Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 қазанда № 37206 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 22 қазандағы № 386
бұйрығымен бекітілген

Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;

      2) балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылуы – 100 метрге дейінгі радиуста 50 килограмнан астам балықты не 5 күнтізбелік күнге дейінгі кезеңде 5 километрге дейінгі радиуста итбалықтардың 10-нан астам дарасын қырып-жоюды;

      3) балықтар мен басқа да су жануарларының табиғи қырылуы – антропогендік факторлардың әсерінсіз табиғи биологиялық процестер нәтижесінде болатын балықтар мен басқа да су жануарларының қырылуы;

      4) ихтиологиялық байқаулар – балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;

      5) жазда балықтардың қырылуы – суда еріген оттегінің жоғары сіңуі бар көк-жасыл балдырлардың қарқынды дамуы және кейіннен улы қосылыстардың бөлінуімен олардың ыдырауы кезінде балықтар мен басқа да су жануарларының қырылуы;

      6) қыста балықтардың қырылуы – су айдынындағы судың түбіне дейін қатуы кезінде немесе фотосинтетикалық белсенділіктің төмендеуінен және органикалық заттардың ыдырауынан туындаған жаппай мұз жамылғысының астындағы суда оттегінің өте тапшылығы кезінде балықтар мен басқа да су жануарларының қырылуы;

      7) эпизоотия – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы.

      3. Балықтар мен басқа да су жануарларының қырылу жағдайлары себептер мен ауқымына қарай мыналарға бөлінеді:

      1) табиғи қырылу;

      2) жаппай қырылу;

      3) антропогендік себептерден туындаған қырылу;

      4) табиғи факторлардан туындаған қырылу.

      4. Балықтар мен басқа да су жануарларының табиғи өлімінің белгілеріне мыналар жатады:

      1) дарақтар қырылуының бірлі-жарым жағдайлары;

      2) сыртқы араласу (механикалық зақымдану және ластану) іздерінің болмауы;

      3) жас немесе маусымдық өлім белгілерінің болуы.

      Балықтар мен басқа да су жануарларының табиғи қырылу жағдайлары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес балықтар мен басқа да су жануарларының табиғи қырылу жағдайларын есепке алу нысаны бойынша шұғыл ден қою шараларын қолданбай есепке алынуға тиіс.

      5. Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу белгілеріне мыналар жатады:

      1) күнтізбелік 5 күніге дейінгі кезеңде 100 метрге дейінгі радиуста 50 килограмнан астам балықтың не 5 километрге дейінгі радиуста итбалықтардың 10-нан астам дарағының қырылуы;

      2) улану, жұқпалы аурулар немесе ластаушы заттардың әсер ету белгілерінің болуы;

      3) бір ауданда күнтізбелік 30 күн ішінде қайталанатын қырылу жағдайлары;

      4) гидрохимиялық ауытқулардың немесе механикалық әсер ету белгілерінің болуы.

      6. Балықтар мен басқа су жануарлары өлімінің антропогендік себептері:

      1) уытты ластану (беттік-белсенді заттарды, ауыр металдарды, мұнай өнімдерін, пестицидтерді, улы химикаттарды, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы сарқынды суларын ағызу);

      2) гидрохимиялық ауытқулар (гипоксия, қатты қышқылдану/сілтілеу, тұздылықтың өзгеруі);

      3) жылумен ластану (жылытылған суларды ағызу салдарынан температуралық режимнің бұзылуы);

      4) механикалық әсер ету (гидротехникалық авариялар, улы заттардың бөлінуіне әкелетін су асты қабаттарын араластыру).

      7. Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылуының табиғи факторлары:

      1) қыста балықтардың қырылуы;

      2) жазда балықтардың қырылуы;

      3) эпизоотиялар;

      4) қалыпты емес климаттық құбылыстар (су температурасының күрт өзгеруі, ұзақ құрғақшылық, дауылды желдер мен жауын-шашын, найзағай).

      8. Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупі туралы ақпарат көздері:

      жеке немесе заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараты;

      бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар;

      ихтиологиялық бақылауларды қоса алғанда, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның мәліметтері;

      су айдындарының гидрохимиялық және биологиялық мониторингінің фондық зерттеулері мен нәтижелері.

2-тарау. Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету тәртібі

1-параграф. Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау үшін көмек көрсету

      9. Бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай аурулары, дүлей зілзалалар кезінде және басқа да себептер салдарынан олардың қырылу қаупі жағдайларында көмек көрсетуді балық шаруашылығы субъектілері және жергілікті атқарушы органдар, ал халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, резервтік қордағы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде және қырылып қалу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде – жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Аумақтың маңыздылығына және оқиғаға байланысты көрсетілген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық ұйымдар көмек көрсете алады.

      10. Теңізге және қауіпсіздік аймағында мұнай төгілген жағдайда балықтар мен басқа да су жануарларына көмек көрсету жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жүзеге асырылады.

      11. Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ олардың қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы орган мемлекеттік органдарды дереу хабардар етеді және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастап 24 сағат ішінде жедел жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрады.

      12. Жұмыс тобының құрамына балық шаруашылығы, су қорын қорғау және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, азаматтық қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың өкілдері, сондай-ақ табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті атқарушы органның ветеринария мәселелері жөніндегі басқармаларының және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйым өкілдері кіреді.

      13. Жұмыс тобының қызметіне басшылықты жергілікті атқарушы органның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы не оның міндетін атқарушы адам жүзеге асырады.

      14. Жұмыс тобы су айдынына зерттеу жүргізеді; қауіптің ауқымын, су температурасын, судағы оттегінің құрамын, сутегі көрсеткішін, түсін, мөлдірлігін, судағы иістерді, қолайсыз факторлардың туындауының ықтимал себептерін, қырылған балықтар мен басқа да су жануарларының ықтимал санын, бейне және фототүсірілімді айқындайды; бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

      15. Жергілікті атқарушы органның ветеринариялық ұйымы жұмыс тобының жиналған материалдары мен зертханалық зерттеулердің нәтижелері негізінде 5 жұмыс күні ішінде "Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) сәйкес балықтар мен басқа да су жануарларының қырылу себебі туралы жазбаша қорытынды береді және оны жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялайды.

      16. Жұмыс тобы балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу фактісін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыда белгілейді.

      17. Жергілікті атқарушы орган балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу себептерін анықтағаннан кейін мынадай іс-шаралар жүргізеді:

      1) суды аэрациялау, оттегінің құрамын арттыру үшін жылжымалы сорғы-аэрация қондырғыларын орнату;

      2) су айдынына таза су беру (техникалық мүмкіндік болған жағдайда);

      3) мелиорациялық жұмыстар: артық өсімдіктерді, шламдарды, ыдыраған органикалық қалдықтарды жою;

      4) қажет болған жағдайда су сапасын жақсартуға ықпал ететін рұқсат етілген биологиялық және химиялық препараттарды қолдану;

      5) балықтар мен басқа да су жануарларын қауіпсіз су айдындарына немесе арнайы шаруашылықтарға (жаппай қырылу қаупі төнген кезде) уақытша алып қоюды (эвакуациялауды) ұйымдастыру.

      18. Жергілікті атқарушы органның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген қалпына келтіру іс-шаралары туралы акт жасайды.

      Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.

2-параграф. Қырылып қалу салдарын жою

      19. Ветеринариялық ұйымдар өлген балықтар мен басқа да су жануарларын сыртқы зақымдануларға, жараларға, паразиттерге, ауру көздеріне, улану белгілеріне қарап-тексеруді жүргізеді, өлу себептерін анықтау, паразиттердің болуын және ішкі ағзалардың жай-күйін анықтау мақсатында союды жүргізеді, алынған сынамаларды жеткізуді және ветеринариялық, зертханалық зерттеулер (органолептикалық, токсикологиялық, паразитологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық) жүргізуді қамтамасыз етеді және ветеринариялық-зертханалық зерттеулердің нәтижелері негізінде балықтар мен басқа да су жануарларының өлімінің себебін анықтайды.

      20. Резервтік балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өлген балықтар мен басқа да су жануарларын жинауды және кәдеге жаратуды ветеринариялық қызметтер өкілдерінің қатысуымен жергілікті атқарушы органдар, ал бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы субъектілері, ветеринариялық қызметтер өкілдерінің қатысуымен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.

      21. Ветеринариялық қызметтер "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) сәйкес арнайы жабдықталған орындарда жиналған өлген балықтар мен басқа да су жануарларын кәдеге жарату процесін бақылауды ұйымдастырады.

      22. Жергілікті атқарушы орган ветеринариялық қызметтермен бірлесіп, акваторияны ыдыраған органикалық қалдықтар мен ластаушы заттардан, ал бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы субъектісі, жергілікті атқарушы орган ветеринариялық қызметтермен бірлесіп тазартуды жүргізеді.

      23. Егер су айдынын тексеру кезеңінде судағы оттегінің жетіспеушілігі қырылып қалудың себебі болып табылса, жергілікті атқарушы орган балықтар мен басқа да су жануарларын аулау және басқа қолайлы су айдынына не учаскеге көшіру арқылы құтқару, сондай-ақ техникалық құралдарды (аэраторлар, сорғылар, компрессорлар, мотобурлар) пайдалана отырып, аэрация жүргізу бойынша дереу шаралар қабылдайды.

      24. Балықтардың өліміне әкеп соқтыратын қырылып қалу қатері төнген және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу арқылы мұндай қатерді жою мүмкін болмаған жағдайларда балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды.

      25. Қоршаған орта жағдайлары тұрақталғаннан кейін Заңның 9-1-бабының 21) тармақшасына сәйкес популяция санын қалпына келтіру үшін су айдынына балық жіберу жүргізіледі.

      26. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қажет болған жағдайда зертханалық зерттеулер үшін тірі балық сынамаларын беру мақсатында бақылау аулауды жүзеге асырады.

      27. Жұқпалы аурулар анықталған кезде аурудың басқа су айдындары мен шаруашылықтарға таралуын болдырмау, сондай-ақ адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды.

      28. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ластаушы заттарды, су айдындарының ластану көздерін ағызу фактілерінің болуына жағалау маңындағы су қорғау белдеуін зерттеп-қарауды ұйымдастырады, ағынды сулардың ықтимал төгілу орындарында жағалау белдеуінен және су асты топырағынан су, топырақ сынамаларын алуды, ластану көздерін оқшаулауды және жоюды жүзеге асырады және сынамаларға зертханалық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді.

      29. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі су объектілерінің гидрологиялық режимінің өзгеруі және су шаруашылығы құрылыс жайларын пайдалану жөніндегі белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды ұйымдастырады.

      30. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамаларды бұзушылықтар анықталған кезде ішкі істер органдары кінәлі адамдарды анықтау және оларды жауапқа тарту жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады.

  Балықтар мен басқа да
су жануарларының жаппай
қырылу қаупін болғызбау,
сондай-ақ қырылып қалу салдарын
жою үшін көмек көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

            Балықтар мен басқа да су жануарларының табиғи қырылу
                        жағдайларын есепке алу нысаны

      балықтардың және (немесе) басқа да су жануарларының табиғи қырылу жағдайын тіркеу туралы
Жасалған күні: 20 ж "_" __________.
Орны (су айдыны, учаскесі, координаттары):
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      1. Жалпы мәліметтер
Өлген жануарлардың түрлік құрамы: ____________________________________
Саны (шамамен/іріктеме бойынша): _______________________________
Жас топтары (егер айқындау мүмкін болса): __________________________
      2. Зерттеп-қарау кезіндегі қоршаған орта жағдайлары
Судың температурасы: ____________________°С
Еріген оттегінің концентрациясы: ___________________ мг/л
Судың мөлдірлігі (Секки дискісі бойынша): ___________________см
Балдырлардың гүлденуі / иісінің болуы: __________________________________
Басқа бақыланатын факторлар: _________________________________________
      3. Өлімнің сыртқы белгілері
Өлген дарақтардың жағдайы (ісіну, зақымдану, аурудың іздері):
Орналасу сипаты (бірлік / топпен / жағалау бойында):
      4. Болжалды себеп
      (белгілеу немесе көрсету):
☐ Дарақтардың қартаюы
☐ Аурулар (табиғи)
☐ Қырылып қалу құбылысы (оттегінің жетіспеушілігі)
☐ Температуралық стресс
☐ Бәсекелестік/жыртқыштық
☐Басқа (көрсету): ________________________________________________
      5. Қосымша мәліметтер
      6. Жауапты тұлғалар
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, қолы
__________________________________________
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, қолы
__________________________________________
М. О. (бар болса)

  Балықтар мен басқа да
су жануарларының жаппай
қырылу қаупін болғызбау,
сондай-ақ қырылып қалу
салдарын жою үшін көмек
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

            Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу
                        фактісі туралы қорытынды

      Жасау орны: __________ Жасалған күні: 20__ жылғы "__" _______
Біз, төменде қол қойғандар, мынадай құрамда:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________
            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, жұмыс орны)
төмендегілер туралы осы актіні жасадық:
      1) балықтар мен басқа да су жануарларының қырылғаны анықталған орын
(су айдынының атауы, учаскесі, координаттары) ____________________________ ;
      2) анықталған күні мен уақыты: ____________________________________ ;
      3) су объектісінің сипаттамасы (су айдынының түрі, ауданы, тереңдігі,
гидрологиялық шарттар) ___________________________________________ ;
      4) балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу фактісін
сипаттау____________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________ ;
(өлген дарақтардың болжамды саны, түрлері бойынша орташа және жалпы салмағы,
зақымдану түріндегі сыртқы белгілердің, паразиттердің болуы, аурулардың айқын белгілері,
өлімді анықтау орнының ауданы/ұзындығы, су айдынының ластану белгілерінің, ағынды
суларды ағызу көздерінің және су айдынына улы заттарды ағызу орындарының болуы,
куәгерлердің көрсеткіштері, қырылу орнын тексеру кезінде алынған деректер және қырылу
фактісіне қатысы бар басқа да мәліметтер)
      5) қырылудың болжамды себептері: __________________________ ;
      6) су, топырақ, су асты топырағы және биоматериал сынамалары алынды
(иә / жоқ, қайда бағытталған) ___________________________________;
      7) қосымша қатысты: (қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, еріктілер);
      8) қосымша ақпарат: __________________________________
Комиссия мүшелерінің қолдары:
_________________________________       ________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (қолы)
_________________________________ __________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (қолы)
_________________________________ __________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (қолы)

  Балықтар мен басқа да
су жануарларының жаппай
қырылу қаупін болғызбау,
сондай-ақ қырылып қалу
салдарын жою үшін
көмек көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

            Өткізілген қалпына келтіру іс-шаралары туралы акт

      Жасау орны: __________ Жасалған күні: 20__ жылғы "__" _______
Іс-шараларды өткізген ұйым _________________________________
                                    (атауы)
Орны (су айдыны, учаскесі, координаттары):
___________________________________________________________________
Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат:
1) суды аэрациялау, оттегінің құрамын арттыру үшін жылжымалы сорғы-аэрация
қондырғыларын орнату:
__________________________________________________________________ ;
(пайдаланылған қондырғылардың саны мен типі, айдалатын судың көлемі,
қамтылған алаң, тартылған қызметкерлер саны, іс-шараның ұзақтығы)
2) су айдынына таза су беру:
___________________________________________________________________;
            (су беру тәсілі, су көзі, берілген су көлемі)
3) мелиорациялық жұмыстар: артық өсімдіктерді, шламдарды, ыдыраған органикалық
қалдықтарды жою:
__________________________________________________________________ ;
      (артық өсімдіктерді жою тәсілі, қамтылған алаң, тұнба мен органикалық
қалдықтарды жою бойынша жүргізілген түбін тереңдету жұмыстарының көлемі,
кәдеге жарату орны)
4) су сапасын жақсартуға ықпал ететін рұқсат етілген биологиялық
және химиялық препараттарды қолдану:
___________________________________________________________________________;
(қолданылған биологиялық және химиялық препараттардың түрлері, олардың
саны)
5) балықтар мен басқа да су жануарларын қауіпсіз су айдындарына немесе
арнаулы шаруашылықтарға уақытша алып қоюды (эвакуациялауды) ұйымдастыру:
___________________________________________________________________ ;
      (алып қою тәсілі, қолданылған балық аулау құралдарының түрлері,
олардың саны, түрлері, алып қойылған балықтардың және басқа да су жануарларының
саны мен салмағы, тартылған адамдардың саны, тасымалдау тәсілі, автокөлік түрі, алып
қойылған балық жіберілген су айдынының немесе шаруашылықтың атауы,
тасымалдау процесінде қалдықтардың болуы)
6) басқа да іс-шаралар:
____________________________________________________________________________;
      (өткізілген іс-шаралардың сипаттамасы) Зақымданудың алдын алу дәрежесі:
____________________________________________________________________;
(жүргізілген қырылып қалуға қарсы іс-шаралардың тиімділігі, күтілетін әсер,
балықтардың жаппай қырылуының қайталану мүмкіндігі, су айдынының
мониторингін ұйымдастыру)
Болашақта зиянды болдырмау бойынша ұсыныстар:
____________________________________________________________________;
(қорытынды, болашақта өткізу үшін қажетті іс-шаралардың атауы, олардың типі
мен саны, уақыты бойынша ұзақтығы, қажетті қаржы және техникалық
құралдардың көлемі)
Жауапты тұлғалар:_________________________________ __________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                   (қолы)
_________________________________ __________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                   (қолы)
_________________________________ __________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                   (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады