"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың саны туралы есеп нысаны" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2025 жылғы 5 тамыздағы № 429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 тамызда № 36594 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың саны туралы есеп нысаны" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
Б. Жакселекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің Ұлттық

      статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2025 жылғы 5 тамыздағы
№ 429 Бұйрыққа
қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/adilet мемлекеттік органдардың бірегей платформасы.

      Әкімшілік нысанның атауы: Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың саны туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ИС-1 нысаны.

      (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық атауы)

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20 __ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін.

ЖСН/БСН





      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке сауал салуы кезінде): бірмезгілде қағаз жеткізгіште және электронды түрде электронды құжат айналымы ақпараттық жүйесі арқылы.

      "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

Көрсеткіштің атауы

Саны/ бірлік

1

2

3

1

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың жалпы саны


2

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен есептік кезеңде жасаған лицензиялық шарттардың саны


3

Есептік кезеңде мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен бұзған лицензиялық шарттардың саны


      Атауы _______________________________________________________

      Мекен-жайы__________________________________________________

      Телефон _____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________

      Орындаушы __________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға______________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      Ескертпе: "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың саны туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға сәйкес қосымшада жазылған.

  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдар пайдаланушылармен
жасаған лицензиялық
шарттардың саны туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған
нысанға қосымша

"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

  (Нысан ИС-1, жылдық)

      1. Осы түсіндірме "Құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.

      2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың санын анықтау болып табылады.

      3. Нысанды құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым қызметкері толтырады.

      4. Нысан келесідей толтырылады:

      1-жолдың 3-бағанында ұйымның пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың жалпы саны көрсетіледі;

      2-жолдың 3-бағанында есепті кезеңде ұйымның пайдаланушылармен жасаған лицензиялық шарттардың саны;

      3-жолдың 3-бағанында есепті кезеңде ұйымның пайдаланушылармен бұзған лицензиялық шарттардың саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады