Минералды тыңайтқыштар бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 қыркүйекте № 36842 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілу бойынша ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Минералды тыңайтқыштардың негізгі түрлерін пайдалану туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 291 бұйрығына 1-қосымша

      Әкімшілік деректерді

      жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Әкімшілік нысанның атауы: Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілу бойынша ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-МТҚ нысан

      Кезеңділігі: апта сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы __ ___________ __ ____________ дейін

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативтері) (келісу бойынша), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын, есепті аптадан кейінгі аптаның бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей (күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 30 желтоқсанына дейін);

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын, есепті аптадан кейінгі аптаның үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей (күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 30 желтоқсанына дейін);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне апта сайын, есепті аптадан кейінгі аптаның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей (күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 30 желтоқсанына дейін).

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі

     


      Жинау әдісі: электрондық түрде.

      Облыс ______________________________________________

      Жылы ______________________________________________

      Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішісі бойынша код

      ____________________________________________________


Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Ағымдағы жылға тыңайтқыштарды сатып алу
жоспары, тонна

Жасалған шарттар, тонна

Барлығы, тонна

оның ішінде

"ҚазАзот" акционерлік қоғамы

"Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

басқалар

1

2

3

4

5

6

Жиыны:






      кестенің жалғасы

Тиеп-жөнелтілген минералды тыңайтқыштар, тонна

Жоспарланған көлемнен тиеп-жөнелту пайызы

Қоймалардағы сақтау көлемі, тонна

Барлығы, тонна

оның ішінде

отандық тыңайтқыштар

шетелдік тыңайтқыштар

"ҚазАзот" акционерлік қоғамы

"Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

басқа отандық

ресейлік

өзбекстандық

басқа шетелдік

7

8

9

10

11

12

13

14

15










      Атауы _______________________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы __________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы " " __________

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілу бойынша ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Минералды тыңайтқыштармен
қамтамасыз етілу бойынша
ақпарат" нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілу бойынша ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1-МТҚ нысан, кезеңділігі: апта сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілу бойынша ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативтері) (келісу бойынша), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды:

      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативтері) (келісу бойынша) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын, есепті аптадан кейінгі аптаның бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей (күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 30 желтоқсанына дейін);

      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын, есепті аптадан кейінгі аптаның үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей (күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 30 желтоқсанына дейін);

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне апта сайын, есепті аптадан кейінгі аптаның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей (күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 30 желтоқсанына дейін) ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеуішіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында ағымдағы жылға арналған тыңайтқыштарды сатып алу жоспары, тоннамен көрсетіледі.

      8. Нысанның 3- бағанында тыңайтқыштарды жеткізуге жасалған шарттарға сәйкес жалпы көлемі, тоннамен көрсетіледі.

      9. Нысанның 4, 5, 6-бағандарында тыңайтқыштарды жеткізуге жасалған шарттар бойынша мәліметтер, тоннамен көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (ауыл шаруашылығы кооперативтеріне) тиеп-жөнелтілген минералды тыңайтқыштардың жалпы көлемі, тоннамен көрсетіледі.

      11. Нысанның 8, 9, 10, 11, 12 және 13-бағандарында отандық және шетелдік тыңайтқыштар бөлінісінде тиеп-жөнелтілген минералды тыңайтқыштар туралы деректер, тоннамен көрсетіледі.

      12. Нысанның 14-бағанында ағымдағы жылға жоспарланған көлемнен барлық тиеп-жөнелтілген минералды тыңайтқыштардың проценттік арақатынасы көрсетіледі.

      13. Нысанның 15-бағанында қоймалардағы сақтау көлемі туралы мәліметтер, тоннамен көрсетіледі.

      14. Нысанды толтыру кезінде жолдар арасында мынадай бақылау арақатынасын сақтау қажет:

      1) Нысанның 2-бағаны 3-бағанға тең немесе одан артық;

      2) Нысанның 3-бағаны 2-бағаннан кем немесе оған тең;

      3) Нысанның 3-бағаны 7-бағанға тең немесе одан артық;

      4) Нысанның 3-бағаны 4, 5 және 6-бағандардың қосындысына тең;

      5) Нысанның 7-бағаны 8, 9, 10, 11, 12 және 13-бағандардың қосындысына тең.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 291 бұйрығына 2-қосымша

      Әкімшілік деректерді

      жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Әкімшілік нысанның атауы: Минералды тыңайтқыштардың негізгі түрлерін пайдалану туралы ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 2-МТҚ нысан

      Кезеңділігі: жыл сайынғы

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативтері) (келісу бойынша), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі

     


      Жинау әдісі: электрондық түрде

      Облыс _______________________________________________

      Жылы _______________________________________________

      Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішісі бойынша код

      _____________________________________________________


Ауыл шаруашылығы дақылының атауы (сүрі жерлер)

Минералды тыңайтқыштардың түрлері бойынша қолдану

азот тыңайтқыштары

барлығы

аммиакты селитра (аммоний нитраты)

карбамид

аммоний сульфаты

сұйық тыңайтқыш карбамид-аммиак қоспасы (КАҚ)

тонна

гектар

тонна

гектар

тонна

гектар

тонна

гектар

тонна

гектар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      кестенің жалғасы


фосфор тыңайтқыштары

калий тыңайтқыштары

аммофос

суперфосфат

фосфориттік ұн

калий хлориді (хлорлы калий)

күкіртқышқылды калий (калий сульфаты)

тонна

гектар

тонна

гектар

тонна

гектар

тонна

гектар

тонна

гектар

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

      кестенің жалғасы


кешенді тыңайтқыштар

тыңайтқыштардың басқа түрлері

микротыңайтқыштар

cульфоаммофос
(құрамында күкірті бар азотты-фосфорлы тыңайтқыш NP+S)

күрделі NPK (15:15:15, 16:16:16, 10:26:26)

тонна

гектар

тонна

гектар

тонна

гектар

тонна

гектар

22

23

24

25

26

27

28

29

      Атауы _______________________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы __________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы " " __________

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Минералды тыңайтқыштардың негізгі түрлерін пайдалану туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Минералды тыңайтқыштардың
негізгі түрлерін пайдалану
туралы ақпарат" нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Минералды тыңайтқыштардың негізгі түрлерін пайдалану туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 2-МТҚ нысан, кезеңділігі: жыл сайынғы)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Минералды тыңайтқыштардың негізгі түрлерін пайдалану туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативтері) (келісу бойынша), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      4. Нысанды:

      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативтері) (келісу бойынша) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей;

      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында ауыл шаруашылығы дақылының атауы не сүрі жерлер көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында есепті кезеңде пайдаланылған минералды тыңайтқыштардың жалпы көлемі, тоннамен көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында минералды тыңайтқыштармен тыңайтылған жалпы алаң, гектармен көрсетіледі.

      9. Нысанның 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16,18, 20, 22, 24, 26 және 28-бағандарында минералды тыңайтқыштардың түрлері бойынша көлемі тоннамен көрсетіледі.

      10. Нысанның 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27 и 29-бағандарында минералды тыңайтқыштармен тыңайтылған алаң гектармен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады