ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы №1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Құжаттар топтамасымен өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызмет беруші тіркеуді жүзеге асырады және орындаушыны тағайындайды.
Өтінімді және құжаттарды қарау мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызмет алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызмет беруші тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы еркін нысанда бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы дәлелді жауап жолдайды.
Орындаушы ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге тексеру жүргізу туралы шешім жолдайды.
Тексеру жүргізу үшін шешім қабылданған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.";
7-тармақ алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (ұшқышы) және жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданысын тоқтата тұру, оны қайтадан бастау, ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер енгізу";
мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2, 20-3, 20-4, 20-5, 20-6 және 20-7-тармақтармен толықтырылсын:
"20-1. Уәкілетті ұйым ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті мынадай жағдайларда қайтарып алады:
1) ұсынылған құжаттарды бұрмалау жолымен ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті алу, пайдаланушының сәйкестікті сақтау;
2) заңсыз әрекеттер жасау немесе ұшуды орындау құқығына куәлікті заңсыз пайдалану;
3) өтініш берушінің ұшуына тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
4) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайда.
5) пайдаланушының жазбаша өтініші.
Уәкілетті ұйым пайдаланушыны отыз жұмыс күні ішінде ұшуды орындау құқығына куәлікті қайтарып алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
20-2. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер пайдаланушының өтініші бойынша енгізіледі.
Пайдаланушының атауы өзгерген, бірдей типтегі әуе кемесін пайдалану тоқтатылған, сондай-ақ әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда пайдаланушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұшуларды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер енгізуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында келтірілген құжаттардың тізбесін қоса береді.
20-3. Уәкілетті ұйым өтінішті алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізеді.
20-4. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа үлгідегі әуе кемелерін меншігіне немесе экипажсыз жалға алған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ұсынылған құжаттардың тізбесін қарайды;
2) енгізілетін өзгерістерге қатысты пайдаланушыны тексеруді жүргізеді.
Нәтижелері бойынша ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізіледі.
20-5. Мәлімделген әуе кемесін ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне енгізуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;
2) мәлімделген әуе кемесі басқа пайдаланушының сертификаттың (куәліктің) пайдалану ерекшеліктеріне енгізілген.
20–6. Уәкілетті ұйым өтінім берілген әуе кемесін ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке қосудан бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беріледі.
20-7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2025 жылғы 5 қарашадағы № 361 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
| Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың ұшуларына рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру" (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру" (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)". | ||
1 | Қызметті көрсетушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Ұшуларды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) (бұдан әрі – куәлік) беру - 60 (алпыс) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы: электрондық (толық автоматтандырылған) |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін өтініш берген кезде, демалыс күндері және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін |
1. Ұшуларды орындау құқығына куәлік алу үшін (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушысы): |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан: |
| Бұйрыққа 2-қосымша Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың ұшуларына рұқсат беру қағидаларына 7-қосымша |
|
| Нысан | |
| Уәкілетті ұйым |
Ұшуды орындау құқығына куәлікке өзгерістер енгізуге арналған өтініш
Ұшуды (жалпы авиация) орындау құқығына арналған куәлектердің пайдалану
сипаттамаларына өзгерістер енгізуді сұраймын
___________________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық аты-жөні)
Негіздер: ___________________________________________________________________
(әуе кемесінің бір түрін сатып алу, басқа ұшақ түрін сатып алу, басқа)
Ұшудың жоспарланған басталу күні: ___________________________________________
(өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жоспарланған күн көрсетіледі жаңа
пайдалану жағдайларында ұшуларды бастау).
Басшы _____________________________________________________________________
(лауазымы/қолы/күні)
