Тұрғын үй құрылысының жаңа нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған болжамды шығындар көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 қазанда № 37085 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй құрылысының жаңа нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған болжамды шығындар көлемін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 7 қазандағы
№ 419 бұйрығына қосымша

Тұрғын үй құрылысының жаңа нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған болжамды шығындар көлемін есептеу әдістемесі

1-бөлім. Негізгі ережелер

      1. Әдістеме Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 80-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Әдістеме) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінде жаңа тұрғын үй құрылысы нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша болжамды шығындарды айқындау үшін қолданылады.

      Бұл Әдістеме сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеті, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ (сондай-ақ елді мекендер бөлінісінде) бойынша болжамды шығындарды есептеу кезінде де қолданылады.

2-бөлім. Тұрғын үй құрылысының жаңа нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған болжамды шығындарды есептеу

      1. Облыстар, аудандар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ (облыстық маңызы бар қала) үшін жаңа тұрғын үй құрылысы нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша болжамды шығындар мынадай форма бойынша айқындалады:

     



      Оның ішінде:

      1Ri – облыс аудандарының, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған жалпы шығыстар көлемі: шығыстардың 80%-ы жаңа көппәтерлі тұрғын үйлерге, 20%-ы жаңа жеке тұрғын үй құрылыстарына бағытталады;

      Pi – облыс бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі (мың шаршы метр);

      Ptotal – Республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі (мың шаршы метр);

      F – соңғы 3 есептік қаржы жылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне бөлінген бюджет қаражатының көлемі.

      2. Республикалық маңызы бар қалалар, астана (аудан) үшін жаңа тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған болжамды шығындардың көлемі келесі үлгіге сәйкес есептеледі:

     



      Оның ішінде:

      2Ri – республикалық маңызы бар қалалар, астана (аудан) үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған болжамды шығыстар көлемі;

      Ci – республикалық маңызы бар қала, астана (аудандық маңызы бар) бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру объектілерінің саны (мың шаршы метрмен);

      Ctotal – республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру объектілерінің жалпы саны (мың шаршы метрмен);

      F – соңғы 3 есептік қаржы жылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне бөлінген бюджет қаражатының орташа көлемі.

      3. Әрбір облыс үшін ең төмен мәндердің диапазондары көптеген факторларға байланысты белгіленеді, оның ішінде қаланың ерекшелігі, климаттық жағдайлар, халықтың тығыздығы және экономикалық мүмкіндіктер.

      Ең төмен мәндер өмір сүрудің және қауіпсіздіктің базалық деңгейін қамтамасыз етеді

      4. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс нысандарына ағымдағы қаржы жылы ішінде тартылып, келесі қаржы жылы пайдалануға берілетін нысандардың уақтылы іске қосылуы қамтамасыз етіледі.

      5. Тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі орталық уәкілетті органмен, жергілікті уәкілетті органмен келісу арқылы жол картасы түрінде бекітіледі.

      6. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан бюджеттері, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ (облыстық маңызы бар қала) үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесін дамытуға арналған болжамды шығыстар көлемін жоспарлау кезінде жергілікті уәкілетті органдар 1, 2-тармақтарда көрсетілген есептеулерді қолданады.

      7. Жергілікті атқарушы органдар облыстық бюджет (облыс, қала, астана) туралы мәслихат шешімі жобасы бекітілгенге дейін жобалар тізбесін тиісті орталық уәкілетті органдармен келіседі.

      8. Жергілікті атқарушы органдар жобалардың іске асырылуын орталық уәкілетті органға тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-іне дейін мониторингін қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда орталық уәкілетті орган мониторинг жүргізудің өзге де мерзімдерін айқындауы мүмкін.

      9. Жергілікті атқарушы органдар жол карталарымен бекітілген тұрғын үй нысандарының кепілді пайдалануға берілуін қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады