БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрілігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 тамыздағы № 281 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 283-І бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2969 болып тіркелген) келесі өзгеріс:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Уәкілетті орган Мемлекеттік, әлеуметтік немесе қорғаныс маңызы бар станцияларды, разъездерді жабу мүмкін еместігі туралы Ұлттық инфрақұрылым операторын хабардар еткен күннен бастап үш ай ішінде осы станцияларды, разъездерді қаржыландыру көзін айқындайды. Уәкілетті орган Мемлекеттік, әлеуметтік және/немесе қорғаныс мәні бар станцияларды, разъездерді қаржыландыру көзін айқындамаған кезде белгіленген мерзімде тасымалдау процесіне қатысушының осы теміржол станциясын жабу, разъезд және/немесе осы теміржол станциясындағы жекелеген операцияларды орындауды тоқтату туралы талабын разъезд Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік-процестік Кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.".
2. "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген) келесі өзгеріс:
Кіріспе келесідей жазылсын:
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Комиссия тендердің қорытындыларын шығару кезінде әрбір лот бойынша тендердің жеңімпазынан кейін осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес бағалау шәкіліне сәйкес ұпайлардың неғұрлым жоғарғы санын жинаған әлеуетті қатысушыны анықтайды.
Ұйымдастырушының тендер шешіміне шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес беріледі.".
3. "Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 646 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14484 болып тіркелген) келесі өзгеріс:
Кіріспе келесідей жазылсын:
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидаларында:
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Біліктілік комиссиясының дисквалификация туралы шешіміне шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес беріледі.".