8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін (лицензия алу үшін) қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенi туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін) және Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін);
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент- көрсетілетін қызметті алушысының қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын және бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпарат қамтылған, мемлекеттік тілде және орыс тілінде нотариат куәландырған аудармасы бар сауда тізілімінен заңды үзінді-көшірме немесе басқа да заңды құжаттың электрондық көшірмесі;
6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30383 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 79 қаулысымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттарға сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттардың электрондық көшірмелері;
7) электрондық құжат нысанындағы қызметкерлердің тегі, аты және болған кезде әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымдары көрсетілген штат кестесі;
8) электрондық құжат нысанындағы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру функциясы жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ереже;
9) көрсетілетін қызметті алушыда бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге де жабдықтың болуын растайтын мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері қажет:
жабдықты жеткізу шарты;
жабдықты қабылдау-өткізу актісі;
лицензиялардың санын көрсете отырып, бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;
бағдарламалық қамтылымды қабылдау-өткізу акті;
қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттар (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаты, деректерге қолжетімділікті бөлу тетіктерінің сипаты, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері).
Көрсетілетін қызметті алушы бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға көрсетілетін қызметті алушыға бағдарламалық өнімді ақысыз берген жағдайда, осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды;
Ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымның атауы (серверлік операциялық жүйелер, дерекқорды басқару жүйелері), нұсқалар, лицензияның бар екендігі туралы мәліметтер;
10) көрсетілетін қызметті алушының өтініш берудің алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы электрондық құжат нысанындағы бухгалтерлік балансы;
11) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған көрсетілетін қызметті алушының соңғы аяқталған жылғы қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;
12) директорлар кеңесі бекіткен жақын арадағы үш жылға арналған электрондық құжат нысанындағы бизнес-жоспар (акционерлік қоғамнан басқа өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттің бизнес-жоспарын заңды тұлғаның атқарушы органы бекітеді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бизнес-жоспары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шешімімен бекітіледі).
Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер көрсетіледі:
лицензияны алу мақсаттары;
көрсетілетін қызметті алушының қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және қызметі бағытталған нарық сегментіне шолу;
қызмет шегінде болжамды көрсетілетін қызметтер, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сату талаптары мен көлемі бойынша жоспарлар;
қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталы жеткіліктілігінің мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішіндегі шығындылықтың жол берілетін коэффициенттері;
инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
инвестициялық комитет пен ішкі аудит қызметін қоса алғанда, өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар;
13) электрондық құжат нысандағы сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін);
14) электрондық құжат нысандағы клирингтік ұйымның қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клирингтік ұйымның өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін).
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 8) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 8) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішті осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 7), 8), 9), 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
"Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ инвестициялық комитеттің құрамы туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы комитет туралы ережені және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын айқындайтын ішкі қағидаларды электрондық құжаттар нысанында ұсыну қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін (лицензия телнұсқасын алу үшін) қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлегені туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
мемлекеттік қызмет көрсету үшін (лицензияны қайта ресімдеу үшін) қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлегені туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:
Қазақстан Республикасы резидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;
Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
|