БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлегінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 21 тамыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. ТЖМ арнаулы оқу орнына күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
ТЖМ арнаулы оқу орнына "Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші" білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағында санамаланған адамдар қабылданады.
Жоғары білімі бар тұлғалар ТЖМ арнаулы оқу орнына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқу үшін қабылдана алады.".
2. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларында:
жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 456 бұйрығымен бекітілген" |
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Даярлаудың білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, оқуға кандидаттарды қабылдау ТЖМ арнаулы оқу орнының және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) аумақтық органдарының интернет-ресурстары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Магистратураға немесе PhD докторантураға оқуға үміткерлер: ағымдағы қызмет орны бойынша ТЖМ орталық аппаратында төтенше жағдайлар вице-министрінің (бұдан әрі – вице-министр) атына, ТЖМ аумақтық органдарында – ТЖМ аумақтық органдарының басшыларының атына, ТЖМ арнаулы оқу орнында – ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының атына еркін нысанда баянат ұсынады.
11. Оқуға кандидаттарды іріктеу үшін іріктеу комиссиялары құрылады. Орталық аппараттағы іріктеу комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен, ТЖМ аумақтық органдарда – ТЖМ аумақтық орган бастығының бұйрығымен, ТЖМ арнаулы оқу орнында – ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Іріктеу комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады. Орталық аппараттағы іріктеу комиссиясының төрағасы болып вице-министр, аумақтық органда – аумақтық орган бастығының орынбасары, ТЖМ арнаулы оқу орнында – ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының орынбасары тағайындалады.
Іріктеу комиссиясының хатшысы болып ТЖМ арнаулы оқу орнының кадр қызметінің қызметкері тағайындалады. Іріктеу комиссиясы кемінде 5 жыл практикалық немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінен жасақталады.".
3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24588 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін тұлғалармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТЖМ білім беру ұйымына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт қабылдау комиссиясының ТЖМ білім беру ұйымының магистратурасына немесе PhD докторантурасына қабылдау туралы шешім шығарғаннан және ТЖМ білім беру ұйымы бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығы шыққаннан кейін жасалады.
Келісімшарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және оған ТЖМ білім беру ұйымының бастығы, магистратураға немесе PhD докторантураға қабылданған қызметкер және қызметкерді оқуға жіберген ТЖМ, ТЖМ аумақтық органдардың бастықтары, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлері қол қояды.
Келісімшарт үш данада қазақ және орыс тілдерінде жасалады, бір данасы жеке іске тігіледі, екіншісі магистрантқа (докторантқа) беріледі, үшіншісі магистрантты (докторантты) оқуға жіберген ТЖМ-ға, ТЖМ аумақтық органдардың, азаматтық қорғаныстың әскери бөліміне, ТЖМ білім беру ұйымына жолданады. Келісімшарттардың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.";
Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
КЕЛІСІМШАРТ
___________________________, (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігінің білім беру ұйымының (бұдан әрі – ТЖМ білім беру ұйымы) атауы)
______________ мекенжайы бойынша орналасқан _______20___ ж. "___" _____
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі берген №_____
сериясы_____ лицензия)
Жарғы негізінде әрекет ететін, одан әрі "ТЖМ білім беру ұйымы" деп аталатын
___________________, бір тараптан және ТЖМ білім беру ұйымының магистратурасына/докторантурасына қабылданған бұдан әрі "магистрант/докторант" деп аталатын тұлға ______ ______ екінші тараптан (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және _______ негізінде және магистранттың/докторанттың (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мүддесінде, әрекет ететін, бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын _______ (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ), ___________ ТЖМ аумақтық органдарының, азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің, ТЖМ білім беру ұйымының атауы) атынан төмендегілер туралы осы келісімшартты жасасты:
1-тарау. Келісімшарттың мәні
1. ТЖМ білім беру ұйымы "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – МЖБС) бойынша магистрантты/PhD докторантты оқытуды ұйымдастыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды;
Шифр және білім беру бағдарламасының атауы: _____________________________
2-тарау. Тараптардың құқықтары және міндеттері
2. ТЖМ білім беру ұйымы:
1) МЖБС талаптарына сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;
2) магистрантқа/PhD докторантқа ай сайын оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы (уақытша атқармайтын) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық жалақы төлеуге міндетті.
3. ТЖМ білім беру ұйымы:
1) Магистранттан/PhD докторанттан осы Келісімшартқа, ТЖМ білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және жарғысына сәйкес міндеттерін адал және тиісінше орындауды талап етуге;
2) магистрантқа/PhD докторантқа оқу және жеке жоспарды орындамағаны, ішкі тәртіп қағидаларын және ТЖМ білім беру ұйымының жарғысын бұзғаны үшін оқудан шығарғанға дейін тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;
3) магистранттың/PhD докторанттың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітілетін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысанын айқындауға құқылы.
4. Магистрант/PhD докторанты:
1) МЖБС көлемінде білім, біліктілікті және практикалық дағдыларды меңгеруге;
2) ТЖМ білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, осы Келісімшарттың жарғысы мен ішкі тәртіп қағидаларын және шарттарын сақтау және орындауға;
3) отбасы жағдайы, тұрғылықты жері, телефоны өзгерген кезде жоғарыда көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы хабарлауға міндетті.
5. Магистратурада/РhD докторантурада оқу кезеңінде:
1) мына бөлімдерден тұратын жеке жұмыс жоспарын орындауға міндетті:
жеке оқу жоспары;
ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есептілік нысаны);
практика (бағдарлама, база, есептілік мерзімі мен нысаны);
негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік/докторлық диссертация тақырыбы;
магистрлік/докторлық диссертацияны орындау жоспары;
ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспары;
2) білім беру ұйымы белгілеген мерзімде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп беруге міндетті;
3) аралық аттестаттаудан өтуге;
4) магистрлік/докторлық диссертация дайындауға;
5) диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсынуға;
6) қорытынды аттестаттаудан өтуге: кешенді емтихан тапсыру, магистрлік/докторлық диссертацияны көпшілік алдында қорғау қажет.
6. Магистрант/PhD докторант:
1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында ТЖМ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын пайдалануға;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға, өз жұмыстарын, оның ішінде білім беру ұйымдарының басылымдарында жариялауға ұсынуға;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін, оқытушылардың дербес құрамын жетілдіру бойынша ұсыныстарды кез келген нысанда (жазбаша, ауызша) енгізуге құқылы.
3-тарау. Ерекше шарттар
7. Тапсырыс беруші магистрантты/PhD докторантын оқытуды аяқтағаннан кейін оқуға жіберілгенге дейінгі лауазымнан төмен емес лауазымға тағайындайды.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
8. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.
5-тарау. Дауларды шешу тәртібі
9. Осы Келісімшартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды тараптар өзара қолайлы шешімдерді әзірлеу мақсатында тікелей қарайды.
10. Тараптардың келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу арқылы шешілмеген мәселелері Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шешіледі.
6-тарау. Келісімшарттың қолданыс мерзімі, талаптарды өзгерту және оны бұзу тәртібі
11. Осы Келісімшарт тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оқуды аяқтағаннан кейін ТЖМ, ТЖМ аумақтық органдарында, азаматтық қорғаныс әскери бөлімінде, ТЖМ білім беру ұйымында үш жыл жұмыс істегеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
12. Осы Келісімшарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.
13. Осы Келісімшарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде 3 данада жасалады және ТЖМ білім беру ұйымына, магистрантқа/PhD докторантқа және ТЖМ/ТЖМ аумақтық органдарына/азаматтық қорғаныс әскери бөліміне/ТЖМ білім беру ұйымына бір-бір данадан беріледі.
ТЖМ/ТЖМ аумақтық орган/
азаматтық қорғаныс әскери бөлімі/
ТЖМ білім беру ұйымы:
е/ш _____________________________
БСК ____________________________
БСН ___________________________
Мекенжайы
________________________
_______________________ бастығы
ТЖМ білім беру ұйымы:
Банктік деректемелер:
ЖСК ______________________________
БСК ______________________________
БСН_______________________________
16-код ___________________________
Магистрант/докторант:
Т.А.Ә (болған кезде)__________________
Жеке куәліктің № _______________________
ЖСН ___________________________________
Мекенжайы______________________________
____________________________________
Телефоны___________________________
Электрондық поштасы____________________
Магистрант/докторант
Білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиямен, Ішкі тәртіп қағидаларымен, осы Келісімшартпен таныстым
_____________________________________________________________
(магистранттың/докторанттың қолы)".