Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қыркүйекте № 36780 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 25-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 555 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12114 болып келген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 335 бұйрығымен бекітілген

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ететін коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін (бұдан әрі – мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілері) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) басқару органы – акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) жалдауға (жалға) алушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      3) жалдауға (жалға) беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган;

      4) жалдау (сенімгерлік басқару) шарты – жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы) мен жалға алушы (сенімгерлік басқарушы) арасында жасалған объектіні жалдау (сенімгерлік басқару) шарты;

      5) кепілдік жарна – конкурсқа қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар төлейтін ақша сомасы;

      6) конкурс – жалдауға беруші (жалға алушы) немесе құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде жалдауға беруші (жалға алушы) немесе құрылтайшы үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын конкурсқа қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдала отырып, электрондық форматта өткізілетін мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық нысаны;

      7) конкурстық комиссия – конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін жалдауға беруші (жалға алушы) немесе құрылтайшы құратын алқалы орган;

      8) конкурсқа қатысушы – конкурсқа қатысу үшін осы қағидаларда белгіленген тәртіпте тіркелген жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      9) мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің баланс ұстаушысы – объектіні жалдау жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      10) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

      11) мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі – қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды және (немесе) су бұруды қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері немесе олардың элементтері;

      12) сенімгерлік басқару объектісі - қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды және (немесе) су бұруды қамтамасыз ететін су шаруашылығы ұйымдарының мүліктік кешені, акцияларының пакеттері (қатысу үлестері), сондай-ақ қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері немесе олардың элементтері;

      13) сыйақы –құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс есебінен жүзеге асырылатын сенімгерлік басқарушыға берілетін төлемдер;

      14) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      15) сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы (бұдан әрі - құрылтайшы) - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган;

      16) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін (бұдан әрі – тізілім) ұсынатын интернет-ресурс;

      17) электрондық әмиян – бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына енгізілген қаражатты көрсету үшін тізілімнің веб-порталындағы қатысушының дербес есеп-шоты.

      3. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілері "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 24-3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша оларды амортизациялау нормаларын ескере отырып, пайдалану мерзімдеріне қарай бір жылдан бастап қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.

      4. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін беру конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      5. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға берудің міндетті шарты оларды нысаналы мақсатына сәйкес одан әрі пайдалану болып табылады.

      Мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенiмгерлiк басқару объектiлерiн мақсатсыз пайдалану жалға берушiнiң (жалға алушының) немесе құрылтайшының шешiмi бойынша мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенiмгерлiк басқару шартын бұзу үшiн негiз болып табылады.

      Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру кезінде технологиялық циклдің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талап, сондай-ақ жалдаушының (жалға алушының) немесе сенімгерлік басқарушының су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау жөнінде шаралар қабылдау міндеті белгіленеді.

      6. Конкурстың ұйымдастырушысы ретінде жалдауға беруші (жалға алушы) немесе сенімгерлік басқару құрылташысы әрекет етеді.

      7. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілері қалалық және ауылдық елді мекендер шегінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.

2-тарау. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін беру тәртібі

      8. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді баланс ұстаушының өтінімі негізінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша жалға беруші (жалға алушы) немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.

      9. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін баланс ұстаушының өтінімі мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) баланс ұстаушының атауы;

      2) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің қысқаша сипаттамасы (саны, өлшем бірлігі) және оның баланстық құны туралы мәліметтер;

      3) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің орналасқан жері;

      4) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру мерзімі;

      5) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің нысаналы мақсаты;

      6) баланс ұстаушының құрылтай құжаттары;

      7) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға берудің орындылығын негіздеу;

      8) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру шарттарын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ұсыныстар;

      9) мүліктік жалдаудан (жалға алудан) немесе сенімгерлік басқарудан түсетін жоспарланған кірістер мен шығыстардың есептеулері;

      10) сыйақының мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза табысқа пайыздық арақатынаста) немесе жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесінің мөлшерін белгілеу жөніндегі ұсыныстар;

      11) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындалған, өтінім берілген күннен бастап алты айдан ерте орындалмаған мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін бағалау туралы есеп;

      12) өтінім берілген күннен бастап 5 жылдан ерте орындалмаған мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісіне техникалық аудит қорытындысы.

      10. Өтінімде көрсетілген ақпараттың дұрыстығын мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің баланс ұстаушысы қамтамасыз етіледі.

      11. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру кезінде мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша шарттар белгіленеді:

      1) технологиялық циклдің сақталуын қамтамасыз ету;

      2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісінше және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тозуын төмендету;

      4) ысыраптарды қысқарту;

      5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін автоматтандыру және цифрландыру;

      6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне техникалық аудит жүргізу;

      7) Су кодексіне сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспарын әзірлеу және келісу;

      8) суды үнемдеу, энергия тиімді жабдықтар бойынша озық технологияларды енгізу;

      9) табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу;

      10) қолда бар жұмыс орындарының санын сақтау немесе жаңа жұмыс орындарын құру;

      11) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сенімгерлік басқару объектісіне қатысты мәмілелер жасау және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттерге тыйым салу;

      12) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерінде терроризмге қарсы іс-шараларды жүргізу.

      12. Мүліктік жалдау (жалға алу) объектілерін мүліктік жалға беру (жалға алу) өтеулі негізде жүзеге асырылады.

      Мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері бойынша жалдау ақысының есептік мөлшерлемелерін баланстық құнын, белгіленген жұмыс режимін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын, су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін ескере отырып, жалға беруші айқындайды және бекітеді.

      Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі бойынша жыл сайынғы жалдау ақысының ең төменгі мөлшерлемесі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағалау туралы есеппен расталған мүліктік жалдау (жалға алу) объектілерін жалға берілетін бағалау құнының 0,1 пайызын құрайды.

      Сенімгерлікпен басқару объектісі бойынша сыйақының ең төменгі мөлшері құрылтайшының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза кірісіне пайыздық арақатынаста айқындалады және 20% -дан кем болмауы тиіс.

      13. Баланс ұстаушының өтінімін жалға беруші (жалға алушы) немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы оны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.

      Өтінімді қарау нәтижелері бойынша жалға беруші (жалға алушы) немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін тапсыру туралы;

      2) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беруден бас тарту туралы.

      14. Жалға беруші (жалға алушы) немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде осы Қағидалардың ___-тармағына сәйкес мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің теңгерім ұстаушысы ұсынған өтінімді қарау нәтижелері бойынша Тізілімде мынадай ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді:

      1) атауын, санын, өлшем бірлігін, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін, жалға беру мерзімін, нысаналы мақсатын көрсете отырып, мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісі туралы мәліметтерді;

      2) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің меншік иесі және баланс ұстаушысы туралы мәліметтер (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы);

      3) объектіні мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға конкурс жүргізу жолымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы мәліметтер.

      15. Басқару органы сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына акциялары (үлестері) не мүліктік кешені сенімгерлік басқару объектісі болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш қаржы жылындағы қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсыныстарды және конкурстық (тендерлік) комиссияның қатысушыларына қойылатын талаптарды ұсынады.

      Өзге объектілер бойынша басқару органы сенімгерлік басқару құрылтайшысына объектінің сипаттамасын, объектінің баланстық құны туралы мәліметтерді және кейіннен сатып алу құқығынсыз объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсыныстарды және қызметтің ерекшелігін ескере отырып, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.

      16. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша сұрау салуы бойынша объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді жеті жұмыс күні ішінде ұсынады.

1-параграф. Конкурсты өткізуге дайындық

      17. Конкурсты дайындау және өткізу кезінде жалға беруші немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы:

      1) конкурстық комиссияны қалыптастырады;

      2) конкурсты өткізу мерзімдерін айқындайды;

      3) конкурстық құжаттаманы дайындайды;

      4) конкурсты өткізу туралы хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялайды;

      5) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындайды;

      6) конкурс өткізеді;

      7) конкурс жеңімпаздарымен шарт жасасады және оның талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      18. Конкурстық комиссия:

      1) конкурс өткізу мерзімдерін айқындайды;

      2) конкурстық құжаттаманы бекітеді;

      3) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;

      4) 50%-дан аспайтын сыйақы мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза табысқа пайыздық қатынаста) бекітеді;

      5) тізілімнің веб-порталында конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен құжаттарын қарайды және тізілімнің веб-порталында конкурсқа жіберілген қатысушыларды айқындайды;

      6) тізілімнің веб-порталында конкурс жеңімпазын тізілімнің веб-порталында қарапайым көпшілік дауыспен айқындайды.

      19. Конкурстық құжаттама:

      1) оның нысаналы мақсатын көрсете отырып, конкурсты мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісі туралы мәліметтер;

      2) өтінімнің және онымен бірге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптар;

      3) конкурстың шарттары;

      4) шарттың жобасы;

      5) кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізу үшін банк деректемелері (кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді);

      6) сыйақы мөлшері (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза табысқа пайыздық қатынаспен).

      20. Конкурстық комиссияның құрамына: жалға беруші немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшы, уәкілетті орган, баланс ұстаушы және өзге мүдделі ұйымдар өкілдері кіреді.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Комиссия төрағасы жалға беруші немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшы өкілі болып табылады.

      Комиссия құрамын жалға беруші немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысы бекітеді.

      конкурстық комиссияның хатшысы жалға беруші немесе сенімгерлік басқару құрылтайшы өкілі болып табылады және комиссия мүшесі болып табылмайды. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыру және жүргізу үшін осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген конкурстық құжаттарын дайындайды және конкурстық комиссияның хаттамасын рәсімдейді.

      21. Жалға беруші немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы конкурс өткізу туралы хабарламаны тізілімнің веб-порталында оны өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялауды қамтамасыз етеді.

      22. Конкурсты өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жалға берушінің немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысының атауы;

      2) конкурс шарттары және конкурс жеңімпазын айқындау өлшемдері;

      3) конкурсты мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің қысқаша сипаттамасы;

      4) конкурсты өткізу күні, уақыты;

      5) конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мерзімдері;

      6) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару мерзімі және жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесінің мөлшері;

      7) жалдау төлемін төлеу кезеңділігі;

      8) кепілдік жарнаның мөлшері, оны енгізу үшін мерзімдері мен банктік деректемелері;

      9) шарт жасасу мерзімі;

      10) сыйақы мөлшері (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза табысқа пайыздық қатынаста);

      11) конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар;

      12) конкурстың мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісімен танысу мекенжайы, мерзімі және шарттары.

      23. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, ол конкурс нәтижелері туралы хаттамаға және шартқа қол қойғаннан кейін конкурс жеңімпазының кепілдік жарнасын, сондай-ақ конкурсқа басқа қатысушылардың кепілдік жарналарын бұғаттайды.

      24. Бірыңғай оператор:

      1) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, жалға беруші қол қойған кепілдік жарнаны аударуға арналған өтініш негізінде бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына конкурсты жеңіп алған қатысушының электрондық әмияндағы бұғаттаудан шығарылған кепілдік жарнасын аударады;

      2) бірыңғай операторға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, қатысушылар қол қойған ақша қаражатын қайтаруға арналған өтініштер негізінде конкурсқа қатысушыларға электрондық әмияндағы ақша қаражатын қайтарады;

      3) шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазының кепілдік жарнасын оның электрондық әмиянында бұғаттауды жүргізеді;

      4) басқа қатысушылардың басқа сауда-саттыққа қатысуға өтінім беруі үшін электрондық әмияндағы бұғаттаудан шығарылған ақшаны бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      5) конкурсқа қатысушының ақшасын электрондық әмияннан ақшаны шығаруға арналған өтініште көрсетілген деректемелерге аударуды қамтамасыз етеді;

      6) құрылтайшы қол қойған кепiлдiк жарнаны аударуға арналған өтiнiштiң негiзiнде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, конкурс өткізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазының кепілдік жарнасын (ол конкурс нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоймаған жағдайда), сондай-ақ (ол конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда 3 (үш) жұмыс күні) құрылтайшы көрсеткен деректемелер бойынша республикалық немесе жергілікті бюджеттің кірісіне аударуды жүргізеді;

      25. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна әрбір мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісі үшін жеке белгіленеді және оның баланстық құнының 3 (үш) пайызын құрайды, бірақ кемінде 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) және кемінде 30 000 (отыз мың) АЕК құрайды.

      26. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілі ретінде енгізіледі:

      1) конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

      2) құрылтайшымен шарт жасасу.

      27. Қатысушылар бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімдерде және мәліметтерде кепілдік жарна енгізеді.

      Бір кепілдік жарна бір мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісіне конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.

      Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар енгізеді. Кепілдік жарнаны енгізген кезде төлем құжатында төлем тағайындаудағы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе қатысушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетіледі.

      Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді.

      28. Кепілдік жарна конкурс нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес жеңімпазбен шарт жасасуды қамтамасыз ету болып табылады.

      Қатысушы конкурсқа қатысудан оны өткізгенге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын бас тартқан жағдайда, бірыңғай оператор кепілдік жарнаны қайтармайды.

      Хаттамаға не шартқа конкурс жеңімпазының ұсыныстарына сәйкес келетін талаптарда қол қоймаған жағдайда, кепілдік жарна конкурс жеңімпазына қайтарылмайды.

      Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарна сомасына енгiзiлген ақша қаражаты сауда-саттық күнi конкурсқа қатысушының электрондық әмиянында ашылады.

      Ақша қаражаты конкурсқа қатысушы қаражатты электрондық әмияннан шығаруға арналған өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.

      29. Конкурс шарттары өзгерген не конкурстың күші жойылған жағдайда жалға берушінің (жалға берушінің) баланс ұстаушысының немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысының өтінішхаты бойынша тізілімнің веб-порталында ол өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын конкурстың өзгерістері немесе күшін жою туралы хабарламаны мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      Конкурстың шарттарын өзгерту не конкурстың күшін жою туралы хабарлама жарияланғанға дейін конкурсқа қатысуға өтінім берген тұлғаларға кепілдік жарна тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған кепілдік жарнаны қайтаруға арналған өтініш негізінде қайтарылады.

      30. Конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін жалға беруші (жалға беруші) немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тізілімнің веб-порталы арқылы мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін қарауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      31. Конкурстық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) белгіленген мерзімде және ол ұсынған мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісі туралы деректер негізінде конкурс шарттарын әзірлейді, олардың негізгілері жалдау ақысының есептік бастапқы мөлшерлемесі, сыйақы мөлшері (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза табысқа пайыздық арақатынаста) және мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі бизнес-жоспар болып табылады;

      2) конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қарайды;

      3) конкурс жеңімпазын жариялайды.

      32. Конкурсқа қатысушылардың конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарлама орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

2-параграф. Конкурсты өткізу

      33. Конкурсқа қатысушыларды тізілімнің веб-порталында тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткізілгенге дейін бес минут бұрын аяқталады.

      34. Конкурсқа қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін ЖСН, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін БСН, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

      4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы).

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

      35. Тізілімнің веб-порталында қатысушы ретінде тіркеу үшін конкурсқа қатысушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім) тіркейді.

      36. Қатысушылар осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, тізілімнің арнайы бөлінген веб-бетіне электрондық конвертке жүктелетін конкурстық шарттармен келісімі бар өтінімді және баға ұсынысын тіркейді.

      37. Өтінімдер және оларға қоса берілетін конкурсқа қатысушылар құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сақталады және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыт пен күнге дейін жүктеу және қарау үшін қол жетімді емес.

      38. Тізілімнің веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін конкурсқа қатысушының осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның бірыңғай оператордың шотына түспеуі негіз болып табылады.

      39. Электрондық әмиянда өтінім берілген конкурсты мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болған жағдайда тізілімнің веб-порталы оларды конкурс нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттайды, өтінімді қабылдауды және конкурсқа қатысушыларды жіберуді жүзеге асырады. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болмаған кезде тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдамайды.

      Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысушының тізілім веб-порталындағы жеке кабинетіне өтінімнің қабылданғаны не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламаны автоматты түрде жібереді.

      40. Конкурс "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, тізілімнің веб-порталында сейсенбі - жұма аралығында өткізіледі. Конкурс сағат 10: 00-ден 13: 00-ге дейінгі кезеңде басталады және конкурс өткізілетін күні аяқталады.

      41. Егер конкурс басталған сәтте конкурсқа қатысушылардың тіркелген өтінімдері болмаса, тізілімнің веб-порталы конкурс өтпеді деп таниды және конкурстық комиссия осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген тәртіппен мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін конкурсқа қайта шығару туралы шешім қабылдайды.

      42. Тізілімнің веб-порталы конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты басталғаннан кейін өтінімдерді ашуды автоматты түрде жүргізеді.

      43. 43. Өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін конкурстық комиссия конкурсқа жіберілген конкурсқа қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

      Конкурсқа қатысушы конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыны себебін көрсете отырып, конкурсқа жібермейді.

      44. Мүліктік жалдау (жалға алу) конкурсын өткізу кезінде мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сай келетін конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      Қатысушылар ұсынған жалдау ақысының сомалары сәйкес келген (тең болған) жағдайда өтінімді бұрын тіркеген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      45. Сенімгерлік басқару конкурсын өткізу кезінде объектіні пайдалануды немесе сенімгерлік басқаруды ұйымдастыру бойынша конкурстық құжаттамада қамтылған барлық талаптарға жауап беретін ең үздік шарттарды ұсынған конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі шарттар және конкурсқа қатысушылар ұсынған су беру жөніндегі қызметтер сәйкес келген (тең болған) жағдайда конкурстық комиссияның шешімі бойынша өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      46. Тізілімнің веб-порталы баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстыруды және конкурстың қорытындыларын шығаруды жүргізеді.

3-параграф. Конкурс нәтижелерін ресімдеу

      48. 47. Конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға тізілімнің веб-порталында конкурстық комиссияның мүшелері және жеңімпаз конкурс қорытындыларын шығарған күні қол қояды.

      Комиссия конкурстың қорытындыларын конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарады.

      48. Тізілімнің веб-порталы жеңімпазға конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетіне конкурс нәтижелері туралы хабарлама жібереді.

      49. Конкурстың нәтижелері туралы хаттамада:

      1) себебін көрсете отырып, жіберілмеген қатысушылардың тізімі;

      2) жіберілген қатысушылардың тізімі;

      3) жеңімпаз.

      50. Мынадай жағдайларда:

      1) егер конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушылардың саны екеуден кем болса;

      2) егер конкурсқа жіберілген қатысушылардың саны екеуден кем болса;

      3) конкурсқа қатысушылардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) жеңімпаз конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;

      51. Егер конкурс өтпеді деп жарияланса, құрылтайшы конкурс қорытындылары шығарылғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өтпеген конкурс туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

      52. Жеңімпаз белгіленген мерзімде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған жағдайда, құрылтайшы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.

      53. Конкурсты өткізуге кедергі келтіретін тізілім веб-порталында техникалық іркіліс фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы құрылтайшыны жазбаша хабардар етеді және конкурсқа қатысқан қатысушыларды тізілім веб-порталында ақпаратты орналастыру және қатысушының тізілім веб-порталындағы жеке кабинетіне конкурсты ауыстыру туралы хабарлама жіберу арқылы осы конкурстың жалғасатын күні мен уақыты туралы алдын ала хабардар ете отырып, техникалық іркіліс түзетілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніне конкурсты ауыстырады.

      Техникалық іркіліс себебі бойынша конкурстың және/немесе шарттың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою процестері бұзылған жағдайда, бірыңғай оператор конкурстың және/немесе шарттың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін конкурстың құрылтайшысына және/немесе жеңімпазына техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

      54. Конкурстық комиссия конкурс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шарттың жобасын қалыптастырады және оны тізілімнің веб-порталы арқылы жеңімпазға жібереді.

      55. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және оған жалға беруші (жалға беруші) мен жалдаушы (жалға алушы) немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы және ЭЦҚ пайдалана отырып, сенімгерлік басқарушы конкурс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қояды және шарттың сәйкестендіргішін көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында тіркеледі.

      56. Жеңімпаз шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, жалға беруші (жалға беруші) немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.

      57. Егер конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаған жағдайда, жалға беруші (жалға беруші) немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы өткізілмеген конкурс шартымен мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде тізілім веб-порталына қайта шығарады.

      58. Енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жеңімпазға жасалған шарт бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін пайдаланғаны үшін төлем есебіне есептеледі

4-параграф. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін қабылдау-беру актісі бойынша беру

      59. Шартқа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісі баланс ұстаушы, жалдаушы (жалға алушы) немесе сенімгерлік басқарушы қол қоятын және жалға беруші (жалға беруші) немесе веб-порталда сенімгерлік басқару құрылтайшысы бекітетін қабылдау-беру актісі бойынша жалдаушыға (жалға алушыға) немесе сенімгерлік басқарушыға беріледі ЭЦҚ пайдаланылған тізілім және қағаз нұсқасы мөрлермен (ол болған кезде) куәландырылады.

      60. Қабылдау-тапсыру актісінде:

      1) актінің жасалған орны мен күні;

      2) оларға сәйкес өкілдер тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілетті құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) оған сәйкес мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін беру жүргізілетін шартқа қол қою нөмірі мен күні;

      4) берілетін мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің атауы, оның орналасқан жері, техникалық сипаттамалары және анықталған ақаулықтардың тізбесі бар жай-күйі.

  Елді мекендердің сумен
жабдықтау және су бұру
жүйелерін мүліктік жалдауға
(жалға алуға) немесе сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі конкурсқа (тендерге) қатысуға ӨТІНІМ

      1. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы жарияланған хабарламаны қарап, Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен танысқаннан кейін (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 20 __жылғы "___"_______ мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-qazyna.kz. веб-порталында өтетін конкурсқа (тендерге) қатысуға тілек білдіреді.

      2. Мен (біз) конкурсқа (тендерге) қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы_______(_______________________) теңге _ _ _ _ _ кепілдік жарна (лар) енгіздім (к).

      (сомасы жазбаша) (саны)

      Кепілдік жарна енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері туралы мәліметтер:

Р/с №

Мүлікті жалдау (жалға алу) объектісінің атауы, сондай-ақ жалдау ақысы төлемдерінің кезеңділігі

Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

Р/с №



Кепілдік жарнаның мақсаты және конкурсқа (тендерге) қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1







2














      3. Менің (біздің) конкурсқа (тендерге) қатысушыға (жалдаушыға) қойылатын талаптарға сәйкес емес екенім (із) анықталған жағдайда, мен (біз) конкурсқа (тендерге) қатысу құқығынан айырылатыныма (ызға) , мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама мен мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (міз).

      4. Егер Мен (біз) конкурстың (тендердің) жеңімпазы (дары) болып айқындалсам (қ), конкурс (тендер) өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзіме мүліктік жалдау (жалға алу) шартына қол қою міндеттемелерін қабылдаймын.

      5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартына белгіленген мерзімде қол қойылмаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және жалға берушіде қалатынына келісемін (міз).

      6. Осы өтінім конкурс (тендер) нәтижелері туралы хаттамамен бірге мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өзім (з) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (з):

      Заңды тұлға үшін: атауы

      _______________________________________________________________

      БСН

      ________________________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________

      мекенжайы:______________________________________________________

      телефон нөмірі (факс):_________________________

      кепілдік жарнаны қайтару үшін банк реквизиттері

      ЖСК

      ________________________________________________________________

      БИК

      ________________________________________________________________

      банктің атауы

      ________________________________________________________

      Кбе

      _________________________________________________________________

      кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:

      өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) _______________________________________________________________

      2) _______________________________________________________________

      3) _______________________________________________________________

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_____________________________

      ЖСН ___________________________________________________________

      паспорт деректері

      _________________________________________________________________

      мекенжайы:_______________________________________________________

      телефон нөмірі (факс):______________________________________________

      кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер

      ЖСК

      __________________________________________________________________

      БИК______________________________________________________________

      банктің атауы ______________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________

      кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН /БСН:

      өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ________________________________________________________________

      2) ________________________________________________________________

      3) _______________________________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды

      тұлғаның атауы және (заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет

      ететін өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20 __ жылғы "___" ____________ .

      Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы "__" ___ сағат ___

      минутта қабылданды.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      Kбе – бенефициардың коды.

  Елді мекендердің сумен
жабдықтау және су бұру
жүйелерін мүліктік жалдауға
(жалға алуға) немесе сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
2-қосымша

Конкурстың (тендердің) қорытындысы туралы хаттама

      Күні мен уақыты

      Объектінің атауы________________________________________________

      Конкурстың (тендердің) шарттары _________________________________

      Баланс ұстаушының атауы ________________________________________

      Конкурсты (тендерді) ұйымдастырушының (жалға берушінің) атауы

      __________________________________________________________________

      Конкурсты (тендерді) ұйымдастырушының (жалға берушінің) мекен-жайы

      _____________________________________________________________________

      Жалға беруші конкурсқа (тендерге) жібермеген қатысушылар:

Қатысушының атауы

БСН (ЖСН)

Ауытқу себебі





      Жалға беруші тендерге жіберген қатысушылар мынадай баға ұсыныстарын ұсынды:

Қатысушының атауы

БСН (ЖСН)

Объект үшін жалдау ақысының сомасы

Өтінімді беру күні мен уақыты (хронология бойынша)






      1. Тендер жеңімпазы болып белгіленсін: (жеңімпаз қатысушысының БСН/ЖСН атауы).

      2. Осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жалға берушімен (жеңімпаз қатысушысының БСН/ЖСН атауы) шарт жасассын.

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

  Елді мекендердің сумен
жабдықтау және су бұру
жүйелерін мүліктік жалдауға
(жалға алуға) немесе сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурсқа (тендерге) қатысуға ӨТІНІМ

      1. _____ мерзімге кейіннен сатып алу (құқығымен/құқығынсыз)

      _________________________________________________________________

      (объектінің атауы) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурс (тендер) өткізу

      туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік

      басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, мен, төменде қол қоюшы

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толығымен, не заңды тұлғаның атауы)

      __________________________________________________________________

      конкурсқа (тендерге) қатысуға өтінімді қабылдауды және 20_ жылғы "__"________

      Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетін конкурсқа (тендерге) қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.

      2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі) конкурсқа (тендерге) қатысу үшін хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:

      __________________________________________________________________

      (ЖСН, БСН, төлемді тағайындау коды, Кбе, мекеменің коды)

      кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).

      Кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектілері туралы мәлеметтер:

Сенімгерлік басқару объектісінің атауы

Аударылуы тиіс кепілдік жарнаның сомасы, теңге







      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

Р/с №

Кепілдік жарнаның мақсаты және конкурсқа (тендерге) қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1





2

Жиыны









      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) конкурсқа (тендерге) қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) конкурста (тендерде) жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған конкурстың (тендердің) нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін.

      4. Егер біз (мен) конкурстың (тендердің) жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге конкурс (тендер) нәтижелері туралы хаттамаға конкурс (тендер) өткізілген күні қол қою және конкурстың (тендердің) нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемелерін қабылдаймыз.

      5. Мына:

      конкурсты (тендерді) өткізуден кем дегенде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан бас тартқан;

      конкурстың (тендердің) нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған;

      мен объектіні сатып алу құқығынан бас тартқан жағдайда, біз енгізген кепілдік жарна қайтарылмайтынымен және мемлекеттік мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысында қалатынымен келісемін (міз).

      6. Осы өтінім Конкурстың (тендердің) нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы

      _______________________________________________________________

      БСН

      ________________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты ___________________________________

      Мекенжайы:_____________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК________________________________________________________________

      БСК _________________________________________________________________

      Банктің атауы ______________________________________________________

      Кбе _______________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның

      ЖСН/БСН__________________________________

      Өтінімге мыналар қоса берілед:

      1) ________________________________________________________________

      2) ________________________________________________________________

      3) ___________________________________________ ______________ і.

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):

      ЖСН ______________________________________________________________

      Паспорт деректері ___________________________________________________

      Мекенжайы: ________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК

      ________________________________________________________________

      БСК

      _________________________________________________________________

      Банктің атауы ____________________________________________________

      Кбе _____________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеу үшін банктік деректемелер

      ЖСН/БСН__________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ________________________________________________________________

      2) ________________________________________________________________

      3) ________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның

      тегі, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы және басшының тегі, аты,

      әкесiнiң аты

      20__ жылы "___"____________.

      М.О.

      Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы

      20__ ж. "___"____________20__ ж. сағат "___" минутта қабылдады.

      Конкурсты (тендерді) қатысушының

      нөмірі___________________________________

  Елді мекендердің сумен
жабдықтау және су бұру
жүйелерін мүліктік жалдауға
(жалға алуға) немесе сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) және сенімгерлік басқаруға берудің үлгілік шарты

      ___________________ (объектінің атауы) __________қ. №___ 20__ жылғы

      "__"__________ бұдан әрі "жалға беруші" деп аталатын _____________атынан

      (жалдауға берушінің (жалға берушінің) атауы)

      _________________________20 жылғы "__"__________ №__________ бекітілген

      ________________туралы 20_____жылғы "__"______ №______ туралы ереженің

      негізінде әрекет ететін басшы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "жалға алушы" деп аталатын

      ___________________________атынан (жалдаушының (жалға алушының) атауы)

      ___________________екінші тараптан, бірлесіп "тараптар" деп (тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) аталып, төмендегі туралы осы шартты жасасты.

      1. Шарттың нысанасы

      1. Бұдан әрі "баланс ұстаушы" деп аталатын_______________

      (баланс ұстаушының атауы) балансында тұрған, бұдан әрі "объекті" деп аталатын

      ___________ (объектінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы) мекенжайында

      орналасқан___________________________________ (объектінің атауы)

      1) 20 "____"_____________№____________бұйрықтың негізінде;

      (жалға берушінің атауы)

      2) 20 "____" _____________№ _____тендер нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес

      тендер нәтижесі бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарттың

      мәні болып табылады.

      2. __________________________________________________________________

      (объектінің мақсаты не тендер шарттары) мақсатында пайдалану

      үшін 20___________ жылғы "__"_________________ бастап 20 жылғы "_____"

      аралығында объектіні жалға беруші мүліктік жалдауға қабылдайды (жалға алады),

      ал жалға алушы жалға қабылдап алады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін

      аталған шарттың әрекет етуі тоқтатылады.

      2. Жалпы шарттар

      3. Объектіні жалдауға беру жалға алушының, баланс ұстаушының өкілдері қол қоятын және жалға беруші бекітетін қабылдау-тапсыру актісі бойынша (беру сәтінде объектінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) жүзеге асырылады және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      4. Жалға берушінің шартқа қол қоюымен және баланс ұстаушының жазбаша келісімімен тапсырылатын объектінің беру сәтінде кепілдікке қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым салынбағандығын және шартқа қатысы жоқ үшінші тұлғалармен шарттың әрекет етуі ішінде талап етілмейтіндігін куәландырады.

      5. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған жылжымайтын мүлікті мүліктік жалға алу шарты 1Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы1 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады және осындай тіркеу сәтінен бастап жасалған деп есептеледі. Шартты мемлекеттік тіркеу Жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Жалға алушы жалға алынған үй-жайларда өрт және электр қауіпсіздігін, техникалық құралдар мен инженерлік жабдықтарды пайдалануды, сондай-ақ осы тармақта көзделген шарттар бұзылған жағдайда зардаптарды қамтамасыз етеді.

      3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Жалға беруші:

      1) баланс ұстаушымен келісу бойынша жалға алушыға объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға жазбаша рұқсат береді;

      2) жалдау ақысының уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) жалдау ақысының уақтылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептейді;

      4) тараптардың келісуі бойынша шарттың мерзімін ұзартуға, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе оны бұзады;

      5) объектінің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.

      8. Жалға алушы:

      1) жалдау ақысын аванспен төлейді;

      2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға рұқсат алуға жалға берушіге өтініш жасайды;

      3) жалға берушіге шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы ұсыныстар енгізеді.

      9. Жалға беруші:

      1) баланс ұстаушының объектіні қабылдау актісіне сәйкес жалға алушыға беруін және шартқа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны бекітуді қамтамасыз етеді;

      2) шартта белгіленген тәртіппен жалға алушының объектіні иелену және пайдалануына кедергі келтірмейді;

      3) шарт талаптарын немесе жалдау ақысының мөлшерін өзгерткен жағдайда, бұл туралы жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін бір ай бұрын жалға алушыға хабарлайды;

      4) жалға алушыға жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімі өткен жалдау төлемдері үшін өсімақылар мен айыппұлдар есептегені туралы хабарламаны жібереді;

      5) объектіні қабылдау-тапсыру актісін бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы шарт бойынша мәліметтердің мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізілуін қамтамасыз етеді.

      10. Жалға алушы:

      1)__________________________________________ кешіктірмей ай сайын

      (жалдау ақысын төлеу мерзімдері)

      жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да жалдау төлемдерін (айыппұлдарды,

      өсімақыларды) енгізеді;

      2) төлем тапсырмасына немесе жалдау төлемін төлегендігі туралы түбіртектегі "төлемнің мақсаты" жолына мынадай мәліметтерді:

      жалға алушының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес жеке сәйкестендіру нөмірін;

      тізілімнің веб-порталы беретін мүліктік жалдауға (жалға алуға) шартының сәйкестендіргішін енгізеді;

      3) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) енгізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында шарт бойынша есеп айырысуға салыстыруды жүргізеді;

      4) жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті бастапқы берілген кездегі жай-күйіне сәйкес жағдайда тапсырады;

      5) қабылданған объектіні шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдаланады;

      6) объектіні тиісті тәртіпте ұстайды, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттерді жасамайды;

      7) объектіні дұрыс жағдайда ұстайды, өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізеді және мүлікті ұстау бойынша шығыстарды көтереді, сондай-ақ тараптармен келісілген мерзімдерде күрделі жөндеу жүргізеді;

      8) жалға алушының кінәсінен, сол сияқты табиғи тозуға байланысты объектінің жекелеген элементтері істен шыққан жағдайда, жөндеу жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізеді;

      9) жалға берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмайды;

      10) объектіге және объект орналасқан жер учаскесіне жалға берушінің, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі және объектіні пайдалану мен қолдану тәртібіне қатысты нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін кедергісіз жібереді, олар белгілеген мерзімдерде тіркелген бұзушылықтарды жояды;

      11) шарт бойынша өз құқықтарын кепілге бермейді, оларды шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде енгізбейді;

      12) осы шарттың аяқталу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш береді. Мұндай өтініштің болмауы жалға берушіге объектіні өзге заңды немесе жеке тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) негіз болады;

      13) шарт бұзылған немесе қолданылу мерзімі аяқталған кезде баланс ұстаушы мен жалға алушы және қол қойған жалға беруші электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, тізілім веб-порталында бекітетін қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес шарт бұзылған күннен немесе шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен кешіктірмей объектіні баланс ұстаушыға қайтаруды қамтамасыз етеді;

      14) жалға алушының кінәсінен объекті пайдалануға жарамсыз жағдайға келтірілген жағдайда, өз қаражаты есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады;

      15) объектіні жұмыс істемейтін немесе қанағаттанарлықсыз техникалық күйінде (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда, шығынды өтейді.

      4. Жалдау ақысы мен есеп айырысу тәртібі

      11. Объектіні мүліктік жалдау үшін жалдау (жалға алу) ақысының мөлшері айына ________ теңгені құрайды (жалдау ақысының есебі шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шартқа қосымшада келтірілген).

      12. Мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысы коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған аударымдарды, объектіге көрсетілген қызметтер және қорғау үшін төлемдерді қамтымайды. Бұл төлемдерді жалға алушы тікелей бағынысты қорғау, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және қызметтер көрсететін басқа да қызметтерге төлейді.

      13. Ай сайынғы жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдерді (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) жалға алушы жергілікті өзін-өзі басқару органының қолма-қол ақшасының бақылау шотына не 201501"Республикалық меншік иелігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" бюджеттік сыныптама кодына не 201504"Коммуналдық меншік иелігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" бюджеттік сыныптама кодына не 201506 "Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" бюджеттік сыныптама кодына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, 201508 "Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" бюджеттік сыныптама кодына не 201 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" бюджеттік сыныптама кодына бенефициар _______ БСК, бенефициар ____________ ЖСК аударады.

      14. Жалға алушы Шарттың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген жалдау ақысын төлеудің мерзімін бұзған жағдайда, жалға алушы әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген сомадан 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      15. Осы шартта көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу жалға алушыны орындалмаған міндеттемелерін тиісінше орындаудан босатпайды.

      16. Жалға алушының бастамасы бойынша шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, аванспен төленген жалдау ақысы қайтарылмайды.

      5. Шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары

      18. Жалға алушы шартты бұзғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бұл туралы жалға берушіні жазбаша ескерте отырып, шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      19. Жалға берушінің талабы бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты бұзылуы мүмкін және объект жалға берушіге мынадай:

      1) жалға берушінің жасаған жазбаша ескертуіне қарамастан, жалға алушы объектіні шарттың талаптарын немесе объектінің мақсатын елеулі бұза отырып пайдаланған;

      2) егер жалға алушы шарт бойынша берілген объектіні нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;

      3)осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген талаптарды орындамаған;

      4) жалға алушы шартта белгіленген төлем мерзімі өткеннен кейін объектіні пайдаланғаны үшін ай сайынғы жалдау ақысын екі рет қатарынан төлемеген, жалға беруші жалға алушыға өз міндеттемелерін ақылға қонымды мерзімде орындау мүмкіндігін бергеннен кейін ғана шартты мерзімнен бұрын бұзуды талап еткен;

      5) жалға алушы шартта белгіленген мерзімде, ал олар шартта болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеттемесі жалға алушыға жүктелген жағдайларда ақылға қонымды мерзімдерде объектіге күрделі жөндеу жүргізбеген;

      6) жалға алушыға басқа объектіні оның жазбаша келісімінен кейін берген;

      7) жалға беруші объектіні алып қою туралы шешім қабылдаған;

      8) жалға берушінің атына баланс ұстаушы жазбаша өтініш жазған жағдайларда қайтарылады.

      6. Ерекше жағдайлар

      21. Шарт әрбір тарап үшін біреуден бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс тілдерінде үш данада жасалады.

      22. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың қосымша келісімге қол қоюы жолымен енгізіледі. Егер оларды осыған уәкілетті тұлғалар жасаған болса шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың күші болады.

      Барлық қосымшалар мен қосымша келісімдер осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      24. Мүліктік жалдау (жалдау) үшін жалдау ақысын есептеу объектіні қабылдау-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға қайтарылғанға дейін жүргізіледі. Жалға алушы мен баланс ұстаушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қол қойған және жалға беруші бекіткен қабылдау-тапсыру актісі мүліктік жалдау (жалдау) шартын бұзу және бұзу фактісін растайтын құжат болып табылады.

      7. Форс-мажор

      25. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай) салдарынан болса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындау үшін өздеріне байланысты барлық шараларды қабылдаған жағдайда, Тараптар міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      26. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары болған, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге ауыстырылады.

      27. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені күнтізбелік отыз күн ішінде екінші Тарапты осындай мән-жайлардың туындағаны туралы жазбаша хабардар етеді.

      Хабарлама мынадай тәсілдердің бірімен: абоненттің ұялы телефон нөміріне қысқа мәтіндік хабарламаны "электрондық үкімет" веб-порталы, ұялы телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайы арқылы мәтіндік хабарламаны жібере отырып, "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетінде қабылданғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонограмма немесе жеделхат арқылы жіберіледі.

      Жалға беруші немесе жалға алушы (тараптар) тұрғылықты (орналасқан жері), жұмыс орнының мекенжайлары, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, шартта өздері көрсеткен электрондық пошта мекенжайының сенімді екенін, хабарламаның (хабарландыру) сенімділігін өз қолымен растайды, көрсетілген контактілерге жіберілген (мекен-жайы) хабарлама орынды және жеткілікті болып саналады.

      8. Дауларды қарау тәртібі

      28. Осы шарттан немесе оған байланысты тараптар арасында туындауы мүмкін даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізбеген жағдайда - сот тәртібімен шешіледі.

      8. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктік деректемелері

      ЖАЛҒА БЕРУШІ: ЖАЛҒА АЛУШЫ:

      Басшы_______________________ _________________________

      (жалға берушінің атауы)

      ____________________________ _________________________

      ____________________________ _________________________

      (орналасқан жері) (жалға алушының атауы мен орналасқан жері)

      _________________________ __________________________

      (қолы) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады