Елді мекендердегі нөсерлі кәріз (дренаж) жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 460 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37298 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 492-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп Елді мекендердің нөсерлі кәріз (дренажды) жүйелерін қолдану және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және

      ирригация министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 29 қазандағы
№ 460 бұйрығымен
бекітілген

Елді мекендердегі нөсерлі кәріз (дренаж) жүйелерін пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер.

      1. Осы Елді мекендердегі нөсерлі кәріз (дренаж) жүйелерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 492-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және елді мекендердің нөсер кәрізі (дренаждық) жүйелерін қолдану тәртібін және елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық суларды қабылдау және бұру, оларды тазарту және кейіннен су объектілеріне, сарқынды суларды жинақтағыштарға немесе жергілікті жер бедеріне ағызу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) нөсер кәрізі жүйесі - елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық суларды қабылдау, оларды тазарту және кейіннен су объектілеріне, сарқынды суларды жинақтағыштарға немесе жергілікті жер бедеріне ағызу кезінде арналған жабық және ашық құрылыстар;

      2) елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан науалардан, қарау құдықтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаждық суларының ағынын қабылдайтын құбырлардың, жаңбыр қабылдағыш құдықтардың жерасты желісі нөсер кәрізінің жабық жүйесі;

      3) жаңбыр қабылдағыш құдықтар - түсудің (көтерілудің) созылмалы учаскелерінде, жер үсті суларының ағуы жағынан қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, жер үсті суларының ағысы жоқ көшелер, аула және саябақ аумақтары орындарында орнатылатын арнайы су қабылдағыш құдықтар;

      4) жаңбыр қабылдағыштар - жүріс бөлігінің жазықтығында көлденең және тік типті тесіктері бар торлар;

      5) нөсер кәрізінің ашық жүйесі - науалардан, су бұру орларынан (кюветтер, арықтар және т.б.), өтпелі құбырлардан және басқа да осындай құрылыстардың көшелері қиылысатын жерлердегі көпірлерден тұратын су ағызу жүйесі;

      6) жер бетіндегі ағын - жаңбыр мен қар түріндегі атмосфералық жауын-шашынның қала аумағының бетіне түсуі салдарынан пайда болатын ағын, онда жер бетіне түскен судың бір бөлігі буланады, бір бөлігі оның барлық тегіс емес жерлерін толтыра отырып, бетін ылғалдандырады, бір бөлігі топыраққа ағады;

      7) жерасты ағыны - құрылыстық суды төмендету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде инфильтрациялық және дренаждық сулар, сондай-ақ жерасты сулары түзетін ағын;

      8) абонент – пайдаланушы ұйыммен елді мекендер мен өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтарынан ағатын жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаж суларына шарт жасасқан, нөсер кәрізі жүйелеріне қосылған қызметін заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын, меншігінде немесе заңды негізде нөсер кәрізі жүйесі бар заңды және жеке тұлғалар.

      9) қосалқы абонент - осы Қағидалардың "абонент" ұғымында аталған, пайдаланушы ұйым абонентінің нөсер кәрізі желісіне абонентпен шарт бойынша жерүсті сарқынды суларын жіберетін тұлға;

      10) пайдаланушы ұйым (бұдан әрі - өнім беруші) - елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан елді мекеннің нөсер кәрізі жүйесіне ағатын жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаж суларын қабылдауды және тазартуды жүзеге асыратын және осы жүйелерді пайдаланатын кәсіпорын (ұйым);

      11) нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесінің өткізу қабілеттілігі - нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесінің көшелерді, жертөле және жартылай жертөле орын-жайларын су басусыз желінің бір рет толып кетуінің шекті кезеңдері кезінде жауынның есептік мөлшерін өткізу мүмкіндігі;

      12) жол берілетін төгінді нормативі - экологиялық рұқсатта белгіленетін және уақыт бірлігінде төгуге барынша жол берілетін (рұқсат етілген) жер үсті сарқынды сулардағы ластаушы заттың не ластаушы заттар қоспасының мөлшері (массасы) ретінде айқындалатын экологиялық норматив;

      13) жерүсті сарқынды суларын нормативтен тыс ағызу - елді мекендер мен өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағынан елді мекеннің нөсер кәрізі жүйесіне ағатын, көлемі мен құрамы бойынша нөсер кәрізінің белгіленген нормативтерінен асатын жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаж суларын және ластаушы заттарды ағызу;

      14) жерүсті сарқынды суларының құрамы - ластаушы заттардың тізбесін және олардың шоғырлануын қамтитын сарқынды сулардың сипаттамасы.

      16) нөсер кәрізі жүйелеріне өз бетінше қосылу - абоненттің нөсер кәрізі желілерін елді мекеннің нөсер кәрізі желілерімен технологиялық қосуға (қосуға) және көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің тиісті рұқсатын алмай және (немесе) белгіленген тәртіпті бұза отырып пайдалануға бағытталған ic-әрекеттері;

      17) рұқсат беру құжаттамасы-жергілікті атқарушы органның органдары беретін нөсерлік кәріз жүйелеріне қосылуға және нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйелерін пайдаланатын ұйым беретін қосылуға техникалық шарттармен берілетін рұқсат;.

      18) бақылау құдығы - абоненттің жер үсті сарқынды суларының сынамаларын есепке алуға және іріктеуге арналған құдық немесе пайдаланушы ұйымның нөсер кәрізі жүйесіне келтірер алдында абоненттің нөсер (дренаж) кәрізі жүйесіндегі соңғы құдық;

      19) пайдалану жауапкершілігінің шекарасы - нөсер кәрізі жүйелерінің элементтерін пайдалану үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша нөсер кәрізі жүйелерінің элементтерін бөлу орны;

      20) теңгерімдік тиесілілік шекарасы - нөсер кәрізі жүйелерінің және ондағы құрылыстардың элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгілері бойынша иелері арасында бөлу орны. Теңгерімдік тиесілілік шекарасы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы бойынша белгіленеді.;

      21) шығару - бетон басы бар су объектілеріне тазартылған жерүсті сарқынды суларын ағызу үшін нөсер кәрізін шығару;

      22) байқау құдықтары - нөсер кәрізі желілерінде қосылу орындарында, құбырлардың бағыты, еңістері мен диаметрлері өзгерген жерлерде, құбырлардың диаметріне байланысты қашықтықтағы түзу учаскелерде орнатылатын құдықтар, нөсер кәрізі құдықтары жоспарындағы өлшемдер ең үлкен диаметрлі құбырларға байланысты қабылданады;

      23) дренаждық кәріз - жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды жер асты суларының басып қалуынан сақтайтын және оларды нөсер кәрізі жүйелеріне жіберетін кәріз желілері;;

      24) қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарының жекелеген бөлiктерiн, басқа да объектiлердi орналастыруға арналған, олардың орналасуы мен қызметi арнайы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететiн әсер етпейтiн елдi мекен аумағының бөлiгi;

      25) жерүсті сарқынды сулары - елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан ағатын жаңбыр, еріген, илфильтрациялық, суару-жуу, дренаж сулары;

      26) нөсер кәрізі жүйелерін жоспарлы/жоспардан тыс тексеру - өнім беруші өткізетін, абоненттің объектісін тексеруді, оның ішінде құбырлардың нысаналы мақсатына (қызмет түріне), техникалық жай-күйіне, суды есепке алу тораптарындағы пломбалардың сақталуына, сынамаларды іріктеп алуға және Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Су бұру саласындағы қолданыстағы заңнаманың және осы Қағидаларға сәйкес оның құзыретіне кіретін іс-әрекеттерді жүзеге асыруға сәйкестігін тексеруді қамтитын іс-шаралар;

      27) нөсер (дренаж) кәрізі жүйелерінің күзет аймағы - нөсер (дренаж) кәрізі жүйелерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануын, сондай-ақ осы жүйелердің күзет аймағына тап болған халық арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;

      28) нөсерлік (дренаждық) кәріз желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар (бұдан әрі - Техникалық шарттар) - нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесі иесінің оларға қосылу үшін қажетті техникалық талаптарын ескертетін құжат.

      Техникалық шарттар абонентті елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз желілеріне қосуға (технологиялық қосуға) рұқсат болып табылмайды.

      29) Суды есепке алу торабы - ауыз, техникалық, сарқынды және басқа да су түрлерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдары (суды есепке алу аспабы, шығын өлшегіш, манометр) және (немесе) құрылғылар жүйесіне арналған арнайы жабдықталған орын (тиекті арматура, өлшеу құралына дейінгі және одан кейінгі құбырлардың тікелей учаскелері, деректерді жинау және беру құрылғылары, қысымды реттегіш және басқа да құрылғылар түрлері).

      3. Нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйелері кәсіпорындардың, қоныстану аймақтары мен автомагистральдардың аумақтарынан жерүсті сарқынды суларды қабылдауға және бұруға, оларды тазартуға және кейіннен су объектілеріне, сарқынды суларды жинағыштарға немесе жер бедеріне ағызуға арналған жабық және ашық құрылыстар болып табылады.

      4. Мынадай абоненттерге нөсер кәрізі жүйесін пайдалануға жол берілмейді:

      елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз желілеріне техникалық шарттарды бұза отырып немесе олар болмаған кезде жалғанған.

      елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесіне елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық суларды бұру және тазарту бойынша көрсетілген қызметтерді ұсынуға арналған шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін пайдаланылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғалар тармағы.

      5. Абонент үш жұмыс күні ішінде су бұру желілеріне объектілерді қосуға арналған жаңа техникалық шарттарды алу үшін жеткізушіге жүгінеді:

      1) тұтынушының қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін тұтынылатын қызметтер санының өзгеруі;

      2) бұрын қосылмаған объектінің су бұру желілеріне қосылуы.

      6. Елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесіне елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық суларды бұру және тазарту бойынша көрсетілген қызметтердің көлемінің есебі Қазақстан Республиасының Су кодексінің 25-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесі арқылы елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық суларды бұру және тазарту бойынша көрсетілген қызметтердің құны мен көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес қнім беруші жүргізеді

      7. Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесіне ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаждық суларды бұру және тазарту бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу есептеріне әсер ететін барлық өзгерістер абонент растайтын құжаттарды жеткізушіге ұсына отырып, өтініш берген сәттен бастап күшіне енеді.

      8. Осы Қағидалар пайдаланушы ұйымдар үшін де, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан елді мекеннің нөсер кәрізіне жерүсті сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын нөсер (дренаж) кәрізі жүйесінің барлық абоненттері (қосалқы абоненттері) үшін де міндетті болып табылады.

2-тарау. Елді мекендердің (дренаждық) нөсер кәрізі жүйелерін пайдалану тәртібі

1-параграф. Жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаж суларын бұру және тазарту жөніндегі қызметтерге арналған шарт

      9. Елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесіне елді мекендер мен өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағынан ағатын жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаждық суларды бұру және тазарту жөніндегі қызмет нөсерлік кәріз жүйелері болған кезде және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдаланушы ұйым мен абонент арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі. Шарт 2 данада жасалады, оның біреуі пайдаланушы ұйымда, екіншісі абонентте қалады.

      10. Шарт жасасу кезінде абонент мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) нөсер ағындары мен өндірістік сарқынды сулардың көлемін есептеу, елді мекеннің нөсер кәрізіне ағызу жоспарланған ластаушы заттарды ағызудың есептік массасы;

      2) кәсіпорынның нөсер кәрізінің схемасы;

      3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес әзірленген, мыналарды көздейтін өндірістік экологиялық бақылаудың бағдарламасы:

      кәсіпорын аумағынан ағызылатын жерүсті сарқынды суларын тазарту;

      кәсіпорынның аумағынан жерүсті сарқынды суларымен ластаушы заттардың шығарылуын жоюға;

      жинау құралдары мен жұмыстарын барынша механикаландыра отырып, аумақты үнемі жинауды ұйымдастыру;

      жол төсемдеріне уақтылы жөндеу жүргізу;

      көгалдандыру аймақтарын нөсерлі жаңбыр кезінде жол жабынына топырақтың шайылуын болдырмайтын жиектемелермен қоршау;

      атмосфераға шығарындыларды барынша тазарту мақсатында шаң және газ тазарту қондырғылары жұмысының тиімділігін арттыру және осы себеппен кәсіпорын аумағында қалыптасатын жер бетіндегі ағындарда ерекше ластағыштардың пайда болуын болдырмау;

      автокөлікті пайдаланудың техникалық деңгейін арттыру;

      ашық орлардың уақытша схемасы бойынша жер үсті ағынын ретке келтіре отырып, оны кейіннен нөсер кәрізіне бұрай отырып, жер тұндырғыштарда талап етілетін нормаларға дейін жарықтандыра отырып, құрылыс алаңдарын қоршау;

      шикізат пен аралық өнімдердің төгілуі мен төгілуі болмай қоймайтын аумақ учаскелерін бірлесіп тазарту үшін өндірістік кәріз жүйесіне жер үсті ағынын бұза отырып оқшаулау;

      сусымалы және сұйық материалдарды жинау мен тасымалдауды реттеу.

      Өндірістік экологиялық бақылаудың бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және пайдаланушы ұйыммен келісіледі.

      11. Нөсер кәрізі жүйелерінің, құрылыстар мен құрылғылардың техникалық жай-күйі үшін пайдаланушы ұйым мен абонент арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы олардың теңгерімдік тиесілілігімен айқындалады және шартқа қоса берілетін бөлу актісінде белгіленеді.

      12. Нөсер кәрізінің схемалары немесе жер үсті сарқынды суларын қалыптастыру шарттары өзгерген кезде абонент 10 күнтізбелік күн ішінде пайдаланушы ұйымға шартқа өзгерістер енгізу туралы келісім енгізеді немесе жаңа шарт жасалады.

      13. Пайдаланушы ұйыммен шарт жасасқан абонент алынған рұқсат негізінде өзінің теңгеріміндегі және қызмет көрсететін (абонент) нөсер кәрізі жүйелеріне және бос қуаттар мен нөсер кәрізі жүйелерінің техникалық мүмкіндігі кезінде абоненттің (қосалқы абоненттердің) құрылғысына қосылуға рұқсат береді.

      Бұл ретте қосалқы абонент осы Қағидалардың 21, 22 және 23-тармақтарына сәйкес тәртіппен елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесіне елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан ағатын жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаждық суларды бұру және тазарту жөніндегі қызметтерге шарт жасасады. Шартқа қосымшада (негізгі абонент пен пайдаланушы ұйым арасында) субабоненттердің атауын, теңгерімдік тиістілігін, бұрылатын сулардың көлемі туралы мәліметтерді, жаңбыр қабылдағыш құрылғыларды көрсете отырып, негізгі абоненттің желілеріне барлық қосылулар туралы деректер келтіріледі.

      14. Бұрындары жұмыс істеп тұрған нөсер кәрізі желілеріне қосылған абонент (қосалқы абонент) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нөсер кәрізі жүйелерін тексеру актісі негізінде жер үсті сарқынды суларын қабылдау бойынша қызмет көрсетуге пайдаланушы ұйыммен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, ұсынылған хабарламаның 3 жұмыс күні ішінде елді мекеннің нөсер кәрізі жүйесінен ажыратылады. Қайта қосу шарт жасасқаннан және пайдаланушы ұйым шеккен барлық шығындар өтелгеннен кейін жүргізіледі.

      15. Елді мекендердің нөсер кәрізі жүйесіне жер үсті сарқынды суларының барлық түрлерін бұруды (ағызуды) пайдаланушы ұйыммен жасалған және осы Қағидалардың талаптарын ескеретін жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаждық суларын бұру және тазарту жөніндегі қызметтерді орындауға арналған шарт бойынша абоненттер жүргізеді.

      16. Шартта жерүсті сарқынды суларын қабылдау нормативтері, оларға сәйкес келетін ақы көрсетіледі. Атап айтқанда, мыналар көрсетіледі:

      нөсер кәрізі жүйесіне қабылданатын абоненттің сарқынды сулары үшін жол берілетін нормалар: нормативтік шығын, жол берілетін концентрация, ластаушы заттардың жол берілетін төгіндісі;

      уақытша келісілген нормалар: уақытша келісілген шоғырланулар, көлемдер лимиттері, уақытша келісілген төгінділер.

      17. Абоненттер жер үсті сарқынды суларын ағызудың уақытша келісілген нормаларын белгілеу үшін пайдаланушы ұйымға техникалық шарттарды алуға өтініш береді.

      18. Абонентті ағызудың техникалық шарттары өзгерген кезде (кеңейту, реконструкциялау, су бұру режимі мен көлемі) абонемент үш күнтізбелік күн ішінде тиісті өзгерістер енгізу және шартты түзету үшін деректерді жинақтау мақсатында пайдаланушы ұйымға хабарлайды.

2-параграф. Объектілерді нөсер кәрізі жүйелеріне қосуға қойылатын талаптар

      19. Жаңа объектілерді нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйелеріне технологиялық қосу жеткізушінің рұқсаты негізінде жүргізіледі.

      20. Техникалық шарттар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымн бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының 2-параграфына сәйкес беріледі (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген).

      21. Елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйелеріне қосылудың техникалық шарттары:

      нөсер (дренаж) кәрізі жүйелеріне қосылатын орын;

      техникалық шарттардың қолданылу мерзімі;

      абоненттен қабылданатын жер үсті ағындарының саны, құрамы және қабылдау режимі;

      суды есепке алу тораптарына қойылатын талаптар;

      22. Нөсер (дренаж) кәрізі жүйелерін салу, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасындағы құрылыс, қала құрылысы және сәулет қызметі саласындағы қолданыстағы нормативтік техникалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

      23. Қолданыстағы нөсер кәрізінің жүйелеріне өз еркімен қосылуға тыйым салынады.

      24. жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаждық суларының өз еркімен қосылуы немесе рұқсатсыз төгілуі анықталған жағдайда пайдаланушы ұйымның өкілі 2 данада акт ресімдейді, оның біреуі техникалық қосылу абонентіне беріледі.

      Абонент немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оны кемінде үш адамнан тұратын жеткізуші өкілдерінен тұратын комиссия ресімдеген жағдайда акт жарамды деп есептеледі. Актіде абоненттің қол қоюдан бас тарту фактісі тіркеледі, бұл фотоға түсірумен және (немесе) бейнетіркеумен расталады.

      25. Елді мекеннің нөсерлік кәріз жүйесіне өз еркімен қосылу немесе жер үсті, топырақ немесе технологиялық ағындарды рұқсатсыз ағызу абонентті дереу өшіруге әкеп соғады.

      26. Жерүсті сарқынды суларын ағызу нөсерлік кәріз жүйесіне тікелей қосу жолымен жүзеге асырылады.

      Нөсер кәрізі жүйесіне өндірістік ағындарды ағызу кезінде абонент өндірістік ағындардың құрамын химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге ұсынады.

      27. Елді мекеннің нөсер кәрізі жүйелеріне абоненттерді қосу (технологиялық қосу) нөсер кәрізі жүйелерінің техникалық мүмкіндігі бойынша және № 750 Қағидаларға сәйкес техникалық шарттарды алу кезінде жүзеге асырылады.

      28. Нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесінің меншік иелері (иелері) өз жүйелерінің сақталуын, тиісті санитариялық және техникалық жарамды күйін, пайдаланылуын және дамуын қолдайды.

      Нөсер кәрізі жүйелерінің, сондай-ақ тазарту құрылыстарының, айдау станцияларының, шлюздердің және елді мекеннің нөсер кәрізі жүйесі құрылыстарының техникалық жарамды жай-күйі пайдаланушы ұйымдармен қамтамасыз етіледі.

      29. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесіне қосылған және оған жаңбыр, еріген, инфильтрацияланған, суару-жуу, дренаждық суларды бұратын нөсерлік (дренаждық) кәріздің меншікті жүйелері болған кезде Әдістемеге сәйкес айқындалатын бөлінген нөсерлік, еріген инфильтрациялық, суару-жуу, дренаж сулардың нақты көлемі үшін ақы төлейді.

3-параграф. Елді мекендердің нөсер кәрізі жүйелеріне жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаж суларын қабылдауға қойылатын талаптар

      30. Елді мекендердің нөсер кәрізі жүйелеріне ағызуға жол берілетін жерүсті сарқынды суларының құрамына қойылатын талаптар:

      1) экологиялық заңнамада белгіленген нормативтерге сәйкес пайдаланушы ұйым үшін белгіленген ағынды нөсерлі сулары бар ластаушы заттарды су айдынына төгу нормаларын қамтамасыз ету;

      2) нөсер кәрізі жүйелерінің сақталуы және нормативтік жұмысы.

      31. Елді мекеннің нөсер кәрізі жүйесіне ағызуға жол берілетін жерүсті сарқынды суларының құрамы:

      1) пайдаланушы ұйым үшін белгіленген шекті рұқсат етілген шоғырлану нормативтері деңгейінде қабылданған ластаушы заттардың рұқсат етілген шоғырланулары;

      2) жерүсті сарқынды сулары шығысының есептік нормативтерімен айқындалады.

      Нормативтік шығысты пайдаланушы ұйым қосымша ақпаратты алу шамасына қарай түзетеді. Нормативтік шығыстарды түзету кезінде міндетті түрде абоненттің су шаруашылығы паспортына және оның су балансының схемасына өзгерістер енгізіледі. Ластаушы заттардың жол берілетін төгіндісі нормативтік шығынға жол берілетін шоғырланудың көбейтіндісіне тең масса болып табылады.

      32. Нөсер кәрізі желілерінің бос және қол жетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, өткізу қабілеттері болған кезде пайдаланушы ұйым абонент белгіленген рұқсат етілген нормаларға кепілдік бере отырып, өндірістік экологиялық бақылау бойынша тиімді іс-шараларды орындаған жағдайда, рұқсат етілген нормаларға уақытша сәйкес келмейтін (ластанудың нақты шоғырлануы жол берілетін ағындардың нақты көлемінен асады - нормативтік шығыстардан артық) жер үсті сарқынды суларын қабылдау туралы мәселелерді қарайды.

      Абоненттерге жер үсті сарқынды суларында ластану шоғырлануын төмендету жөніндегі іс-шараларды орындау кезеңінде өтінішхат бойынша уақытша келісілген нормалар белгіленеді:

      1) ластаушы заттардың уақытша келісілген шоғырлануы, мг/л;

      2) ағын су көлемінің лимиттері (уақытша келісілген шығыстар), мск/тәул.;

      3) ластаушы заттардың уақытша келісілген төгінділері (массасы), кг/тәул.

      33. Абоненттер үшін уақытша келісілген нормалар пайдаланушы ұйымның ол үшін нақты кезеңге белгіленген сарқынды суларды ағызу нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      34. Жер үсті сарқынды суларының барлық түрлеріне арналған нормативтер:

      нөсер кәрізі жүйесіне жерүсті сарқынды суларын қабылдаудағы техникалық мүмкіндіктерді негізге ала отырып және табиғи ресурстарды пайдалануды ескере отырып, көлемі бойынша (су бұру лимиттері);

      сапасы бойынша - осы Қағидалармен және шарт талаптарымен айқындалатын, нөсер кәрізі жүйесіне абоненттің жерүсті сарқынды суларын қабылдау шарттарына сүйене отырып, нөсер кәрізі жүйесіне ағызуға тыйым салынған заттардың тізбесі, абоненттің жерүсті сарқынды суларындағы ластаушы заттардың жол берілетін шоғырлануы.

      35. Елді мекендерді нөсерлі кәріз жүйесіне тастауға тыйым салынады:

      1) осы жүйелердің техникалық жай-күйін нашарлататын, құбырлардың материалы мен құрылыстардың элементтеріне қиратушы әсерін туғызатын, құрылыстардың қызмет көрсететін персоналына қауіп төндіретін ағындар мен заттар;

      2) желілерде және құрылыстарда уытты газдар (күкіртті сутек, күкіртті көміртек, цианды сутек және т.б.) түзуге қабілетті қышқылдар, жанғыш қоспалар, уытты және еритін газ тәріздес заттар;

      3) құбырларды, құдықтарды, торларды, өндірістік және шаруашылық қалдықтарды ластауға қабілетті заттар (окалина, әк, құм, гипс, металл жаңқалар, қаныгалар, талшықтар, шлам, күл, топырақ, құрылыс және тұрмыстық қоқыстар, ерімейтін майлар, шайырлар, мазут және т.б.);

      4) шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік ағынды сулар.

      36. Пайдаланушы ұйым жасалған шартқа сәйкес абоненттердің (құрылыс салушылардың) аумағынан жер үсті сарқынды суларын бұруды қамтамасыз етеді.

      37. Нөсерлік кәріз жүйесіне абоненттің жерүсті сарқынды суларын ағызу кезінде абонент пайдаланушы ұйым өкілдерінің тәуліктің кез келген уақытында өзі ағызатын жерүсті сарқынды суларының құрамына мониторинг жүргізу үшін құрылғыларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді. Нөсер кәрізі жүйесіне абоненттердің жерүсті сарқынды суларын ағызу дербес шығарумен жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір шығарылымда бақылау құдығының құрылғысы орнатылады. Бақылау құдығы абонент аумағынан тыс (не пайдаланушы ұйыммен келісілген жерде) және басқа қосылыстары жоқ жерде орналастырылады.

      38. Жаңбыр суының кәріздің жаңбыр жүйесіне түсуіне жаңбыр қабылдағыштар арқылы ғана жол беріледі.

      39. Елді мекеннің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінен, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінен нөсер кәрізі жүйесіне судың ағуы жаңбыр қабылдағыш тордың өткізу қабілеті бойынша есептеледі және осы көрсетілетін қызметтерді табиғи монополиялар субъектілері өтейді.

4-параграф. Елді мекендердің нөсер кәрізі жүйесіне жерүсті сарқынды суларын ағызу үшін есеп айырысу тәртібі

      40. Есеп айырысу тәртібі пайдаланушы ұйымның абоненттерінен елді мекендердің нөсер кәрізі жүйесіне жер үсті сарқынды сулары мен ластаушы заттарды нақты ағызғаны үшін ақы алу тетігін реттейді, ол:

      елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесіне елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық суларды бұру және тазарту бойынша көрсетілген қызметтер;

      көлемі мен сапасы бойынша жерүсті сарқынды суларын нормативтен тыс ағызу.

      41. Пайдаланушы ұйымдардың елді мекендердің және өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан нөсер сулары жүйесіне ағатын жаңбыр, еріген қар, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаж суларын бұру және тазарту жөніндегі қызметтер үшін абоненттен ақы алуы Елді мекеннің (дренаждық) кәрізі нақты ағызылған жерүсті сарқынды суларының әрбір текше метрі үшін белгіленген бағамен жүргізіледі жасалған шарттар негізінде елді мекеннің нөсер (дренаж) кәрізі жүйесіне елді мекендер мен өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағынан ағатын жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаж суларын бұру және тазарту жөніндегі қызметтер (тарифтер). Нөсер кәрізі жүйесіне жерүсті сарқынды суларын қабылдау жөніндегі қызметтер үшін төлем Әдістемемен анықталады.

      42. Елді мекеннің нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесіне елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық суларды бұру және тазарту бойынша көрсетілген қызметтерінің құны жергілікті атқарушы органмен келіскеннен кейін пайдаланушы ұйыммен 10 күнтізбелік күн ішінде бекітіледі.

      43. Абоненттен белгiленген нормативтерден асып түскенi үшiн алынатын төлем пайдаланушы ұйымның қадағалау органдары тарапынан пайдаланушы ұйымға абоненттердi нормативсiз тастауға байланысты санкцияларды қолдануынан туындаған шығындарды өтеуi болып табылады.

5-параграф. Жерүсті сарқынды суларын ағызуға бақылау жүргізу тәртібі

      44. Абонент экологиялық заңнамаға сәйкес өз аумағынан елді мекеннің нөсерлік кәріз жүйесіне түсетін жерүсті сарқынды суларының мөлшері мен сапасын бақылауды жүзеге асырады.

      Бақылау елді мекеннің нөсерлік кәріз жүйесіне шығарылған бақылау құдықтарындағы жерүсті сарқынды суларының құрамын талдау, сондай-ақ олардың санын өлшеу жолымен жүзеге асырылады.

      45. Абоненттер пайдаланушы ұйымға жер үсті сарқынды суларының көлемі туралы, сапалық құрамы туралы мәліметтерді сарқынды суларды ағызу (қабылдау) шартында белгіленген кезеңділікпен және нысан бойынша ұсынады.

      Нормаланатын ластаушы заттардың бақыланатын кестесі мен тізбесін және жерүсті сарқынды суларының құрамын бақылау әдістерін абонент пайдаланушы ұйыммен келіседі.

      46. Абонентте жерүсті сарқынды суларының сапасын бақылау жөніндегі аккредиттелген зертхана болмаған кезде талдауларды шартқа сәйкес аккредиттелген зертхана жүргізеді.

      47. Пайдаланушы ұйым ашық су айдынына ағызылатын жерүсті сарқынды суларының сапасына мерзімді зертханалық бақылауды жүзеге асырады.

      48. Абоненттер пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің тәуліктің кез келген уақытында қажетті құжаттарды, аспаптарды, құрылғыларды, өз өкілін ұсынуды қоса алғанда, жерүсті сарқынды суларының төгілуіне бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      49. Жерүсті сарқынды суларының сынамаларын іріктеуді пайдаланушы ұйымның қызметкерлері абонентке оның өкілінің қатысуымен алдын ала хабарлаусыз жүргізеді.

      50. Су сынамаларын алу кезінде екі тарап та сынамаларды алу орны мен тәртібінің дұрыстығын куәландыратын 2 данада акт жасайды және қол қояды. Бір данасы абонентке беріледі, екіншісі пайдаланушы ұйымның қызметкерлерінде қалады.

      Келіспеген жағдайда, абонент сынамаларды іріктеуді тәуелсіз аккредиттелген зертханаға жібереді.

      51. Пайдаланушы ұйым іріктелген сынаманы бактериологиялық зерттеу үшін сынамаларды іріктеп алған сәттен бастап 2 сағаттан кешіктірмей, талдау жүргізуге шарт жасалған аккредиттелген зертханаға жеткізеді.

      52. Пайдаланушы ұйымның өкілі жер үсті сарқынды суларының сынамаларын іріктеу үшін жіберілмеген кезде жіберілмеу туралы акт (2 данада) жасалады, оған екі тарап қол қояды. Абонент рұқсат бермеу туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оны кемінде үш адамнан тұратын жеткізуші өкілдерінен тұратын комиссия ресімдеген жағдайда акт жарамды деп есептеледі. Актіде абоненттің қол қоюдан бас тарту фактісі тіркеледі, бұл фотоға түсірумен және (немесе) бейнетіркеумен расталады.

      53. Жер үсті ағынды суларының ластаушы заттарының шекті рұқсат етілген шоғырлануынан асып кетуіне байланысты жүйелі бұзушылықтар және абоненттер тарапынан бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданбаған кезде пайдаланушы ұйым бұл туралы абонентке 15 жұмыс күні бұрын хабарлай отырып, жер үсті ағынды суларын қабылдауды тоқтатады (шартты біржақты тәртіппен бұзу). Шартты бұзу туралы шешiмге абонемент сот тәртiбiмен шағымданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады