"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 қыркүйекте № 36802 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Заң), "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді, өзгерістер, толықтырулар енгізуді, оның ішінде атын, әкесінің атын, тегін ауыстырған, әке (ана) болуды анықтаған, бала асырап алған кезде, азаматтық хал актілерінің жазбаларын түзетуді, қалпына келтіруді, жоюды, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді, анықтамаларды және акт жазбаларының көшірмелерін беру тәртібін айқындайды.";

      26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Анасының жеке басын куәландыратын құжаттар, оның ішінде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорда мәліметтер болмаған жағдайда, туу фактісін тіркеу кезінде анасы туралы мәліметтер оның өтініші бойынша және анасы туралы мәліметтер өзінің сөзі бойынша жазылғаны туралы белгісі бар туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады.";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің, қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің, сондай-ақ сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 19, 19-1-қосымшаларға сәйкес кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш береді.";

      112-тармақтың екінші бөлігіне орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес аталған Қағидаларға 17 және 30-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.

      Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 19-1-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрі
2025 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 491 Бұйрыққа 1-қосымша
Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына 17-қосымша

"Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу;
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

1

Қызмет берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу; Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
2) кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері: Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу; Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
3) Мемлекеттік корпорация арқылы: Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу; Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
4) портал арқылы: Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу.

3

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күні басталады және келесі айдың тиісті күнінде аяқталады. Егер бұл күн жұмыс емес күнге келсе, онда мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі. Бір ай мерзім қысқартылмайды; некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды: жұбайын хабар-ошарсыз кеткен не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімінің негізінде мемлекеттік тіркеу - қамауға алынған жұбайдың не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысының немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншының өтініші түскен күннен бастап бір апта мерзімде хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу – 2 (екі) жұмыс күні;
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні; АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды); портал арқылы берген кезде-өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі; Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған): Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу; Қағаз түрінде: Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу; Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік);
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін ақы төлеу құны Кодекстің 182- бабының 1-тармағына сәйкес алынады;
2. Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден растайтын құжаттар ұсынылған кезде босатылады:
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамаларды бергені үшін – растайтын құжаттарды көрсеткен кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар);
2) туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – мемлекеттік ұйымдар;
3) баланың тууын мемлекеттік тіркегені және туу туралы куәлікті бергені үшін – жеке тұлғалар;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркегені және қайтыс болу туралы куәліктерді, қайталама куәліктерді, анықтамаларды және хабарламаларды бергені үшін – жеке тұлғалар;
5) азаматтық хал актілерінің күшін жойғаны үшін – жеке тұлғалар;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде оларға куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар;
7) әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізгені және бала асырап алу мен әке болуды анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 
8

 
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу негіздемесіне байланысты Қағидаларға 18 немесе 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік бұзу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін төлемді растайтын құжат немесе Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес төлемнен босату үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
5) жұбайын хабар-ошарсыз кетті деп не әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы немесе жұбайы (зайыбы) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталуы туралы сот үкімі туралы мәліметтер;
6) сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысы;
7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты ауыстыруға жататын азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету;
4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізген жағдайда - осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш, көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. көлеміндегі бір фотосуреті.
Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер. Егер ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін арызды сол тіркеуші органға қайта бергеннен кейін, ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға ол болмағанда оның нотариатта куәландырылған келісімі қоса жалғанады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде өкіл арқылы жүгінген кезде.
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін;
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келіскен жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етеді.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2025 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 491 Бұйрыққа 2-қосымша
Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына 30-қосымша

"Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Туу туралы қайталама куәлік беру;
2. Неке қию туралы қайталама куәлік беру;
3. Некені бұзу туралы қайталама куәлік беру;
4. Қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
5. Туу туралы анықтама беру;
6. Неке қию туралы анықтама беру;
7. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру;
8. Некені бұзу туралы анықтама беру;
9. Қайтыс болу туралы анықтама беру.
10. Қайтыс болу туралы хабарлама беру.

1

Қызмет берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) Мемлекеттік корпорация:
Туу туралы қайталама куәлік беру;
Неке қию туралы қайталама куәлік беру;
Некені бұзу туралы қайталама куәлік беру;
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
Туу туралы анықтама беру;
Неке қию туралы анықтама беру;
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы беру;
Некені бұзу туралы анықтама беру;
Қайтыс болу туралы анықтама беру.
2) портал арқылы:
Туу туралы қайталама куәлік беру;
Некеге қию туралы қайталама куәлік беру;
Некені бұзу туралы қайталама куәлік беру;
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
Туу туралы анықтама беру;
Неке қию туралы анықтама беру;
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы беру;
Некені бұзу туралы анықтама беру;
Қайтыс болу туралы хабарлама беру.

3

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 (бір) жұмыс күні;
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру – 3 (үш) жұмыс күні;
АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін
Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде-өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған):
Туу туралы қайталама куәлік беру;
Неке қию туралы қайталама куәлік беру;
Некені бұзу туралы қайталама куәлік беру;
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
Туу туралы анықтама беру;
Неке қию туралы анықтама беру;
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру;
Некені бұзу туралы анықтама беру;
Қайтыс болу туралы хабарлама беру.
Қағаз түрінде:
Туу туралы қайталама куәлік беру;
Неке қию туралы қайталама куәлік беру;
Некені бұзу туралы қайталама куәлік беру;
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
Туу туралы анықтама беру;
Неке қию туралы анықтама беру;
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру;
Некені бұзу туралы анықтама беру;
Қайтыс болу туралы анықтама беру.

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік немесе анықтамалар;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін ақы төлеу құны Кодекстің 182- бабының 1-тармағына сәйкес алынады;
2. Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден растайтын құжаттар ұсынылған кезде мыналар босатылады:
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамаларды бергені үшін – растайтын құжаттарды көрсеткен кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар); 2) туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – мемлекеттік ұйымдар;
3) баланың тууын мемлекеттік тіркегені және туу туралы куәлікті бергені үшін – жеке тұлғалар;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркегені және қайтыс болу туралы куәліктерді, қайталама куәліктерді, анықтамаларды және хабарламаларды бергені үшін – жеке тұлғалар;
5) азаматтық хал актілерінің күшін жойғаны үшін – жеке тұлғалар;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде оларға куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар;
7) әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізгені және бала асырап алу мен әке болуды анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушыға алуы қажет құжаттың түрін негізге ала отырып, Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) және неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін төлемді растайтын құжат немесе Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес төлемнен босату үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының болуын тексеру Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш келіп түскен кезде АХАЖ АЖ-де он алты жастан бастап жүргізіледі. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі. Қайтыс болғаны туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер оларға қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан өкілдік ету үшін уәкілетті адамға (сенім білдірушіге) жазбаша (нотариалды куәландырылған сенімхат) беріледі.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу;
2) егер азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүргізілсе, көрсетілетін қызметті алушының құжаттары электрондық көшірмелер түрінде беріледі. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келіскен жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрі
2025 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 491 Бұйрыққа 3-қосымша
Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына 19-1-қосымша
Нысан
  ____________________________
  (тіркеуші орган атауы)
  ____________________________
  (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
  ___________________________
  Тел. №______________________
  № жеке басын куәландыратын құжат
  ____________________________
  ____________________________
  (нөмірі, кіммен, қашан берілген)
  ЖСН _______________________

Cот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініші

      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды сұраймын

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      20 ___ жылғы "_____" ________________ № _________қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысы негізінде.

      Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы мәліметтер:



Азамат

Азаматша

1.

Аты



2.

Әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)



3.

Тегі: бұзуға дейін




бұзудан кейін



4.

Туылған күні, жасы

__________жылы "_____"_________ _____ жасқа толды

__________жылы "_____"_________ _____ жасқа толды

5.

Ұлты



6.

Азаматтық



7.

Заңды мекенжайы



8.

Қай жылдан бастап тұрады



9.

Білімі



10.

Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)



11.

Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) отырды



12.

Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде қиылған (некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазуының нөмірі мен күні)



13.

Өндіріліп алынатын мемлекеттік баж сомасы



14.

18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)



15.

Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)



16

ЖСН



      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркегеннен кейін бір ай ішінде жеке басын

      куәландыратын құжаттарды ауыстыру қажеттілігі туралы хабардар етілді (тегін

      өзгертуді қалайтын адамдар үшін)."

      Өтінішке қоса тапсырамын ____________________________________________

      Біз азаматтық хал актілері жазбасы ережесін бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық

      бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес

      әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдік.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Неке бұзушының қолы:

      Азамат ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      Азаматша ____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      Өтініш беру күні "___" __________20___жыл

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),

      өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі)

      журнал бойынша № _______

      ---------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы) – ЖАО үшін

      "____" ________20__ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу

      туралы өтініш қарауға қабылданды

      Қарау нәтижелері хабарланады "____" ___________ 20__ жыл

      Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады