Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы және автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талаптардың нысанын, сондай-ақ Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні және оның нысанын толтыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 621 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қазанда № 37224 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-1-бабының 1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автомобиль көлік құралын тоқтату туралы талап нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талап нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні толтыру қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес автомобиль көлік құралын тоқтату туралы акт нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жариялануынан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 23 қазандағы
№ 621 бұйрығына 1-қосымша

      нысан

Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы талап

      20____ жылғы "______" ________ №_________

      ____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы

      Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 18-1-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес мемлекеттік

      кірістер органының талабы бойынша автомобиль көлік құралын басқаратын адам

      автомобиль көлік құралын тоқтатуға міндетті.

      Осыған байланысты Сіз автомобиль көлік құралын тоқтатуыңыз қажет

      ____________________________________________________________________

      (көлік құралы туралы тіркеу деректерін көрсетуіңіз (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      және оған және ондағы тауарларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге, кедендік бақылау

      жүргізу үшін ұтқыр топтардың құрамына енгізілген мемлекеттік кірістер

      органдарының лауазымды адамына (бұдан әрі – лауазымды адам) құжаттарды

      көрсетуіңіз қажет.

      Тоқтатқан жері:_________________________________________________

      (аудан, елді мекеннің атауы, километрді көрсете отырып,

      ________________________________________________________________

      автомобиль жолының атауы)

      Кодекстің 18-1-бабы 1-тармағында көзделген автомобиль көлік құралын тоқтату үшін

      негіздер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тоқтату уақыты: __________ сағат ________ минут

      Автомобиль көлік құралын тоқтаған кезде лауазымды адам кедендік, өзге де

      құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады, Кодекстің 46, 47

      және 48-тарауында көзделген тәртіппен кедендік бақылау нысандарын және (немесе)

      кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолданады.

      Кодекстің 21-бабына сәйкес мүдделі тұлға лауазымды адамдарының әрекеттеріне

      (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

      шағым жасауға құқылы.

      ____________________________________________________________________

      (лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын

      құжатта көрсетілсе)

      ___________________________________________________________________

      (бұдан әрі – тегі, аты, әкесінің аты), лауазымы, қолы, күні)

      Талап автомобиль көлік құралын басқаратын адамға табыс етілді

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні)

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 23 қазандағы
№ 621 бұйрығына 2-қосымша

      нысан

Автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талап

      20___ жылғы "____" _________ №_________

      _________________________________________________________________

      (Мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" (бұдан әрі – Кодекс)

      Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-1-бабы 4-тармағына сәйкес автомобиль көлік

      құралын басқаратын тұлға ұтқыр топтардың құрамына енгізілген мемлекеттік кірістер

      органдарының лауазымды адамының (бұдан әрі – лауазымды адам) талабы бойынша

      автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізеді.

      Осыған байланысты, Сіз___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (автомобиль көлік құралын басқаратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол

      ____________________________________________________________________

      жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты, әкесінің

      ____________________________________________________________________

      аты), жеке куәлік (төлқұжат) мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық

      _____________________________________________________________________

      пошта мекенжайы) автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау

      орнына жеткізуіңіз қажет

      ____________________________________________________________________

      (автомобиль көлігі туралы мәліметтер (көлік құралының және тіркеменің

      ____________________________________________________________________

      мемлекеттік тіркеу нөмірі, маркасы, моделі), тауарлар туралы мәліметтер)

      ____________________________________________________________________

      (ұсынылған құжаттарға сәйкес тауарлардың атауы, олардың саны мен салмағы)

      Сақтау орнына: ___________________________________________________

      (Кодекстің 404-бабында көзделген кедендік бақылаудың тұрақты немесе

      ____________________________________________________________________

      уақытша аймағының мекенжайы мен атауы)

      Бұл ретте Кодекстің 18-1-бабы 5-тармағына сәйкес автомобиль көлік құралын және

      ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізуді автомобиль көлік құралын басқаратын

      адам уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, лауазымды адамдарының

      сүйемелдеуімен жүзеге асырады.

      Мұндай талапты қабылдауға кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе)

      мәліметтерді тексеру нәтижелері ________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (кедендік жете тексеру және (немесе) кедендік қарап тексеруді жүргізу туралы

      шешімнің нөмірі мен күні)

      ____________________________________________________________________

      (автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актінің нөмірі мен күні) және кедендік

      ____________________________________________________________________

      жете тексеруді және (немесе) кедендік тексеру жүргізу туралы шешім негіз болды.

      Жеткізу басталды__________ уақыт _______ минут

      _____________________________________________________________________

      (лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты

      ____________________________________________________________________

      куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы, қолы, күні)

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер

      ____________________________________________________________________

      ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы, қолы, күні)

      Талаптың екінші данасы табыс етілді ________________________________

      _____________________________________________________________________

      (автомобиль көлік құралын басқаратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні)

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 23 қазандағы
№ 621 бұйрығына 3-қосымша

Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні толтыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 18-1-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні толтыру (бұдан әрі – акт) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда автомобиль көлік құралын тоқтату деп Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында кедендік бақылау жүргізу үшін кедендік бақылау аймағынан тыс жерде көлік құралының, оның ішінде тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асырмайтын көлік құралының қозғалысын әдейі тоқтату түсініледі.

2-тарау. Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні толтыру тәртібі

      3. Кодекстің 18 және 18-1-баптарына сәйкес автомобиль көлік құралдарын тоқтату кезінде жүргізілген кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру (бұдан әрі – тексеру) нәтижелері бойынша акт жасалады.

      Акт ұтқыр топтардың құрамына енгізілген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы (бұдан әрі – лауазымды адам) 2 (екі) данада жасалады және лауазымды адам қол қояды.

      1 (бір) дана акттінің материалына қоса тіркеледі, 2 (екінші) данасы автомобиль көлік құралын басқаратын адамға (бұдан әрі-жүргізуші) қол қойғыза отырып табыс етіледі.

      Актіні лауазымды адам күнтізбелік жылға басталатын арнайы тіркеу журналында тіркейді және нөмірленеді, тігіледі және мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын адамның) қолымен және Мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітілуге тиіс.

      Егер мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелері осындай актіні тіркеуге мүмкіндік берген жағдайда, тіркеу журналын қағаз түрінде жүргізу талап етілмейді.

      4. Актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) актінің жасалған күні мен нөмірі;

      2) автомобиль көлік құралының тоқтау орны, күні және уақыты;

      3) тексеруді жүзеге асыратын органның атауы;

      4) автомобиль көлік құралын тоқтату туралы талаптың күні мен нөмірі;

      5) автомобиль көлік құралын тоқтатудың негізі;

      6) лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты, әкесінің аты);

      7) жүргізуші туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәліктің (төлқұжаттың) және жүргізуші куәлігінің нөмірі мен күні көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік);

      8) ұсынылған тауарға ілеспе құжаттарда осындай мәліметтер болған кезде тауарларды жөнелтуші туралы мәліметтер, сондай-ақ тауарларға қатысты өкілеттіктері бар немесе осындай тауарлар сатып алынған тұлға туралы мәліметтер;

      9) автомобиль көлігі туралы мәліметтер (көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі, көлік құралының маркасы, моделі, түсі, түрі, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік);

      10) Кодекстің 428-бабына сәйкес техникалық құралдарды пайдалану туралы мәліметтер;

      11) Кодекстің 407-бабында көзделген кедендік бақылаудың өзге де нысандарын және кодекстің 424-бабында көзделген кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы мәліметтер;

      12) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, ЕЭАО кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын ықтимал бұзушылықтар туралы куәландыратын анықталған белгілердің (фактілердің) немесе ондайлардың жоқтығы туралы мәліметтер сипаттамасы;

      13) тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар.

      Кодекстің 18-1-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, ЕАЭО кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған кезде актіге тиісті жазба енгізіледі.

      5. Жүргізуші актіні алудан бас тартқан жағдайда лауазымды адам бұл туралы осындай актіде тиісті жазба жасайды.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 23 қазандағы
№ 621 бұйрығына 4-қосымша

      нысан

Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы Акт

      20___ жылғы "___" _________ № ___________ уақыты: ____ сағат _____ минут.

      Тоқтатқан жері: __________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (аудан, елді мекеннің атауы, километрді көрсете отырып, автомобиль жолының атауы)

      Тоқтау күні мен уақыты: ___________________________________________

      Автокөлік құралын тоқтату туралы талаптың күні мен нөмірі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы

      Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 409, 411-баптарына, 18-1-бабының 3-тармағына

      сәйкес автомобиль көлік құралы тоқтаған кезде кедендік, өзге де құжаттарға және

      (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізілді

      _____________________________________________________________________

      (көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі, моделі, маркасы,

      ____________________________________________________________________

      көлік құралының түрі, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі)

      Кодекстің 18-1-бабының 1-тармағында көзделген автомобиль көлік құралын тоқтату

      үшін негіздеме: _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жүргізуші туралы мәліметтер: ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ____________________________________________________________________

      (бұдан әрі - тегі, аты, әкесінің аты), көлік құралын басқару құқығына арналған

      ____________________________________________________________________

      жеке куәліктің (төлқұжаттың) нөмірі мен күні не жүргізуші куәлігінің орнына

      берілген уақытша куәлік)

      Тауарларды жөнелтуші туралы, сондай-ақ тауарларға қатысты өкілеттігі бар немесе

      осындай тауарлар сатып алынған тұлға туралы мәліметтер ұсынылған тауарға ілеспе

      құжаттарда осындай мәліметтер болған кезде: __________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Кедендік бақылаудың өзге де нормаларын және (немесе) кедендік бақылауды

      жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану, сондай-ақ техникалық құралдарды

      пайдалану арқылы (оларды пайдалану кезінде) техникалық құралдарды қолдану және

      сәйкестендіру құралдарын салу (оларды қолдану кезінде)туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер:_____________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру барысында:_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Еуразиялық

      ____________________________________________________________________

      экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден

      ____________________________________________________________________

      және (немесе) өзге де заңнамасын ықтимал бұзушылықтар туралы

      ____________________________________________________________________

      куәландыратын анықталған белгілердің (фактілердің), олардың болмау туралы

      сипаттамасы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымды адамының аты, тегі, әкесінің аты, қолы, күні) Жүргізушіге табыс етілді

      _____________________________________________________________________

      (аты, тегі, әкесінің аты, қолы, күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады