Бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің Тізбесін, сондай-ақ бағалардың ең төменгі деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 658 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қарашада № 37326 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 518 бабы 2 тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ең төменгі баға деңгейі айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлерінің Тізбесі;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ең төменгі баға деңгейі айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлерінің Тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша ең төменгі баға деңгейін айқындау қағидалары.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қамтамасыз етсін:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Д. Темирбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі Ұлттық

      статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 658 бұйрыққа 1-қосымша

Бағалардың ең төменгі деңгейі айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды*

Тауардың атауы

1 бөлім. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлар

1.

2207 10 000 0

спирт концентрациясы 80 көлемдік % немесе одан жоғары денатуратталмаған этил спирті

2.

2208 20 120 0

сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтыларда жүзім шарабын дистиляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спиртті тұнба, коньяк (Cognac)

3.

2208 60 110 0

сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтылардағы спирт концентрациясы 45,4 көлемдік % немесе одан кем арақ

4.

2208 90 990 0

сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирт концентрациясы 80 көлемдік %-дан аз денатуратталмаған этил спирті

5.

0407 21 000 0

құс жұмыртқасы, қабықтағы, жаңа, үй тауықтарының (Gallus domesticus)

6.

1101 00 150

жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны

7.

1001 19 000 0

қатты бидай, өзгелері

8.

1001 99 000 0

бидай, өзгелері

9.

1512 19 900 2

өзге күнбағыс майлары және оның фракциялары нетто-көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы қаптамада

10.

2102 10 310 0

белсенді наубайхана ашытқысы, құрғақ

11.

2102 10 390 0

белсенді наубайхана ашытқысы, өзгелері

12.

0406 30 390 0

өзге де балқытылған ірімшіктер, үгітілмеген немесе ұнтақ түрінде емес, құрамындағы май мөлшері 36 масс.% аспайтын, құрғақ заттағы май мөлшері 48 масс.% асатын

13.

0406 10 500 2

май мөлшері 40 масс.% аспайтын сүзбе, өзгелері

14.

0701 90 900 0

жаңа немесе салқындатылған картоп, өзгелері

15.

0704 90 100 1

жаңа немесе салқындатылған ақ қырыққабат

16.

0706 10 000 1

жаңа немес салқындатылған сәбіз

17.

0808 10 800

алма, өзгелері

18.

1206 00 990 0

Өзге күнбағыс тұқымдары, ұсатылған немесе ұсатылмаған, қағылмғандардан басқа

19.

1517 90 910 0

сұйық, өзге де ұшпайтын өсімдік майлары, аралас

20.

1601 00 910 1

шұжықтар, құрғақ немесе паста тәрізді, шикі, еттен, ет қалдықтарынан немесе қаннан

21.

1601 00 990 1

еттен, ет қалдықтарынан немесе қаннан жасалған басқа ұқсас өнімдер

22.

1601 00 990 9

еттен, ет қалдықтарынан немесе қаннан жасалмаған басқа ұқсас өнімдер

23.

1902 30 100 0

макарон өнімдері, өзге кептірілген

24.

3105 20 100 0

азот, фосфор және калийдің үш қоректік элементін қамтитын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар, құрғақ сусыз өнімдегі азоттың мөлшері 10 масс.% астам

25.

3105 59 000 0

азот пен фосфордың екі қоректік элементін қамтитын басқа минералды немесе химиялық тыңайтқыштар

26.

3820 00 000 0

дайын антифриздер және мұзға қарсы сұйықтықтар

27.

6806 10 000 8

шлак жүн, минералды силикатты жүн және ұқсас минералды жүндер (олардың қоспаларын қоса алғанда), үйінді түрінде, парақтарда немесе орамдарда: өзгелері

2 бөлім. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар

28.

3814 00 900 0

басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген күрделі органикалық еріткіштер мен сұйылтқыштар; бояуларды немесе лактарды кетіруге арналған дайын қоспалар, өзгелері

29.

0709 51 000 0

Agaricus тұқымдасының саңырауқұлақтары, жаңа немес салқындатылған

30.

0803 90 100 0

жаңа, плантайндарды қоса алғанда, банандар

31.

0805 10 200 0

жаңа, тәтті апельсиндер

32.

0805 21 000 0

мандариндер жаңа және кептірілген (танжериндер мен сатсумды қоса алғанда)

33.

0810 70 000 0

жаңа құрма

34.

0811 90 500 0

қант немесе басқа тәттілендіргіштер қосылмаған Vaccinium myrtillus (көкжидек) түріндегі өсімдіктердің басқа жемістері

35.

6902 20 910 0

құрамында 7 масс.% астам кремний тастарының ұнынан немесе ұқсас кремний жыныстарынан жасалған бұйымдардан басқа, құрамында 45 масс.% аз глиноземі (Al2O3) бар отқа төзімді кірпіштер, блоктар, плиткалар және ұқсас отқа төзімді керамикалық құрылыс материалдары

      Ескерту:

      * Бағалардың ең төменгі деңгейін айқындау мақсаттары үшін тауарлар тек Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдаланудың қарапайымдылығы үшін берілген.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 658 бұйрыққа 2-қосымша

Тауарлардың жекелеген түрлерінің Тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша ең төменгі баға деңгейін айқындау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша ең төменгі баға деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 518-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және осы бұйрыққа 1-қосымшаға (бұдан әрі – тауарлар) сәйкес төменгі баға деңгейі (бұдан әрі – БТД) айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлерінің Тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша ТБД айқындау тәртібін белгілейді.

2 тарау. Ең төменгі баға деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілетін тауарларға қатысты ең төменгі баға деңгейін айқындау тәртібі

      2. Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан әрбір тауарға қатысты ақпарат беру айының алдындағы 3 (үш) ай үшін өндіруші кәсіпорындардың тауарларға орташа бағасын сұратады.

      Өндіруші кәсіпорындардың орташа бағасы тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен беріледі.

      3. Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 15 (он бесінші) наурыздан, 15 (он бесінші) маусымнан, 15 (он бесінші) қыркүйектен және 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында тауардың әрбір түріне БТД есептейді және жариялайды.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға БТД мынадай формула бойынша есептеледі:

      БТД=(ӨКОБ + ЕАЭООҚ) / 2,

      мұнда:

      ӨКОБ-өндіруші кәсіпорындардың орташа бағасы;

      ЕАЭООҚ- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны, ол тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Мәлімдемелерде көрсетіледі және мемлекеттік кірістер органы әрбір тауар бойынша деректерге ие болған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін есептеледі.

      5. Қазақстан Республикасында өндірісі жоқ тауарлар бойынша МУЦ келесі формула бойынша есептеледі:

      БТД=( БААҚ + ЕАЭОБОҚ) / 2,

      мұнда:

      БААҚ – бағалық ақпараттың орташа мәні, ол тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесіне сәйкес есептеледі. Аталған әдістеме Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 414 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22669 болып тіркелген) бекітілген және мемлекеттік кірістер органы әрбір тауар бойынша деректерге ие болған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін қолданылады;

      ЕАЭООҚ- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны, ол тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Мәлімдемелерде көрсетіледі және мемлекеттік кірістер органы әрбір тауар бойынша деректерге ие болған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін есептеледі.

      6. БТД жыл сайын 1 (бірінші) қаңтардан 31 (отыз бірінші) наурызға дейін, 1 (бірінші) сәуірден 30 (отыз) маусымға дейін, 1 (бірінші) шілдеден 30 (отыз) қыркүйекке дейін және 1 (бірінші) қазаннан 31 (отыз бірінші) желтоқсанға дейін анықталады.

Об утверждении Перечня отдельных видов товаров, в отношении которых применяется минимальный уровень цен, а также Правил определения минимального уровня цен

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 31 октября 2025 года № 658. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 ноября 2025 года № 37326

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026

      В соответствии с пунктом 2 статьи 518 Налогового кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Перечень отдельных видов товаров, в отношении которых применяется минимальный уровень цен согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила определения минимального уровня цен по товарам включенным в Перечень отдельных видов товаров, в отношении которых применяется минимальный уровень цен согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      исполняющий обязанности
Министра финансов
Республики Казахстан
Д. Темирбеков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
исполняющий обязанности
Министра финансов
Республики Казахстан
от 31 октября 2025 года № 658

Перечень отдельных видов товаров, в отношении которых применяется минимальный уровень цен

Код товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза*

Наименование товара

Раздел 1. Товары, производимые на территории Республики Казахстан

1.

2207 10 000 0

спирт этиловый неденатурированный с концентрацией спирта 80 объема % или более

2.

2208 20 120 0

спиртовая настойка, полученная в результате дистилляции виноградного вина или выжимок винограда, в сосудах емкостью 2 литра или менее, коньяк (Cognac)

3.

2208 60 110 0

водка с концентрацией спирта 45,4 объема % или менее, в сосудах Ұмкостью 2 литра или менее

4.

2208 90 990 0

спирт этиловый неденатурированный с концентрацией спирта менее 80 объема %, в сосудах Ұмкостью более 2 литров

5.

0407 21 000 0

яйца птиц, в скорлупе, свежие, кур домашних (Gallus domesticus)

6.

1101 00 150

мука пшеничная из пшеницы мягкой и спельты

7.

1001 19 000 0

пшеница твердая, прочая

8.

1001 99 000 0

пшеница прочая

9.

1512 19 900 2

прочие подсолнечные масла или его фракции в первичных упаковках нетто-объемом 10 литров или менее

10.

2102 10 310 0

дрожжи активные пекарные, сухие

11.

2102 10 390 0

дрожжи активные пекарные, прочие

12.

0406 30 390 0

прочие плавленые сыры нетертые или непорошкообразные с содержанием жира не более 36 мас.% при содержании его в сухом веществе более 48 мас.%

13.

0406 10 500 2

творог с содержанием жира не более 40 мас.%, прочий

14.

0701 90 900 0

картофель свежий или охлажденный, прочий

15.

0704 90 100 1

капуста белокочанная свежая или охлажденная

16.

0706 10 000 1

морковь свежая или охлажденная

17.

0808 10 800

яблоки, прочие

18.

1206 00 990 0

прочие семена подсолнечника, дробленые или недробленые, не для посева, кроме лущеных

19.

1517 90 910 0

прочие нелетучие растительные масла жидкие, смешанные

20.

1601 00 910 1

колбасы, сухие или пастообразные, сырые, из мяса, мясных субпродуктов или крови

21.

1601 00 990 1

прочие аналогичные продукты из мяса, мясных субпродуктов или крови

22.

1601 00 990 9

прочие аналогичные продукты не из мяса, мясных субпродуктов или крови

23.

1902 30 100 0

макаронные изделия, прочие сушенные

24.

3105 20 100 0

удобрения минеральные или химические, содержащие три питательных элемента: азот, фосфор и калий, с содержанием азота более 10 мас.% в пересчете на сухой безводный продукт

25.

3105 59 000 0

прочие удобрения минеральные или химические, содержащие два питательных элемента: азот и фосфор

26.

3820 00 000 0

антифризы и жидкости антиобледенительные, готовые

27.

6806 10 000 8

шлаковата, минеральная силикатная вата и аналогичные минеральные ваты (включая их смеси), навалом, в листах или рулонах: прочие

Раздел 2. Товары, не производимые на территории Республики Казахстан

28.

3814 00 900 0

растворители и разбавители сложные органические, в другом месте не поименованные или не включенные; готовые составы для удаления красок или лаков, прочие

29.

0709 51 000 0

грибы рода Agaricus, свежие или охлажденные

30.

0803 90 100 0

бананы, включая плантайны, свежие

31.

0805 10 200 0

апельсины сладкие, свежие

32.

0805 21 000 0

мандарины свежие и сушеные (включая танжерины и сатсума)

33.

0810 70 000 0

хурма свежая

34.

0811 90 500 0

прочие плоды растений вида Vaccinium myrtillus (черника) без добавления сахара или других подслащивающих веществ

35.

6902 20 910 0

кирпичи огнеупорные, блоки, плитки и аналогичные огнеупорные керамические строительные материалы, кроме изделий из кремнеземистой каменной муки или аналогичных кремнеземистых пород, содержащие более 7 мас.%, но менее 45 мас.% глинозема (Al2O3)

      Примечание:
*Для целей определения минимального уровня цен товары определяются исключительно кодами Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза. Наименования товаров приведены для удобства пользования.

  Приложение 2 к приказу
исполняющий обязанности
Министра финансов
Республики Казахстан
от 31 октября 2025 года № 658

Правила определения минимального уровня цен по товарам, включенным в Перечень отдельных видов товаров, в отношении которых применяется минимальный уровень цен

Глава 1. Общее положение

      1. Настоящие Правила определения минимального уровня цен по товарам, включенным в Перечень отдельных видов товаров, в отношении которых применяется минимальный уровень цен (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 518 Налогового кодекса Республики Казахстан и определяют порядок определения минимального уровня цен (далее – МУЦ) по товарам, включенным в Перечень отдельных видов товаров, в отношении которых применяется МУЦ, согласно приложению 1 к настоящему приказу (далее – товары).

Глава 2. Порядок определения минимального уровня цен по товарам, включенным в Перечень отдельных видов товаров, в отношении которых применяется минимальный уровень цен

      2. Орган государственных доходов ежегодно до 28 (двадцать восьмого) февраля, 31 (тридцать первого) мая, 31 (тридцать первого) августа и до 30 (тридцатого) ноября запрашивает у уполномоченного органа в области государственной статистики средние цены предприятий-производителей на товары, за 3 (три) месяца, предшествующих месяцу предоставления информации в отношении каждого товара.

      Средние цены предприятий-производителей предоставляются в тенге за единицу измерения товара.

      3. Орган государственных доходов ежегодно не позднее 15 (пятнадцатого) марта, 15 (пятнадцатого) июня, 15 (пятнадцатого) сентября и 15 (пятнадцатого) декабря рассчитывает и опубликовывает МУЦ на каждый вид товара на своем официальном интернет-ресурсе kgd.gov.kz.

      4. МУЦ на товары, производимые на территории Республики Казахстан, рассчитывается по следующей формуле:

      МУЦ = (СЦПП+ ССЕАЭС)/2,

      где:

      СЦПП – средняя цена предприятий-производителей;

      ССЕАЭС – средняя стоимость товаров, ввезенных в Республику Казахстан с территории государств-членов Евразийского экономического союза, указанная в Заявлениях о ввозе товаров и уплате косвенных налогов за 3 (три) месяца, предшествующих месяцу, в котором орган государственных доходов располагает сведениями по каждому товару.

      5. МУЦ по товарам, производство которых отсутствует в Республике Казахстан, рассчитывается по следующей формуле:

      МУЦ = (СЗЦИ + ССЕАЭС)/2

      где:

      СЗЦИ – среднее значение ценовой информации, рассчитывается на основании Методики формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 29 апреля 2021 года № 414 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22669) за 3 (три) месяца, предшествующих месяцу, в котором орган государственных доходов располагает сведениями по каждому товару;

      ССЕАЭС – средняя стоимость товаров, ввезенных в Республику Казахстан с территории государств-членов Евразийского экономического союза, указанная в Заявлениях о ввозе товаров и уплате косвенных налогов за 3 (три) месяца, предшествующих месяцу, в котором орган государственных доходов располагает сведениями по каждому товару.

      6. МУЦ определяется ежегодно в период с 1 (первого) января по 31 (тридцать первое) марта, с 1 (первого) апреля по 30 (тридцатое) июня, с 1 (первого) июля по 30 (тридцатое) сентября и с 1 (первого) октября по 31 (тридцать первое) декабря.