"Өркен" Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру грантының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37232 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Өркен" Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру грантының құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 21 қазандағы
№ 243 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын құнын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім грантын құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын (бұдан әрі – "Өркен" гранты) құнын айқындау бірыңғай тәсілдемені белгілейді.

      2. Әдістеме "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына (бұдан әрі – ДББҰ) қолданылады.

      3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық, тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      2) білім беру процесі – ДББҰ оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      3) "Өркен" грантының мөлшері – "Өркен" грантының мемлекет кепілдік берген құнын қаржылық қамтамасыз ету нормативі.

2-тарау. "Өркен" грантының құнын есептеу

1-параграф. "Өркен" грантының құнын есептеу көрсеткіштері

      4. "Өркен" грантының құның есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:

      1) ДББҰ-ның ішкі нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеме (бұдан әрі – БМ), 27 432 теңге кұрайды;

      2) айына лауазымдық жалақысы (бұдан әрі – ЛЖ) БМ-ны ЛЖ коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады:

      педагогтың ЛЖ анықтау үшін – 20,47 коэффициенті қолданылады;

      тәрбиешінің ЛЖ анықтау үшін – 15,60;

      3) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).

2-параграф. "Өркен" грантының құнын анықтау есебі

      5. "Өркен" грантының құны – V, келесі формула бойынша анықталады:

      V =N + Nzhat,

      N – бір жылда бір білім алушының оқу құны;

      Nzhat – бір жылда бір білім алушының жатақханада тұру құны;

      егер оқыту жатақханада тұрусыз жүргізілсе, Nzhat 0-ге тең болады.

3-параграф. Бір жылда бір білім алушының оқу құнын есептеу алгоритмі

      6. N – бір жылда бір білім алушының оқу құны мынадай формула бойынша есептеледі:

      N = Е + L,

      мұнда:

      Е – бір жылда бір білім алушыға есептегенде білім беру процесі шығыстарының нормасы.

      L – бір жылда бір білім алушыға білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      1) E мынадай формула бойынша есептеледі:

      Е =  Т + Х + Nshp + Nob + Npi + Nat,

      мұнда:

      Т – бір жылда бір білім алушыға есептегенде, білім беру процесіне қатысатын әкімшілік-басқару персоналы (бұдан әрі - ӘБП) мен педагогтердің жылдық еңбек ақы төлеу қоры;

      Х – білім беру процесімен байланысты шығыстар, олар мынаны құрайды:

      NIS-Programme бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегенде - 1,40 АЕК;

      Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша бір жылда, бір білім алушыға есептегенде – 1,30 АЕК;

      Nshp – шетелдік педагогтерді тартуға арналған шығыстар нормасы мынаны құрайды:

      NIS-Programme бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегенде – 27,52 АЕК;

      Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша бір жылда, бір білім алушыға есептегенде – 140,9 АЕК;

      Nshp анықтау кезінде 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №141-VIII "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен 2025 жылдын 1 қаңтарынаң бастап белгіленген АЕК мөлшері қабылданады;

      Nob – бір жылда бір білім алушыға есептегенде, оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге арналған шығыстар нормасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Nob = 1,38 БМ * (sno + gрo) + 3,15 АЕК,

      мұнда:

      1,38 БМ – персонал жалақысын анықтаудың орташа өлшенген коэффициенті;

      3,15 АЕК – оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу бойынша процесті іске асыруға арналған шығыстар нормасы;

      Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша Nob 0–ге тең;

      sno – бюджетке төленетін төлемдердің (әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар) және жұмыс берушінің аударымдарының (жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдары) көлемін айқындайтын коэффициенті:

      2026 жылға – 1,1595;

      2027 жылға – 1,1695;

      2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,1745;

      gpo – қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға арналған төлемдер көлемін анықтайтын коэффициенті – 0,0027 құрайды;

      Npi – бір жылда бір білім алушыға есептегенде, балаларды және педагогтерді конкурстық іріктеуге, сыртқы жиынтық бағалауға байланысты шығыстар нормасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Npi = 1,06 БМ * (sno + gpo) + 4,90 АЕК,

      мұнда:

      1,06 БМ – персонал жалақысын анықтаудың орташа өлшенген коэффициенті;

      4,90 АЕК – балалар мен педагогтерді конкурстық іріктеуді, сыртқы жиынтық бағалауды жүргізу процесін іске асыруға арналған шығыстар нормасы;

      Nat – бір жылда бір білім алушыға есептегенде, ДББҰ-да ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуге арналған шығыстар нормасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Nat = 0,53 БМ * (sno + gpo) + 0,17 АЕК,

      мұнда:

      0,53 БМ – персонал жалақысын анықтаудың орташа өлшенген коэффициенті;

      0,17 АЕК – ДББҰ ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу процесін іске асыруға арналған шығыстар нормасы;

      2) Т мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег + Төтем,

      мұнда:

      Тнег – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, білім беру процесіне қатысатын ӘБП және негізгі өндірістік персоналдың (педагогтер/тәрбиешілер) (бұдан әрі - НӨП) жылдық еңбек ақы төлеу қоры:

      Тнег = 12 * W * mv * (sno + gpo),

      мұнда:

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W – ӘБП және НӨП айлық еңбекақы қоры;

      mv – бір білім алушыға шаққандағы педагогтер санының арақатынасының коэффициенті 0,1535 құрайды;

      Төтем – білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      Төтем = (((ЛЖ + БМ * f) * 2 + Эөтем1) * mv) * (sno + gрo),

      мұнда:

      f – ӘБП жалақысының НӨП жалақысына үлес салмағының коэффициенті 1,55 құрайды;

      Эөтем1 – "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес (бұдан әрі - Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заң) білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына, қолданыстағы төлемдерден тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем1 = ЛЖ + БМ * f,

      егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, Эөтем1 0–ге тең болады;

      3) W – білім беру процесіне қатысатын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      W = (ЛЖ + БМ * f) + БМ * (up + kеж1) + R,

      мұнда:

      up – педагогикалық қосымша ақылар мен үстемеақылардың коэффициенті 0,05 құрайды;

      keж1 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңына сәйкес, білім беру процесіне қатысатын персонал үшін экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

      экологиялық дағдарыс аймақтарда – 6,61;

      экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтарда – 4,40.

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда, keж1 0-ге тең болады;

      R – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заң) сәйкес, радиациялық тәуекел аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер бұл қосымша ақы Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, R 0-ге тең болады;

      4) L – бір жылда бір білім алушыға білім беру ортасы шығыстарының нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S + Р + К,

      мұнда:

      Q – бір жылда бір білім алушыға есептегенде білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры;

      S – бір жылда бір білім алушыға мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстар нормасы:

      11,3 АЕК – NIS-Programme бойынша;

      13,3 АЕК – Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша.

      Р – бір жылда бір білім алушыға есептегенде тамақтануға арналған шығыстар нормасы:

      қалаларда орналасқан ДББҰ үшін:

      Алматы (Медеу ауданындағы мектеп) – 63,39 АЕК;

      Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Семей – 70,38 АЕК;

      Алматы (Наурызбай ауданындағы мектеп), Ақтөбе, Астана, Атырау, Павлодар, Петропавл, Шымкент, Орал – 78,29 АЕК;

      Қостанай, Өскемен – 86,54 АЕК.

      К – бір жылда бір білім алушыға коммуналдық қызметтер мен байланыс, оның ішінде интернет қызметтерін төлеуге арналған шығыстар нормасы:

      қалаларда орналасқан ДББҰ үшін:

      Атырау, Көкшетау, Қызылорда – 9,01 АЕК;

      Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Тараз, Түркістан, Орал – 10,87 АЕК;

      Ақтау, Павлодар, Петропавл, Семей, Шымкент – 13,36 АЕК;

      Астана, Қарағанды, Өскемен –18,25 АЕК;

      Талдықорған – 23,42 АЕК;

      5) Q – мынадай формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег + Qөтем,

      мұнда:

      Qнег – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша айқындалады:

      Qнег = 12 * F * mv * (sno + gpo),

      мұнда:

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      F – білім беру процесіне қатыспайтын персонал еңбекақы төлеу қоры;

      Qөтем – білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Qөтем = ((БМ * c * 2 + Эөтем2) * mv) * (sno + gpo),

      мұнда:

      с – білім беру процесіне қатыспайтын негізгі емес өндірістік персонал жалақысының НӨП жалақысына үлес салмағының коэффициенті – 3,18 құрайды;

      Эөтем2 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемдерден тыс, сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем2 = БМ * c,

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, Эөтем2 0-ге тең болады;

      6) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры, мынадай формула бойынша есептеледі:

      F = БМ * (c + keж2) + R,

      мұнда:

      keж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың, Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

      экологиялық дағдарыс аймақтарда – 0,95;

      экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтарда – 0,64.

      Егер осы қосымша төлем Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, keж2 0–ге тең болады.

4-параграф. Бір жылда бір білім алушының жатақханада тұру құнын есептеу алгоритмі

      7. Nzhat – бір жылда бір білім алушының жатақханада тұру құны мынадай формула бойынша есептеледі:

      Nzhat = T + L,

      мұнда:

      Т – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға білім беру процесіне қатысатын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры;

      L – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға білім беру орта шығыстарының нормасы;

      1) Т мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег + Төтем,

      мұнда:

      Тнег – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, білім беру процесіне қатысатын персонал жылдық еңбек ақы төлеу қоры, мынадай формула бойынша есептеледі:

      Тнег = 12 * W * mv * (sno + gpo),

      мұнда:

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;

      W – білім беру процесіне қатысатын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      mv – жатақханада тұратын бір білім алушыға шаққандағы НӨП санының арақатынасының коэффициенті 0,05 құрайды;

      sno – бюджетке төленетін төлемдердің (әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар) және жұмыс берушінің аударымдарының (жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдары) көлемін айқындайтын коэффициенті:

      2026 жылға – 1,1618;

      2027 жылға – 1,1718;

      2028 және одан кейінгі жылдарға - 1,1768;

      gpo – қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға арналған төлемдер көлемін анықтайтын коэффициенті - 0,0029 құрайды;

      Төтем – білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі, мынадай формула бойынша есептеледі:

      Төтем = ((ЛЖ * 2 + Эөтем1) * mv) * (sno + gpo),

      мұнда:

      Эөтем1 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемдерден тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек тәрбиешінің 1 ЛЖ-ге тең болады.

      егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмесе, Эөтем1 0-ге тең болады;

      2) W – білім беру процесіне қатысатын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      W = ЛЖ + БМ * kеж1 + R,

      мұнда:

      keж1 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңына сәйкес, білім беру процесіне қатысатын персонал үшін экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

      экологиялық дағдарыс аймақтарда – 4,7;

      экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтарда – 3,1.

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда, keж1 0–ге тең болады;

      R – Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, радиациялық тәуекел аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер бұл қосымша ақы Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, R 0–ге тең болады;

      3) L – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушгыға білім беру орта шығыстарының нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S + Р + K,

      мұнда:

      Q – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға есептегенде, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры;

      S – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға ДББҰ жатақханаларын ағымдағы ұстауға арналған шығыстар нормасы 13 АЕК құрайды;

      Р – бір жылда ДББҰ жатақханасында тұратын бір білім алушының тамақтануына шығыстар нормасы:

      қалаларда орналасқан ДББҰ жатақханалары үшін:

      Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан – 76,23 АЕК;

      Ақтөбе, Алматы, Семей, Шымкент – 84,07 АЕК;

      Астана, Атырау, Павлодар, Петропавл, Орал – 85,75 АЕК;

      Қостанай, Өскемен – 94,27 АЕК;

      К – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін, оның ішінде интернетті төлеуге арналған шығыстар нормасы:

      қалаларда орналасқан жатақханалар үшін:

      Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Тараз, Түркістан – 6,39 АЕК;

      Атырау, Павлодар, Петропавл, Семей, Орал – 8,64 АЕК;

      Көкшетау, Өскемен, Шымкент – 12,62 АЕК;

      Астана, Қарағанды – 23,32АЕК;

      Талдықорған – 42,1 АЕК

      4) Q – мынадай формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег + Qөтем,

      мұнда:

      Qнег – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша айқындалады:

      Qнег = 12 * F * mv * (sno + gpo),

      мұнда:

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры, мынадай формула бойынша есептеледі:

      Qөтем – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Qөтем = ((БМ * q * 2 + Эөтем2) * mv) * (sno + gpo),

      мұнда:

      q – білім беру процесіне қатыспайтын қызмет көрсетуші және көмекші, медициналық персоналдың жалақысының НӨП жалақысына үлес салмағының коэффициенті 2,6 құрайды;

      Эөтем2 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемдерден тыс, сауықтыруға материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем2 = БМ * q,

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, Эөтем2 0-ге тең болады;

      5) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      F = БМ * (q + uккр + keж2) + R,

      мұнда:

      uккр – қызмет көрсетуші персоналдың қосымша ақысы мен үстемеақы коэффициенті, 0,03 құрайды;

      keж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

      экологиялық дағдарыс аймақтарда – 0,8;

      экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтарда – 0,5.

      Егер осы қосымша төлем Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, keж2 0–ге тең болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады