ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 27) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 29 қазандағы № 398 бұйрығымен бекітілген |
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 27) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық түрде көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Ғылыми-зерттеу мақсатында аулауға рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
4. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір шыққанда бір балықшыға бес килограмға дейін алуға болатын әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.
2-тарау. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
5. Мына мемлекеттік қызметтерді:
1) екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне арналған рұқсат беруді – уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
2) екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатты беруді – жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
6. "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесін бюджетке төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ) құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты жұмыскерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Жауапты жұмыскер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды жібереді.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсатты ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жібереді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде жауапты жұмыскер көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жібереді.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
13. Егер балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың талаптары бойынша балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ бірнеше кемелерде, бригадаларда немесе буындарда жүзеге асырылса, әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға рұқсатты көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы жеке басып шығарады.
Әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға басып шығарылған рұқсат көрсетілетін қызметті алушыға берілген рұқсаттың көшірмесі болып есептеледі.
14. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
2-параграф. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, уәкілетті органның атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, хабарлайды.
18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша |
"Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы |
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру. |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
1) екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне рұқсат беруді – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Барлық кіші түрлері бойынша: "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Барлық кіші түрлер бойынша: электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1. Жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар: |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Барлық кіші түрлері бойынша мемлекеттік қызмет ақылы / тегін негізде көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 27) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі –ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықталуы; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 25 шілдеде № 335 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет. |
| Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
(кімге)______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (көрсетілетін қызмет алушының) толық атауы)
(кімнен) ____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті
берушінің)
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
мекенжайы __________________________________________________________
(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нмірі, пәтер \
нөмірі (бар болса))
электрондық почтасы______________ телефоны ___________________________
көрсетілетін қызметті алушының ________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш
Мыналарға:
1) балық аулауға (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімді молайту мақсатында аулауға);
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалануға "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат" беруді сұраймын.
Пайдалану түрі: ______________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы____________________________
Алып қою мақсаты: ___________________________________________________
Алып қою тәсілдері: ___________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: ______________________________
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, балықтарды және басқа да су
жануарларын алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:
______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған 20___жылғы "__"_____ №_____ шарт
Субъектіні аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі, күні және сериясы (ғылыми-зерттеу
үшін аулау жағдайында)
____________________________________________________________________
Мекендеу ортасынан алып қою жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Объектілердің атауы | Саны (тонна) | Саны (дарақтар) |
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____
Aлып қою мерзімі: ________ бастап______________ дейін
Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы_______________
Алып қою құралы:
Алып қою құралының атауы | Саны |
Жүзу құралдары:
Кеменің түрі | Саны, дана |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күні 20___жылғы "__" __________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша |
1-нысан
__________________________________________________________________
(балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
Нөмірі: __________ Берілген күні: __________
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат (кәсіпшілік балық аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға, ғылыми-зерттеу үшінаулауға, мелиорациялық аулауға, өсімді молайту мақсатында аулауға)
Берілді:_____________________________________________________________
Пайдалану түрі:______________________________________________________
Aлып қою мақсаты: ___________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы: ___________________________
____________________________________________________________________
Aлып қою тәсілдері: ___________________________________________________
Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар: _____________________________
Мекендейтін ортадан алып қою жоспарланған объектілер саны:
№ | Объектілердің атауы | Саны (килограмм, дарақтар) |
1 | бекiре тұқымдастар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай) | |
2 | майшабақтар, батпақай, камбала, шабақ | |
3 | албырт | |
4 | ақсақа | |
5 | ірi балықтар | |
6 | ұсақ балықтар | |
7 | су жануарлары |
Aлып қою мерзімі ___________________ бастап _____________________ дейін
Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ____________
Aлып қою құралдары:
Aлып қою құралдарының атауы | Саны дана |
Жүзу құралдары:
Кеме атауы | Саны дана |
_____________________________________________
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы "____" _____
2-нысан
___________________________________________________________________
(балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
Нөмірі: __________ Берілген күні: ________
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат (балық ресурстары мен басқа да су жануарларының түрлерін өсімін молайту мақсаттарында пайдалануға)
Берілді: ___________________________________________________________
Пайдалану түрі_____________________________________________________
Aлып қою тәсілі: ____________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _____________________________
Aлып қою үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:
Балық және басқа да су жануарларының түрлері | Саны (дарақтар) | Aудан (аумақ) және учаске шекаралары |
Төлемнің жиынтық сомасы __________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):________________________
Aлып қою мерзімі: ________________ бастап, _______________________ дейін.
Aлып қою тәсілі:______________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі:
Бақылау: ________________________________________________ жүктеледі.
____________________________________________________
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы "____" _____
3-нысан
___________________________________________________________________
(балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының атауы немесе жергілікті атқарушы органның)
Нөмірі:_______ Берілген күні:_________
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат (ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында)
Берілді: _____________________________________________________________
Пайдалану түрі _______________________________________________________
Алып қою мақсаты ____________________________________________________
Алып қою тәсілдері __________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:______________________________
Алып қою жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Балық және басқа да су жануарларының түрлері | Саны (дарақтар) | Aудан (аумақ) және учаске шекаралары |
Төлемнің жиынтық сомасы ___________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ________________________
Aлып қою мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін
Aлып қою тәсілі:_________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілетін мерзімі: ___________________
Бақылау:_______________________________________________ жүктеледі.
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы "____" _____
| Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
[Уәкілетті органның атауы] |
| [Наименование уполномоченного органа] |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны: облыс:
[Облыс] Ауданы: [Аудан]
Қала / елді мекен: [қала/елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [БСН/ЖСН]
Мемлекеттік тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі:
[Бас тарту себебі] [қол қоюшы лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
____________ ___________________________________ _____________________
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы "____" _____

