ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 518 бабы 2 тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ең төменгі баға деңгейі айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлерінің Тізбесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ең төменгі баға деңгейі айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлерінің Тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша ең төменгі баға деңгейін айқындау қағидалары.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Д. Темирбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 31 қазандағы № 658 бұйрыққа 1-қосымша |
Бағалардың ең төменгі деңгейі айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі
№ | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды* | Тауардың атауы |
1 бөлім. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлар | ||
1. | 2207 10 000 0 | спирт концентрациясы 80 көлемдік % немесе одан жоғары денатуратталмаған этил спирті |
2. | 2208 20 120 0 | сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтыларда жүзім шарабын дистиляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спиртті тұнба, коньяк (Cognac) |
3. | 2208 60 110 0 | сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтылардағы спирт концентрациясы 45,4 көлемдік % немесе одан кем арақ |
4. | 2208 90 990 0 | сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирт концентрациясы 80 көлемдік %-дан аз денатуратталмаған этил спирті |
5. | 0407 21 000 0 | құс жұмыртқасы, қабықтағы, жаңа, үй тауықтарының (Gallus domesticus) |
6. | 1101 00 150 | жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны |
7. | 1001 19 000 0 | қатты бидай, өзгелері |
8. | 1001 99 000 0 | бидай, өзгелері |
9. | 1512 19 900 2 | өзге күнбағыс майлары және оның фракциялары нетто-көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы қаптамада |
10. | 2102 10 310 0 | белсенді наубайхана ашытқысы, құрғақ |
11. | 2102 10 390 0 | белсенді наубайхана ашытқысы, өзгелері |
12. | 0406 30 390 0 | өзге де балқытылған ірімшіктер, үгітілмеген немесе ұнтақ түрінде емес, құрамындағы май мөлшері 36 масс.% аспайтын, құрғақ заттағы май мөлшері 48 масс.% асатын |
13. | 0406 10 500 2 | май мөлшері 40 масс.% аспайтын сүзбе, өзгелері |
14. | 0701 90 900 0 | жаңа немесе салқындатылған картоп, өзгелері |
15. | 0704 90 100 1 | жаңа немесе салқындатылған ақ қырыққабат |
16. | 0706 10 000 1 | жаңа немес салқындатылған сәбіз |
17. | 0808 10 800 | алма, өзгелері |
18. | 1206 00 990 0 | Өзге күнбағыс тұқымдары, ұсатылған немесе ұсатылмаған, қағылмғандардан басқа |
19. | 1517 90 910 0 | сұйық, өзге де ұшпайтын өсімдік майлары, аралас |
20. | 1601 00 910 1 | шұжықтар, құрғақ немесе паста тәрізді, шикі, еттен, ет қалдықтарынан немесе қаннан |
21. | 1601 00 990 1 | еттен, ет қалдықтарынан немесе қаннан жасалған басқа ұқсас өнімдер |
22. | 1601 00 990 9 | еттен, ет қалдықтарынан немесе қаннан жасалмаған басқа ұқсас өнімдер |
23. | 1902 30 100 0 | макарон өнімдері, өзге кептірілген |
24. | 3105 20 100 0 | азот, фосфор және калийдің үш қоректік элементін қамтитын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар, құрғақ сусыз өнімдегі азоттың мөлшері 10 масс.% астам |
25. | 3105 59 000 0 | азот пен фосфордың екі қоректік элементін қамтитын басқа минералды немесе химиялық тыңайтқыштар |
26. | 3820 00 000 0 | дайын антифриздер және мұзға қарсы сұйықтықтар |
27. | 6806 10 000 8 | шлак жүн, минералды силикатты жүн және ұқсас минералды жүндер (олардың қоспаларын қоса алғанда), үйінді түрінде, парақтарда немесе орамдарда: өзгелері |
2 бөлім. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар | ||
28. | 3814 00 900 0 | басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген күрделі органикалық еріткіштер мен сұйылтқыштар; бояуларды немесе лактарды кетіруге арналған дайын қоспалар, өзгелері |
29. | 0709 51 000 0 | Agaricus тұқымдасының саңырауқұлақтары, жаңа немес салқындатылған |
30. | 0803 90 100 0 | жаңа, плантайндарды қоса алғанда, банандар |
31. | 0805 10 200 0 | жаңа, тәтті апельсиндер |
32. | 0805 21 000 0 | мандариндер жаңа және кептірілген (танжериндер мен сатсумды қоса алғанда) |
33. | 0810 70 000 0 | жаңа құрма |
34. | 0811 90 500 0 | қант немесе басқа тәттілендіргіштер қосылмаған Vaccinium myrtillus (көкжидек) түріндегі өсімдіктердің басқа жемістері |
35. | 6902 20 910 0 | құрамында 7 масс.% астам кремний тастарының ұнынан немесе ұқсас кремний жыныстарынан жасалған бұйымдардан басқа, құрамында 45 масс.% аз глиноземі (Al2O3) бар отқа төзімді кірпіштер, блоктар, плиткалар және ұқсас отқа төзімді керамикалық құрылыс материалдары |
Ескерту:
* Бағалардың ең төменгі деңгейін айқындау мақсаттары үшін тауарлар тек Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдаланудың қарапайымдылығы үшін берілген.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 31 қазандағы № 658 бұйрыққа 2-қосымша |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің Тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша ең төменгі баға деңгейін айқындау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша ең төменгі баға деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 518-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және осы бұйрыққа 1-қосымшаға (бұдан әрі – тауарлар) сәйкес төменгі баға деңгейі (бұдан әрі – БТД) айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлерінің Тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша ТБД айқындау тәртібін белгілейді.
2 тарау. Ең төменгі баға деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілетін тауарларға қатысты ең төменгі баға деңгейін айқындау тәртібі
2. Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан әрбір тауарға қатысты ақпарат беру айының алдындағы 3 (үш) ай үшін өндіруші кәсіпорындардың тауарларға орташа бағасын сұратады.
Өндіруші кәсіпорындардың орташа бағасы тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен беріледі.
3. Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 15 (он бесінші) наурыздан, 15 (он бесінші) маусымнан, 15 (он бесінші) қыркүйектен және 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында тауардың әрбір түріне БТД есептейді және жариялайды.
4. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға БТД мынадай формула бойынша есептеледі:
БТД=(ӨКОБ + ЕАЭООҚ) / 2,
мұнда:
ӨКОБ-өндіруші кәсіпорындардың орташа бағасы;
ЕАЭООҚ- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны, ол тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Мәлімдемелерде көрсетіледі және мемлекеттік кірістер органы әрбір тауар бойынша деректерге ие болған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін есептеледі.
5. Қазақстан Республикасында өндірісі жоқ тауарлар бойынша МУЦ келесі формула бойынша есептеледі:
БТД=( БААҚ + ЕАЭОБОҚ) / 2,
мұнда:
БААҚ – бағалық ақпараттың орташа мәні, ол тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесіне сәйкес есептеледі. Аталған әдістеме Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 414 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22669 болып тіркелген) бекітілген және мемлекеттік кірістер органы әрбір тауар бойынша деректерге ие болған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін қолданылады;
ЕАЭООҚ- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны, ол тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Мәлімдемелерде көрсетіледі және мемлекеттік кірістер органы әрбір тауар бойынша деректерге ие болған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін есептеледі.
6. БТД жыл сайын 1 (бірінші) қаңтардан 31 (отыз бірінші) наурызға дейін, 1 (бірінші) сәуірден 30 (отыз) маусымға дейін, 1 (бірінші) шілдеден 30 (отыз) қыркүйекке дейін және 1 (бірінші) қазаннан 31 (отыз бірінші) желтоқсанға дейін анықталады.
