"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 қыркүйекте № 36898 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібін айқындайды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресімдеу тәртібі";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидаларға 1-қосымшаның реттік нөмірі 6-жолы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке ветеринария саласындағы жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) лицензия беру үшін ̶ 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия бергені үшін төленетін алым мөлшерлемесінің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол нысанда және екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

      ".

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
  2025 жылғы 18 қыркүйектегі
  № 305 бұйрығына қосымша
Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру қағидаларына
1-қосымша

"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www. egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны беру, мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу не уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес:
1) лицензия беру үшін ̶ 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия бергені үшін төленетін алым мөлшерлемесінің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол нысанда және екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің ̶ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Өтініш демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда кешкі сағат 17-00-ден кейін келіп түскен жағдайда, мемлекеттік қызмет келесі жұмыс күні көрсетіледі.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері сағат 17-00-ден кейін келіп түскен жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10898 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны;
Бұйрықпен бекітілген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеу жүргізілген заңды тұлғаның келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі;
5) Бұйрықпен бекітілген ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны;
Бұйрықпен бекітілген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметінен бас тарту үшін мыналар негіздер болып табылады

1) жеке немесе заңды тұлғалардың бұл санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының Бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға − борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
6) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бұрын заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8 (7172) 701 998.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
  лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
1-қосымша

      Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      Кімге ___________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауын көрсету керек)

      ________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық почтасы ____________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Факсы __________________________________________________________

      Банктік шоты ____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы;

      қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Жеке тұлға

      __________ ____________________ ______________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" _______

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
2-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      Кімге ___________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен ____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан

      жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі

      болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауын көрсету керек)

      ________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________

      (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін),

      облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Филиалдың немесе шетелдік заңды тұлғаның мекенжайы

      ___________________________________________________________________

      (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық почтасы ____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факсы _________________________________________________________

      Банктік шоты ___________________________________________________

      (шот нөмірі, бактің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы

      ________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы;

      қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Басшы

      _______________________________ ______________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ________________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
3-қосымша

      Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      Кімге ____________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен _____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрі(лері)нің толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға 20___ жылғы "___" _________ №__________ берілген

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері),

      берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген

      лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды)

      (керегінің астын сызу) __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      мынадай негіздер бойынша:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің

      өзгеруі ______________________________________________________________

      2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі

      _____________________________________________________________________

      3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының

      өзгеруі _______________________________________________________________

      4) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________

      _____________________________________________________________________

      5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________

      _____________________________________________________________________

      (тиісті тор көзде Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық почтасы _____________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________

      Факсы __________________________________________________________

      Банктік шоты ____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы _________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы;

      қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Жеке тұлға

      _______________________________ ______________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "___" ________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
4-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      Кімге ___________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан

      жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі

      болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі) ___________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрі(лері)нің толық атауы)

      жүзеге асыруға 20___ жылғы "___" _________ №__________ берілген

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері),

      берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген

      лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды)

      (керегінің астын сызу)

      мынадай негіздер бойынша:

      1) заңды тұлға-лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес бірігу

      _______________________________________________________________

      қайта құру ______________________________________________________

      қосылу _________________________________________________________

      бөліп шығару ___________________________________________________

      бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуы ____________________________;

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі __________________________

      ________________________________________________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _______________

      ________________________________________________________________

      4) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________

      _________________________________________________________________

      5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________

      __________________________________________________________________

      (тиісті тор көзде Х қою қажет) қайта ресімдеуді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      _____________________________________________________________________ (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Филиалдың немесе шетелдік заңды тұлғаның мекенжайы

      __________________________________________________________________

      (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық почтасы_____________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________

      Факсы __________________________________________________________

      Банктік шоты ____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы

      ________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы;

      қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Басшы

      _______________________________ ______________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады