"Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11-1-4/104 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 7 тамыздағы № 11-1-4/475 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 тамызда № 36595 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11-1-4/104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35754 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулы – өңірлік инвестициялық штаб шешімімен бекітілген критерийлерге сәйкес болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшеріне дейінгі, бастамашылары жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) болып табылатын, экономиканың барлық салаларында іске асырылатын және пысықталатын инвестициялық жобалардың тізбесі;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру және жүргізу ҰЦИП шеңберінде автоматты режимде инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпыөңірлік пулдарына енгізілген инвестициялық жобалар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпыөңірлік пулдарын қалыптастыру 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығымен бекітілген Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32910 болып тіркелген).";

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер Министрінің м.а.
А. Рахметуллин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады