ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 490-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидалары бекітілсін.
2. "Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 202 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32589 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров | 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 339 бұйрығымен бекітілген | 
Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 490-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы тәртібін айқындайды.
2. Ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) салық төлеушінің бастамасы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) мен салық төлеуші арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша жасалады.
3. Келісім қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға салық төлеушінің заңды мүмкіндігін іске асыру үшін негіз болып табылады.
2-тарау. Келісім жасасудың тәртібі мен шарттары
4. Шарт жасасу талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру туралы үлгілік келісім шеңберінде реттеледі.
5. Келісім жасасу үшін салық төлеуші жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) келісім жобасы;
2) салық төлеушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
4) салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігінің көшірмесі;
5) салық төлеушінің соңғы екі жыл ішіндегі, ал егер кәсіпорын екі жылдан кем жұмыс істесе, өтінім берудің алдындағы қызметінің барлық кезеңіндегі өз өндірісінің көлемін жазбаша растауы;
6) алдағы жылдарға арналған өндіріске салынатын инвестициялар жоспары.
6. Өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар 2 (екі) данада ұсынылады, олар нөмірленеді, тігіледі және салық төлеуші басшысының қолымен расталады.
Жергілікті атқарушы орган салық төлеушінің өтінімін нөмірленетін, тігілетін және жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітілетін осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес салық төлеушіні тіркеу журналына тіркейді.
7. Жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және тексереді. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, қайтару себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
Қайтару себептері жойылғаннан кейін өтінім беруші өтінімді жергілікті атқарушы органға қайта енгізеді.
8. Жергілікті атқарушы орган өтінім берушіден құжаттардың толық топтамасымен бірге өтінімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімді және өтінімге қоса берілген құжаттарды қарайды және келісім жасасу туралы не келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Келісім жасасудан бас тарту туралы шешімді осы Қағидалардың 5 тармағында көзделген құжаттар топтамасы дұрыс және/немесе толық ұсынылмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде жергілікті атқарушы орган келісім жасасудың мүмкін еместігінің себептерін негіздей отырып, келісім жасасудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша салық төлеушіге позициясын білдіру үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы салық төлеушіні хабардар етеді.
Тыңдалым туралы хабарлама осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым өткізу нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган келісім жасасу туралы шешім қабылдайды не келісім жасасудың мүмкін еместігінің себептерін негіздей отырып, салық төлеушіге келісім жасасудан бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.
9. Келісім жасасу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган өтініш берушімен келісім жасасады.
10. Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада, келісім тараптарының әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органына ұсыну үшін салық төлеушіге беріледі.
Жасалған келісімдерді тіркеуді және есепке алуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
11. Жасалған келісім мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жергілікті атқарушы орган келісім бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы салық төлеушінің тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.
12. Келісім жасасу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
| Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидаларына 1-қосымша Нысан | 
Ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы үлгілік келісім
____________________________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы көрсетіледі)
___________________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
бұдан әрі "Жергілікті атқарушы орган" деп аталатын _____________________
____________________________________________________________________
облысының (қаласының) ______________________________________________
басқармасының атынан _______________________________________________
негізінде әрекет ететін ________________________________________________
(өкілеттігін растайтын құжат)
____________________________________________________________________
(басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі)
бір тараптан және бұдан әрі "Салық төлеуші" деп аталатын
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы)
атынан________________________________________негізінде әрекет ететін
(өкілеттігін растайтын құжат)
__________________________________________________________________,
(бірінші басшының немесе өзге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, төмендегілер туралы осы
Ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған
кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісімді (бұдан әрі – келісім) жасасты.
1-тарау. Келісімнің нысанасы
1. Осы келісім Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 490-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Кодекстің 490-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жасалды.
2. Осы келісімнің нысанасы Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі саласын дамытуға бағытталған мынадай талаптарды сақтауы болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру саласында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолда бар жұмыс орындарын сақтау және (немесе) ________ мөлшерде жаңа жұмыс орындарын құру;
2) ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемін ______ мөлшерде ұлғайту;
3) кондитерлік индустрияға инвестициялар тарту;
4) жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде Жергілікті атқарушы органға басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолы қойылған, осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштердің орындалуы туралы жазбаша есепті беру;
5) Жергілікті атқарушы органның сұранымдары бойынша белгіленген мерзімдерде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қажетті құжаттарды беру.
2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
3. Салық төлеуші Келісімнің қолданылуы кезеңінде:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға;
2) осы келісімнің шарттарын сақтауға міндеттеледі.
4. Жергілікті атқарушы орган:
1) көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін тиісті қосымша келісім жасаспай, осы келісімнің шарттарын біржақты тәртіппен өзгертпеуге;
2) Салық төлеушінің осы келісімнің 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттардың орындалуы туралы есептерін қарауға;
3) келісімнің іске асырылуына мониторинг жүргізуге міндеттенеді.
5. Салық төлеуші:
1) қосылған құн салығын есепке жатқызуға заңдық мүмкіндікті іске асыру үшін мемлекеттік кіріс органына жүгінуге;
2) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін осы келісімнің шарттарына қайшы келмейтін кез келген іс-қимылдарды қолдануға;
3) Жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ете отырып, осы келісімді мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
6. Жергілікті атқарушы орган:
1) Салық төлеушіден келісімді орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
2) тиісті қосымша келісім жасасу арқылы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
3) осы келісімде көзделген негіздер бойынша осы келісімді сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуға бастамашылық жасауға құқылы.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
4-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
8. Егер қандай да бір міндеттемелерді орындамау немесе орындау кезіндегі кідіріс еңсерілмейтін күштің мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы келісім бойынша мұндай бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.
9. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдар қабылдайтын шектеу шаралары, дүлей апаттар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және сол сияқты өзге де мән-жайлар) және өзге де төтенше және тойтаруға келмейтін оқиғалар жатады.
Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.
10. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының кесірінен келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайды реттеудің ықтимал тәсілдері туралы ұсыныстар енгізеді.
11. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде зардап шеккен Тарап олар туындаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оқиғаның басталу күнін көрсете және еңсерілмейтін күштің мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы бұл туралы басқа Тараптарды хабардар етеді.
12. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
5-тарау. Құпиялылық
13. Тараптар осы келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша құпиялылық шарттарын оның қолданылу мерзімі ішінде сақтайды.
14. Тараптардың ешқайсысының басқа Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе осы келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де құпия ақпаратты ашуға құқығы жоқ, бұған мынадай жағдайлар кірмейді:
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылады;
2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірі қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға осындай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар айқындаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда беріледі;
3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша Тарап қаражат алатын өзге қаржы ұйымына осындай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық талаптарын сақтау міндеттемесін өзіне алған жағдайда беріледі;
4) ақпарат кез келген, оның ішінде Салық төлеушінің кез келген банк шоттарына жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі шетелдік банктерде ашылған, банк құпиясы болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына беріледі.
6-тарау. Дауларды реттеу
15. Осы келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
16. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
7-тарау. Келісімді бұзу тәртібі
17. Осы келісім мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:
1) Тараптардың келісу бойынша;
2) Жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ете отырып, Салық төлеушінің бастамасы бойынша;
3) Салық төлеуші осы келісімнің 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттардың кез келгенін бұзған кезде;
4) Салық төлеушінің осы келісімді жасасу кезінде дұрыс емес ақпарат беруі фактісі анықталған кезде;
5) Салық төлеуші осы келісімнің 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мерзімде Жергілікті атқарушы органның талап етуі бойынша есепті ұсынбаған кезде сот тәртібімен;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
18. Салық төлеушінің бастамасы бойынша осы келісім Жергілікті атқарушы органға алдын ала хабарлама жіберіле отырып, бұзылуы тиіс.
19. Салық төлеуші келісімді бұзу себептерін негіздей отырып, бұзу күніне дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын келісімді бұзу туралы хабарламаны Жергілікті атқарушы органға береді.
20. Жергілікті атқарушы орган 5 жұмыс күні ішінде Салық төлеушінің келісімді бұзу туралы хабарламасын қарайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұзу туралы тиісті қосымша келісім дайындайды.
21. Жергілікті атқарушы орган Салық төлеушінің осы келісімнің 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттардың кез келгенін бұзуы фактілерін анықтаған жағдайда, сондай-ақ Салық төлеуші осы келісімнің 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мерзімде есепті ұсынбаған кезде, Жергілікті атқарушы орган Салық төлеушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
Салық төлеуші бұзушылықтарды жоюды хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Бұзушылықтар жойылмаған немесе тиісінше жойылмаған жағдайда, Жергілікті атқарушы орган осы келісімді бұзу туралы талаппен сотқа жүгінеді.
22. Осы келісімді жасасу кезінде Салық төлеушінің дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған жағдайда, Жергілікті атқарушы орган өздігінен осындай факт туралы белгілі болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, осы келісімді бұзу туралы талаппен сотқа жүгінеді.
8-тарау. Келісімді тоқтату тәртібі
23. Келісімнің қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) осы келісімнің 24-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін;
2) келісім мерзімінен бұрын бұзылған кезде.
| Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидаларына 2-қосымша | |
| Нысан | 
(кімге):_________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің толық атауы)
(кімнен)__________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында өтінім берушінің тіркеу
есебінің орны ________________________________________________________
Ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуға арналған өтінім
____ және ____ жылдар аралығына қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызу мақсатында ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуды сұраймын.
1. Заңды тұлғаның деректері:
атауы ___________________________________________________ қызмет түрі
(экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптаушы бойынша код)
_______________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі
______________________________________________________________
мекенжайы: _____________________________________________________
телефон нөмірі (факс): ____________________________________________
2. Ұйымның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері
БСН _________________________________________________________
бенефициар коды______________________________________________
банк деректемелері: ____________________________________________
банктің атауы: _________________________________________________
банктік сәйкестендіру коды______________________________________
жеке сәйкестендіру коды ________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Басшы ___________________________________ _____________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Күні: 202_ жылғы "___" _________
| Салық төлеушінің ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасу қағидаларына 3-қосымша | |
| Нысан | 
Салық төлеушіні тіркеу журналы
| 
Р/с | Заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі | Тіркеу күні | Құжаттарды қабылдаған адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 
 
           
          
