Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық бөліністері мен білім беру ұйымдарына техникалық-криминалистикалық құралдардың, құрал-жабдықтардың, реактивтердің және шығыс материалдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 239 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 677 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 қыркүйекте № 36822 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық бөліністері мен білім беру ұйымдарына техникалық-криминалистикалық құралдардың, құрал-жабдықтардың, реактивтердің және шығыс материалдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22639 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады