"Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 33 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 404 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 98 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 қазанда № 37014 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 33 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20557 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекендер шекаралары шегінде газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тексеру парағы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекендердің шекаралары шегінде газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша алып тасталсын;

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынандай редакцияда жазылсын:

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 253 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 33 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тексеру парағы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынандай редакцияда жазылсын:

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 253 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 33 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

      6, 7 және 7 қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың оныншы және он төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. __________А. Амрин
      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
________И. Шархан

  Министрдің м.а.
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 98 мен
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі міндетін атқарушының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 404 бұйрығына 1 қосымша

Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141 және 143-баптарына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-19) тармақшасына және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.

      2. Өлшемшарттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – кондоминиум объектілерін басқару органдары, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағалары, басқару субъектілері, уақытша басқарушы компания, көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы қызметіне мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) болмашы бұзушылықтар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасының тұрғын үй инспекциясымен келісілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасының тұрғын үй инспекциясымен келісудің болмауы, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы хаттамаларының Үлгілік нысандарға сәйкес келмеуі;

      4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкалаларда өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      5) елеулі бұзушылықтар - нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік нормативтерді сақтамау, құжаттаманы уақтылы және дұрыс ресімдемеу, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамында кондоминиум объектілерінің тіркелмеуі, меншік иелері жиналысының хаттамасымен бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасын, тұрғын емес үй-жайларды, жылдық шығыстар сметасын және меншік иелері жиналысының хаттамасымен бекітілген қоймалардың, қоймалардың, кондоминиум объектісінің жертөле үй-жайларын және басқа да ортақ пайдалану орындарын дезинсекциялау және дератизациялау;

      6) өрескел бұзушылықтар - тұрғын үй қорын басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтамау, соның салдарынан адамның өмір сүруі мен тыныс-тіршілігінің қолайлы ортасының жай-күйі нашарлап, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге залал келтіре отырып, тиісті білімі және белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің штатында болмауымен сипатталатын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бұзушылық, екінші деңгейдегі банкте кондоминиумның әрбір объектісіне жинақ және ағымдағы шоттың болмауы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бөліктеріндегі және орталықтан жылыту жүйелеріндегі ақаулықтар, кондоминиумның ортақ мүлкін сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, кондоминиум объектісінің конструкциялары мен инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне жоспарлы тексеру жүргізу туралы растайтын құжаттардың болмауы, дұрыс емес есептілікті ұсынумен, нормативтік құқықтық актілерде айқындалған мүлік иелерінің бірлестігі, үй кеңесі және тексеру комиссиясы төрағасының өкілеттік мерзімдерінің сақталмауы;

      7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – тұрғын үй қорын басқару саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жекелеген бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі мүмкін дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы кейіннен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы осындай бақылау субъектісін (объектісін) профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау процесі;

      12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      3. Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелеріне бастапқы жатқызу объективті өлшемшарттар арқылы жүзеге асырылады.

      4. Объективті өлшемшарттар тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары, орташа және төмен) бөлу мақсатында әзірленді.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне:

      20 жылдан астам пайдаланылатын тұрғын үйлерді басқарып отырған бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

      Тәуекелдің орташа дәрежесіне мыналар жатады:

      20 жылдан аспайтын тұрғын үйлерді басқарушылар.

      Төмен тәуекел дәрежесіне мыналар жатады:

      10 жылдан аспайтын тұрғын үйлерді басқарушылар.

      5. Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарын анықтау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері.

      7. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде реттеуші мемлекеттік органдар талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісінің (объектісінің) профилактикалық бақылауын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте, талдау және бағалау кезінде бақылаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімі өткен деректерге қатысты қолданылған субъективті өлшемшарттар туралы деректер қолданылмайды.

      Бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.

      8. Ықтимал тәуекел мен мәселенің маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты – өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежесіне сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар анықталады.

      Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтарды өрескел, елеулі, болмашы етіп бөлу осы Өлшемшарттарға 1-қосымшада келтірілген.

      9. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшапрттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес 0-ден 100-ге дейінгі шкаламен субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейінгіні қоса алғанда;

      2) орташа тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейінгіні қоса алғанда;

      3) төмен тәуекел дәрежесіне – 0-ден 30-ға дейінгіні қоса алғанда жатады.

      10. Осы Өлшемшарттардың 4-тармағына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 6-тармағына сәйкес ақпарат көздерінен субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 6-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін Өлшемшарттардың 2-қосымшасына сәйкес 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rпром= SP + SC, мұндағы:

      Rпром – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшарттардың 9-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобын бақылаудың әрбір субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 6-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұндағы:

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұндағы:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен анықталады:

      SР = SРз + SРн, мұндағы:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      12. Осы Өлшемшарттардың 9-тармағына сәйкес анықталған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

     



      xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi – xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы,

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 9-тармағына сәйкес анықталған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      13. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонда қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

     



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің (қорытынды) көрсеткіші;

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шкала бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шкаланың жоғарғы шекарасы);

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шкаласы бойынша ең төменгі ықтимал мән (шкаланың төменгі шекарасы);

      Rпром – осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшада келтірілген тиісті тексеру парағы бойынша жүргізіледі.

4-тарау. Тәуекелдерді басқару

      15. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      16. Бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалса;

      3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасаған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.

      17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату мақсатында реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жеңілдететін индикаторларды ескереді.

      Жеңілдететін индикаторларға:

      1) деректерді онлайн-режимде беретін аудио және (немесе) бейне жазбалардың болуы;

      2) деректерді мемлекеттік органдар жүйесіне беретін датчиктер мен бекіту құрылғыларының болуы.

      18. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осындай негіздер көзделген болса, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың қолданылатын баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талапқа сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату мүмкін болады.

5-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылықты ескере отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері

      19. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, оларға қатысты профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

  Министрдің м.а.
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 98 мен
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі міндетін атқарушының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 404 бұйрығына 2 қосымша

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару саласы талаптарының бұзылу дәрежесі

Р/с №

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының хаттамалық шешімімен немесе басқару субъектісін таңдау туралы функцияларды беру жөніндегі жиналыстың мақұлданған хаттамалық шешімі болған кезде үй кеңесінің хаттамалық шешімімен мақұлданған мүліктің меншік иелері бірлестігі мен кондоминиум объектісін басқару субъектісі арасында шарттардың болуы

елеулі

2

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында кондоминиум объектілерін тіркеудің болуы

елеулі

3

Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, қоймалар, көппәтерлі тұрғын үй иелері жиналыстарының хаттамаларымен бекітілген кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасының бір күнтізбелік жылға болуы

елеулі

4

Екінші деңгейдегі банкте кондоминиум объектісіне жинақ шотының болуы

өрескел

5

Екінші деңгейдегі банкте кондоминиум объектісіне ағымдағы шоттың болуы

өрескел

6

Жылыту маусымына инженерлік желілер мен жабдықтарды дайындау бойынша тексеру актісінің болуы

өрескел

7

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есепті ұсыну туралы растайтын құжаттардың болуы

өрескел

8

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің түгендеу тізбесі негізінде кондоминиум объектісін жыл сайынғы тексеру актісін жүргізу туралы растайтын құжаттардың болуы

өрескел

9

Жертөле үй-жайларын, паркингтерді және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарды дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды орындау туралы растайтын құжаттардың болуы

елеулі

10

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бөліктерінде (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифттер, шатырлар, кіру топтарының күнқағарлары (шатырлары), шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы үй инженерлік жүйелері мен жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және басқа да ортақ пайдаланылатын мүлік)

өрескел

11

Тексерілетін субъектінің нормативтік құқықтық актілерінде және жарғысында айқындалған МИБ төрағасының, үй кеңесінің және тексеру комиссиясының өкілеттік мерзімдерін сақтау

өрескел

12

Жиналыстар хаттамаларының пәтер иелері жиналыстарының, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, көппәтерлі тұрғын үй қоймаларының хаттамаларының пәтер иелері жиналыстарының, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, көппәтерлі тұрғын үй қоймаларының үлгілік хаттамаларына сәйкестігі

болмашы

13

Мүгедектігі бар адамдар және халықтың басқа да мобильділігі төмен топтары үшін кедергісіз ортаның болуы

болмашы

14

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын көппәтерлі тұрғын үйді басқаратын кондоминиум объектісін басқару субъектісінде құжаттың болуы

елеулі

  Министрдің м.а.
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 98 мен
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі міндетін атқарушының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 404 бұйрығына 3 қосымша

Елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тексеру парағы

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес мүлік иелері

      бірлестігінің төрағасына және кондоминиум объектісін басқару субъектілеріне

      қатысты

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      __________________ №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________________

      ______________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының хаттамалық шешімімен немесе басқару субъектісін таңдау туралы функцияларды беру жөніндегі жиналыстың мақұлданған хаттамалық шешімі болған кезде үй кеңесінің хаттамалық шешімімен мақұлданған мүліктің меншік иелері бірлестігі мен кондоминиум объектісін басқару субъектісі арасында шарттардың болуы



2

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында кондоминиум объектілерін тіркеудің болуы



3

Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, қоймалар, көппәтерлі тұрғын үй иелері жиналыстарының хаттамаларымен бекітілген кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасының бір күнтізбелік жылға болуы



4

Екінші деңгейдегі банкте кондоминиум объектісіне жинақ шотының болуы



5

Екінші деңгейдегі банкте кондоминиум объектісіне ағымдағы шоттың болуы



6

Жылыту маусымына инженерлік желілер мен жабдықтарды дайындау бойынша тексеру актісінің болуы



7

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есепті ұсыну туралы растайтын құжаттардың болуы



8

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің түгендеу тізбесі негізінде кондоминиум объектісін жыл сайынғы тексеру актісін жүргізу туралы растайтын құжаттардың болуы



9

Жертөле үй-жайларын, паркингтерді және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарды дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды орындау туралы растайтын құжаттардың болуы



10

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бөліктерінде (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифттер, шатырлар, кіру топтарының күнқағарлары (шатырлары), шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы үй инженерлік жүйелері мен жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және басқа да ортақ пайдаланылатын мүлік)



11

Тексерілетін субъектінің нормативтік құқықтық актілерінде және жарғысында айқындалған МИБ төрағасының, үй кеңесінің және тексеру комиссиясының өкілеттік мерзімдерін сақтау



12

Жиналыстар хаттамаларының пәтер иелері жиналыстарының, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, көппәтерлі тұрғын үй қоймаларының хаттамаларының пәтер иелері жиналыстарының, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, көппәтерлі тұрғын үй қоймаларының үлгілік хаттамаларына сәйкестігі



13

Мүгедектігі бар адамдар және халықтың басқа да мобильділігі төмен топтары үшін кедергісіз ортаның болуы



14

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын көппәтерлі тұрғын үйді басқаратын кондоминиум объектісін басқару субъектісінде құжаттың болуы




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады