БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), сондай-ақ Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен шығаруды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі – тіркеуші орган) бірыңғай мемлекеттік деректер банкін қалыптастыру мақсатында және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жылжымалы құрамды қайта тіркеу үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке (оның ішінде жеке кәсіпкер) және заңды тұлғаның тіркелген орнын бір қаладан басқа қалаға ауыстыру;
2) заңды тұлғаны қайта атау;
3) тізілімге бұрын енгізілген жылжымалы құрамның мәліметтері өзгерген жағдайда (конструкциялық элементтер, техникалық сипаттамалар, идентификациялық деректер, тіркелген орны), растайтын құжаттары бар жылжымалы құрамды мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кепілі) болып табылады, оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш береді.
Кепілдің мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің нәтижесін, сондай-ақ кепілдің өзге де мәліметтерді қамтитын кепілдің мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, кепілдің мемлекеттік қызметін көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті тіркеу органының қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығы және (немесе) растығы үшін жауапты болады.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және кепілдің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтініш демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа сағат 16:00-ден кейін келіп түскен жағдайда "Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.
Тіркеуші органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, тіркеуші орган осы Қағидалардың 8-қосымшасының 3-тармағынада көрсетілген мерзімде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидалардың 8-қосымшасының 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не кепілдің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап не осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеуші органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Көрсетілетін қызметті алушы тіркелген кепілдің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін қозғалмалы мүліктің кепілін беру жөнінде өтініштерді осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес портал арқылы жібереді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Кепілді мемлекеттік тіркеу, тіркелген кепілге өзгерістер, толықтырулар, тоқтату және жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы шешімді не бас тартуды тіркеуші орган "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11, 13, 16, 17 және 19-баптарына сәйкес қабылданады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Жылжымалы құрам мынадай жағдайларда тізілімнен шығарылады:
1) жылжымалы құрамды есептен шығару, оның қалпына келтірусіз зақымдануы;
2) жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлғаның не дара кәсіпкердің қызметі таратылған не тоқтатылған;
3) меншік құқығын растайтын құжаттың не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг не мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының қолданылуы тоқтатылған жағдайларда жүзеге асырылады;
4) бір жеке не заңды тұлғада бірнеше тіркеуші органдарда тіркелген жылжымалы құрамның қайталануы;
5) мемлекеттік қызмет көрсетілгеннен кейін ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі және (немесе) жарамсыздығы анықталған жағдайда, көрсетілген мемлекеттік қызметті растайтын құжаттардың негізінде көрсетілетін қызметті беруші жояды.";
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2025 жылғы 15 тамыздағы № 269 бұйрығына 1-қосымша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
"Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атаулары |
1) Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу; |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
4 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ресімделеді; қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын қалалық рельсті көліктің көлік құралдарының тізілімінен алып тастаған кезде қалалық рельсті көліктің көлік құралдарының тізілімінен қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын алып тастау туралы хабарлама ресімделеді; немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін: |
11 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
12 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. |
"Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атаулары |
1) Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу; |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары |
4 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік беріледі; жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығару кезінде жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығару туралы хабарлама беріледі; не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы және тегін негізде көрсетіледі. Жүк, жолаушылар, арнайы жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу ақылы негізде көрсетілетін тартқыш, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, тегін негізде жүзеге асырылады. Тіркеу алымы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен жергілікті бюджетке төленеді: |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу үшін: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады. |
бұйрығына 3-қосымша Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 8-қосымша |
"Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атаулары |
1) Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу; |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары |
4 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік тіркеу, өзгерістер, толықтырулар кезінде-жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу, жылжымалы құрамның тіркелген кепілін өзгерту, толықтыру, жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру және тоқтату үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді және:жеке тұлғалар үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); заңды тұлғалар үшін – 5 (бес) АЕК; жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін – алым төленген күнге 0,5 АЕК. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады. |
бұйрығына 4 – қосымша Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына 10-1-қосымша |
Нысан
Тегі аты әкесінің аты
______________________________
(бар болса) (бұдан әрі – Т. А. Ә.)
немесе көрсетілетін қызметті
алушының ұйымның атауы
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш
Мен,________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және тұратын
жері)______________________________________ тұратын мекенжайы бойынша
____________________________________________________________ негізінде
(өкілеттіктерді куәландыратын құжаттың деректемелері)
__________________________________________________ атынан әрекет ететін
(заңды тұлғаның атауы мен деректемелері)
____________________________________________________________________
(уәкілетті өкіл толтырады)
____________________________________________________________________
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын.
№ ____________куәлік, "___" ___________ 20___жыл.
Телнұсқаның берілу себебі:
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Өтінішке қоса беремін:
_________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20____жылғы "___" ___________ _______ (ЭЦҚ)