ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 687 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19341 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидаларында;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;"
2. "Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 688 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19340 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидаларында;
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - қорғаныс өнеркәсібі саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;"
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
