БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 21 және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 54 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекітілсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздері осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кірістерді жылыстату, қылмыстық активтерді іздестіру және қайтару саласындағы қаржылық мониторинг департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
__________Б. Асылов |
| Қазақстан Республикасының | |
| Қаржылық мониторинг агенттігі | |
| төрағасының міндетін атқарушы | __________К. Бижанов |
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-2-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыратын қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) ақпарат алу тәртібі мен негіздерін айқындайды.
2-тарау. ҚАО ААЖ-дан ақпарат алу негіздері
2. Ақпарат алу үшін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысында (бұдан әрі - қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы) заңнамада көзделген негіздің, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес негіздер бойынша ҚАО ААЖ-да рөлдерді бөлу тізбесіне сәйкес ҚАО ААЖ-да тіркеудің болуы міндетті шарт болып табылады.
3. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы сұрау салудың негізділігін, дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманың, заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, сондай-ақ оларды сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сұратылған ақпарат орындалған тапсырмалар бойынша есептік материалдарда көрсетіледі.
3-тарау. ҚАО ААЖ-дан ақпарат алу тәртібі
4. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушылары ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген ҚАО ААЖ-дан электрондық ақпараттық ресурстарының тізбесіне сәйкес ҚАО ААЖ-дан алады.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушыларына ҚАО ААЖ-ға қолжетімділік "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31702 болып тіркелген) бекітілген Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларына (бұдан әрі – № 21 Қағидалар) 4-қосымшада жазылған ҚАО ААЖ-мен жұмыс істеу үшін жағдайлар сақталған жағдайда беріледі.
5. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы ҚАО ААЖ порталы арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне (бұдан әрі – ҚАО ААЖ операторы) № 21 Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға электрондық өтінімді (бұдан әрі – электрондық өтінім) жібереді.
6. ҚАО ААЖ-ның операторы электрондық өтінімді тексереді және оның келіп түскен күннен бастап бір тәулік ішінде мынадай:
1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысын ҚАО ААЖ-да тіркеу:
2) егер электрондық өтінімде көрсетілген мәліметтер шынайы емес, толық емес және өзекті емес болса, тіркеуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
ҚАО ААЖ-дан бас тарту Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылады.
7. Пайдаланушының басқа лауазымға немесе бөлімшеге ауысу себебі бойынша құқығы өзгерген жағдайда қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде ҚАО ААЖ порталы арқылы электрондық өтінімді жібереді.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы жұмыстан босатылған, лауазымынан шеттетілген жағдайда ведомстволық бақылау жүктелген лауазымды адам № 21 Қағидалардың 15-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.
8. ҚАО ААЖ-ның операторы редакциялауға немесе қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысын бұғаттауға электрондық өтінім алған кезде осы қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысын қолжетімділігін дереу редакциялайды немесе бұғаттайды.
4-тарау. ҚАО ААЖ-ға сұрау салуды жіберу
9. ҚАО ААЖ-ға кіру қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысының ЭЦҚ және биометриясын (саусақ іздерін не Face ID) тексеруді, не тіркеу кезінде ол көрсеткен ұялы телефон нөміріне жіберілетін SMS-кодты қоса алғанда, көп факторлы аутентификация рәсімі өтуінен басталады.
10. Бастапқы кіріс кезінде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы № 21 Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚАО ААЖ-ын пайдалану шарттарына келісімге (бұдан әрі - Келісім) ЭЦҚ арқылы қол қояды. Электрондық қол қойылған Келісім мен оған қол қойылған күні ҚАО ААЖ-да тіркеледі.
11. Аутентификацияны сәтті өткен және электрондық нысанда қол қойылған Келісім болған жағдайда қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті, сондай-ақ ҚАО ААЖ-да жүзеге асырылған сервистер бойынша сұрау салуды жіберу мүмкіндігін алады.
12. Мемлекеттік органдардың дерекқорларына қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушыларының барлық сұрау салулары ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жіберіледі.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысына ЭЦҚ құралдарын басқа адамдарға беруіне жол берілмейді.
ЭЦҚ жоғалған жағдайда қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы өзінің ЭЦҚ-сын Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинеті арқылы дереу кері қайтарып алады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушы мерзімді түрде, бірақ айына кемінде бір рет ЭЦҚ-ның паролін өзгертеді.
13. ҚАО ААЖ-ны пайдалану процесінде барлық уақытша параметрді тіркеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.
14. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысына қолжетімділік апаттық жағдайлар кезіндегі тоқтап тұру уақытынан немесе ҚАО ААЖ-ның порталында жарияланған жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуден басқа, тәулік бойы ұсынылады.
ҚАО ААЖ операторы апаттық жағдайдың туындау фактісін басталу күнін, уақытын, себептерін және кешіктіруді жою бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып, № 21 Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апаттық жағдайлар журналында тіркейді.
ҚАО ААЖ-дағы жоспарланған техникалық жұмыстардың уақыты туралы хабарландыру (оның ішінде сөндіру, өзгерту, жаңарту және басқа әрекеттер) ҚАО ААЖ-ның порталында жарияланады.
15. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушылары барлық сұрау салулары оқиғаны тіркеу журналында (бұдан әрі - Log-журналы) тіркеледі және толтырылуына қарай архивтеледі.
ҚАО ААЖ Log-журналдарының архиві ҚАО ААЖ-ның барлық жұмыс уақытындағы сұрау салулары мен оларды өңдеу нәтижесі туралы деректерді қамтиды.
16. ҚАО ААЖ-ның операторы құпиялықты қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушылары мен олардың сұрау салулары туралы жеке ақпаратты таратпайды.
17. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы және осы Қағидаларда көрсетілген заңнама нормаларының бұзушылықтары анықталған кезде ҚАО ААЖ операторы бұзушылыққа жол берген адамға ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті бұғаттайды, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген адамдардың жауаптылығы туралы мәселені қарау бойынша шаралар қабылдайды.
18. ҚАО ААЖ-ның операторы ҚАО ААЖ-дан алынған ақпаратты заңсыз жинау мен өңдеуге, сондай-ақ жария етуге жол бермейді.
5-тарау. ҚАО ААЖ-дан ақпарат алу
19. ҚАО ААЖ-дан алынған ақпарат тиісті материалдарға қоса тіркеледі, бұл ретте жергілікті құрылғыға жүктелген файлдардың электрондық көшірмелерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы дереу жоюға тиіс.
Ақпаратты сақтау мерзімдері мен шарттары ақпарат қоса берілген негізгі материалдың мазмұнына қарай айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға тиіс.
ҚАО ААЖ-нен алынған ақпараттың құпиялығын сұрау салған қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы қамтамасыз етеді.
20. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы ҚАО ААЖ-дан ақпарат алған кезде мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды сақтайды.
21. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның басшысы сұрау салулардың негізділігіне, ҚАО ААЖ-дан алынған ақпаратты сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануға және оның сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз ететін лауазымды адамдарды айқындайды.
Ведомстволық бақылау мерзімді, бірақ айына кемінде бір рет "Есептер" функционалы арқылы сұрау салуларды мониторингтеуден тұрады, онда қаржы мониторингі жөніндегі уәкілеттік орган пайдаланушыларының барлық сұрау салуы көрсетіледі.
Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларын және осы Қағидаларда көрсетілген талаптардың бұзылуы анықталған кезде, ведомстволық бақылауды қамтамасыз ететін адамдар қолжетімділікті бұғаттау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы мәселені қарау бойынша дереу шаралар қабылдайды.
22. Прокурор "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - "Прокуратура туралы" Конституциялық заң) 17-бабымен белгіленген шекте және нысандарда қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушыларының ҚАО ААЖ-дан ақпарат алуының заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган пайдаланушыларының ҚАО ААЖ-дан ақпарат алуының заңдылығын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізу үшін прокурор тиісті қаулы шығарады.
23. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушылары тарапынан ақпаратты заңсыз алу фактілері тексеру барысында анықталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, осы Қағидаларда және № 21 Қағидаларда көзделген талаптардың бұзылуы туралы ҚАО АЖ операторынан ақпарат келіп түскен кезде, прокурор "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес прокурорлық қадағалау шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңнамасында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
Негіздер бойынша ҚАО ААЖ рөлдерін бөлу тізбесі
№ | Тізбе | Негіздеме |
1. | Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері | Қаржылық мониторинг |
ҚАО ААЖ-дан электрондық ақпараттық ресурстарының тізбесі
№ | Тізбе | Қолжетімдік құқығы |
1. | "Жеке тұлғалар" МБД | + |
2. | "Заңды тұлғалар" МБД | + |
3. | "Жылжымайтын мүліктің регистрі"ДБ | + |
4. | "Жер учаскесі" ДБ | + |
5. | "Көлік құралдары" ДБ | + |
6. | "Тіркелген қару" ДБ | + |
7. | "Теміржол көлігі" ДБ | + |
8. | "Өзен және шағын өлшемді кемелер" ДБ | + |
9. | "Теңіз кемелері" ДБ | + |
10. | "Ауылшаруашылық техника" ДБ | + |
11. | "Зейнетақы аударымдары" ДБ* | кесілген |
12. | "Мүгедектік" ДБ | + |
13. | Халыққа қызмет көрсету орталықтарында адамдардың алған қызметтері туралы мәліметтер | + |
14. | "Арнайы есептер" ДБ | + |
15. | "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" ДБ | + |
16. | "Сот органдарының" ДБ | + |
17. | "Сот карточкалары" ДБ | + |
18. | Мемлекеттік қызметшіге сұрау салу | + |
19. | Халықты құжаттау жүйесінен алынған сурет | + |
20. | Халықты құжаттау жүйесінен 1-нысан | + |
21. | "Е-Нотариат" ДБ | + |
22. | "Азаматтық хал актісін жазу" ДБ | + |
23. | Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + |
24. | Шетел азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + |
25. | "Салық төлеушілер" ДБ | + |
26. | "Е-лицензиялау" ДБ | + |
27. | "Электрондық мемлекеттік сатып алу" ДБ | + |
28. | "Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары" ДБ | + |
29. | "Жолаушылардың кедендік декларациялары жөніндегі мәліметтер" ДБ | + |
30. | "Көлік құралына декларациялар жөніндегі мәліметтер" ДБ | + |
31. | "Шетелдік жұмыс күші" ДБ | + |
32. | "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар (көмірсутек шикізаты) туралы мәліметтер" ДБ | + |
33. | "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар туралы мәліметтер (қатты пайдалы қазбалар және жерасты сулары)" ДБ | + |
34. | Бюджетке түсетін түсімдер туралы мәліметтер | + |
35. | "Қазақстан темір жолы" ДБ | + |
36. | "Қазақтелеком" ДБ | + |
37. | "Анықтаудан/тергеуден жасырынғандардың" ДБ | + |
38. | "Хабар-ошарсыз жоғалғандар" ДБ | + |
39. | Мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушыларын тексеру | + |
40. | Мекенжайлар мен байланыс телефондарын іздеу | + |
41. | Мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтер | + |
42. | Пошта жөнелтімдері | + |
43. |
Жеке тұлғаның диспансерлік есепке алынуы туралы мәліметтер | + |
44. | Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді тіркеу | + |
45. | Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру | + |
46. | Шетелдіктерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру | + |
47. | Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу | + |
48. | Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды ресімдеу | + |
49. | Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу | + |
50. | 1-деңгейдің өзара байланысы | + |
51. | 2-деңгейдің өзара байланысы | + |
52. | "Азаматтардың мобилді базасы" ДБ | + |
Ескерту: МДБ – мемлекеттік деректер базасы, ДБ-деректер базасы.
* Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қысқартылған сервисі – түсімдер мөлшерін көрсетусіз.
