресми (нарықтық) бағамы пайдаланылады.
5. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу немесе сату операциялары бойынша ақпарат операцияны өткізу күні есепте көрсетіледі.
6. Нысанның 1-бөлігінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу немесе сату операциясын жүзеге асырған жеке тұлға-клиент туралы ақпарат көрсетіледі.
7. 1.2-бағанда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде 1.2-бағанда жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі.
8. Нысанның 2-бөлігінде шетел валютасын сатып алу немесе сату операциясы туралы ақпарат көрсетіледі.
2.2-бағанда клиент қолма-қол шетел валютасын сатып алған кезде "1", клиент қолма-қол шетел валютасын сатқан кезде "2" көрсетіледі.
2.4-бағанда "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының Ұлттық жіктеуішіне сәйкес валютаның үш таңбалы әріптік коды көрсетіледі.
2.5-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі.
2.6-бағанда ҚР ҰЖ 11 "Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші" ұлттық жіктеуіші бойынша код көрсетіледі.
Уәкілетті банктің филиалында астанаға немесе республикалық маңызы бар қалаға іргелес облыс шегінде орналасқан айырбастау пункттері болған кезде есепті айдағы деректер айырбастау операцияларын жүргізу орны бойынша тиісті облыс Нысанында ескеріледі.
9. Есептік кезеңде деректер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
10. Деректерге түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсынуға берілген мерзім өткеннен кейін бір ай ішінде енгізіледі.
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына немесе аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша айырбастау пункттері арқылы жүргізілген операциялар туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 16-SMSAZ_UO
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті ұйым (оның филиалы)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін (қоса алғанда)
БСН: _____________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Нысан
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның нөмірі және күні
____________________________________________________________________
Көрсеткіштің атауы | Жолдың коды | Барлығы теңгемен | Массалары (грамм) бойынша түрлері | ||||
… | … | … | … | … | |||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1-бөлім. Жеке тұлғалардан аффинирленген құйма алтынды сатып алу операциялары | |||||||
Сатып алынған аффинирленген құйма алтынның құны барлығы | 110 | ||||||
оның ішінде бейрезиденттер | 111 | ||||||
Сатып алынған аффинирленген құйма алтынның саны барлығы | 120 | X | |||||
2-бөлім. Жеке тұлғаларға аффинирленген құйма алтынды сату бойынша операциялар | |||||||
Сатылған аффинирленген құйма алтынның құны барлығы | 210 | ||||||
оның ішінде бейрезиденттер | 211 | ||||||
Сатылған аффинирленген құйма алтынның саны барлығы | 220 | X | |||||
3-бөлім. Аффинирленген құйма алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сатып алу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сату бойынша операциялар | |||||||
Сатылған аффинирленген құйма алтынның саны | 310 | X | |||||
Сатып алынған аффинирленген құйма алтынның саны | 320 | X | |||||
4-бөлім. Аффинирленген құйма алтынмен операциялар бойынша жиыны | |||||||
Есепті кезеңнің басына айырбастау пунктінің кассасындағы аффинирленген құйма алтынның қалдығы | 410 | X | |||||
Есепті кезеңнің соңына аффинирленген құйма алтынның қалдығы | 420 | X | |||||
Уәкілетті ұйымның (оның филиалының) атауы
_______________________________________________________________
Мекенжайы ______________________________Телефоны______________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
________________________________________ ______________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша айырбастау пункттері арқылы жүргізілген операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша айырбастау пункттері арқылы жүргізілген операциялар туралы есеп" (индексі – 16-SMSAZ_UO, кезеңділігі – ай сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша айырбастау пункттері арқылы жүргізілген операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.
2. Нысанды уәкілетті ұйым (оның филиалы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды есепке алу журналының есепті айдағы деректері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын жасайды. Уәкілетті ұйымның филиалы дербес Нысанды жасайды.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Теңгедегі деректерге арналған есеп айырысуларда Нысанды жасау кезінде Аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу тізілімінің тиісінше 7 және 10-бағандарында көрсетілген теңгемен операциялардың сомасы пайдаланылады.
5. Есептік кезеңде деректер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
6. Деректерге түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсынуға белгіленген мерзім өткеннен кейін бір ай ішінде енгізіледі.
